Поэзия өлеңдер Қазақша🇰🇿


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


Поэзия оқуға қызығушы жастарға арналған арнамызға қош келдіңіз.Арнамызда өлеңдер және оқу үшін фон музыкалар барлығы сіздер үшін🇰🇿
@uska_agay сұрақтар бойынша😊
Инстаграм арнамада тіркелші😊👇
@ozanchik03

T.me/poeziya_muzika

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


Сезім терең теңіздей толқып жатыр,
Жүрек үнсіз үмітпен алға бастар.
Қайық болып армандар жүзгенімен,
Шыға алмаймын сол мұңның жағасына.

Айлы кеште жұлдыздар сырын айтсын,
Көңілімнің құпия әнін айтсын.
Махаббаттың мұңы да бақыт болып,
Жүрегіме үміттің шамын жақсын.

Қара бұлттар бір күні сейілсін деп,
Армандарым алысқа жайылсын деп.
Сүю барда, мұңмен де келісемін,
Сезім менен үмітім қайырылсын деп.

(с) Ақшабай Шұғыла




Сіз біздері жарасқан біз екеуміз!

Сіз біздері жарасқан біз екеуміз,
Бірін-бірі табысып, іздегенбіз.
Сырлы сезім қаптаған жүректерде,
Мәңгі бірге болуды тіледік біз.

Сіз біздері жарасқан, ай мен күндей,
Қараңғыны жарықпен бөліскендей.
Қос ғаламның сыры бар жанарымыз,
Бір жолды бірге кешіп көріскендей.

Сіз біздері жарасқан үнсіз үнде,
Әр сәтіміз ұқсайды биік түнге.
Сен мендегі жылуым, жүрек күнім,
Біз екеуміз — әлемді сүйеміз бе?

(с) Ақшабай Шұғыла


Ұйықтай қалсам түске енесің,
Шарықтайсың самғап құсым.
Қол басындай кішкенесің –
Қорғасындай салмақтысың.
 
Жүздік біздер кемеше өрге,
Кемеше өрге көсілемін.
Күттірейін демесем де,
Ылғи дағы кешігемін.
 
Атқан таң боп, батқан күн боп,
Сейілмеді-ау тұман, сірә.
Бұған қайдан тап болдым деп,
Өкінетін шығарсың, ә.
 
Не десең де көнем бүгін,
Жолықпайық қайта деші,
Өкіндірмей сені, еңлігім,
Өле қалсам қайтеді осы?

(с) Есенғали Раушанов


Бойынан шатақ мінез байқалмайтын,
Кысылса да өтірік айта алмайтын.
Жарым болса деп журмін бойұсынып,
Еріне артық жауап кайтармайтын.

Таршылыкта тарылмай сабыр дейтін,
Қонақ келсе керсетер тәуір кейпін.
Өзі ханшайымдай боп ғұмыр кешіп,
Ерін патшадан биік қадірлейтін.

Иманы мен акылы толығатын,
Шариғаттың заңдарын мол ұғатын.
Бес күндікте акырет камын ойлап,
Бес уакыт Раббысымен жолығатын.

Отбасыма береке алып келер,
Кудікті іс кылмайтын кауіптенер.
Салихалы жубайым болса деймін,
Хақын өтее Жаннатқа бағыт берер

Нәзік дер ем бүршігі атқан гүлден,
Дидарын ысырмайтын хақтан мүлдем.
Жарым болса деп журмін, жарым болса..
Арын корғап ері ушін сақтап жүрген!
#ЕрболЖұмахан
#2019🖊️


Шарасыз жандай бір жанды мың ойлап басым,
Ұйқы да келмей, түндігін түн ай жапқасын.
Мен оны жансыз тастан да қызғана бердім,
Жүзінде сондай сүйкімді шырай жатқасын!

Ол қараған айнаның өзі де әдемі,
Әппақ ниетін еш пенде (ы)лайлатпасын.
Сезімнің артын төзімге жалғаған күні,
Жалғанды сөктім, басымды шыр айналтқасын.

Айта алмай, солай іштегі дертіме айналды,
Арамызда біршама жыл,ай жатқасын.
Құдайға деген махаббат болмаса, егер
Енді бұндай сүюден Құдай сақтасын!

(С)Ербол Жұмахан


Forward from: 𝚃𝚊𝚗́ 𝚂𝚑𝚊𝚙𝚊𝚐𝚊𝚝𝚢☀️
Авторы: Құралай Омар
Оқыған: Шапағат Ерғалиқызы
@shapagat_erga1iqyzy


Қалың ойға жиі кеп жиі кетем
Соңғы кезде жырдыңда күйі бөтен
Жыр жазуың шерленіп сары уайым
Жыр жазбауда әкеңнің қиын екен

Күнді де көпсінеді таң қиялмай
Күннің көзі үшінде жан қиярдай
Жанар жерде өшкен мін, жабыққанмын
Дұрыс жазған жырымды оқиялмай

Жанымды жеп жатсада күмән қайғы
Қуаныштан жазылса жыр оңбайды
Дос жоқ қой сыр айтатын,Дос дисіңбе
Күні түссе өздері звандайды

Ақын айтса алаңсыз алда ақылын
Аз нанына алданба алматының,
Таппағында мақтағам біреулердің
Сырларында сақтағам салдақының
Жығылғанды жер ден ап өзімдегем
Ақыр соңы опығын өзім жегем

Иттік қылсам өзгеге ,қинайды арым
Мақтағанмын амалсыз қимай бәрін
Алдыма кеп алаңсыз оқушы еді
Өлең емес ,өтірік шимайларын

Жалған құрбы ,жаным-ау жалған өмір
Жоғалсыншы бәрінен қалған көңіл
Өмір деген базарда өлімсіми
Жүргізіп қалсаң болды саудаңды бір

Көктем келсе көңілден жаныңды ашта
Құшағыңды жая түс қарындасқа
Жалғандыққа жарыған бұл өмірде
Қылықты қыз қырқынның орны басқа

Аймаханов Ерсін


Саған мына,
Қайтадан ғашық болып, сүйіп қалсам,
Сен десе болды өлердей күйіп жансам.
Сенен қалған тәп-тәтті естеліктің,
Тым болмаса бір бөлшегін қиып алсам.

Саған мына,
Қайтадан бағым деп айталсам ғой,
Сенің тәтті күлкіңді қайтарсам ғой.
Сені мен көргенімде желілерден,
Тарам-тарам шумақ боп, жайқалсам ғой.

Сені мына,
Қара торы өз үйімнен көрсем деймін,
Сенімен жақсы жаққа жол сермеймін.
Саған жазған өлеңдерді мәз боп оқып,
Бір жастықта қартайып, өлсем деймін.

Шіркін менің, сол мақсатым орындалса,
Көңіл ғажап болады, өмір қанша.
Мен сен жайлы жаратқанға айта берем,
Жаным менің бұл өмірден жоғалғанша.


Білесің бе не екенің сезімнің,
Сол жанды ойлап таң атқанда көз ілдің.
Ол басқамен бақытты боп жүргенде,
Сен оны ойлап іштей күйіп езілдін.

Білесің бе, не екенің сезімнің,
Жан досына айналасың төзімнің
Бастан өтсе түсінерсің төркінін,
Мағынасын түбі мына сөзімнің.

Махаббатың білесің бе, алауын,
Бола бермес әр кезде өз қалауын,
Жарыс болса жаралаудан жүректі,
Болар едім көтерген жеңіліс жалауын.

© Дәулетқызы Перизат




Forward from: 𝚃𝚊𝚗́ 𝚂𝚑𝚊𝚙𝚊𝚐𝚊𝚝𝚢☀️
Дүниең бар болса қимастық,
Түкте емес қадірің-бағаңда!
Сезімнің бастауы-сыйластық,
Сыйластық кемде-кем ғаламда.

Сүйем деп алдайды өздерін,
Сезімі жалған боп шығады.
Жүрегін ойыншық қып өзгенің,
Мәңгілік бақытсыз қылады.

Ғашықтар сапта тұр дәлелде-
Аңызда, дастанда қаншама.
Адалдық жоғалған әлемде,
Махаббат табам деп шаршама!

©Шапағат Ерғалиқызы🖋

#өлең


Сен мені ойламадың,
Түнімен сен болдыңғой, ойлағаным.
Сезімің жоқтығы маған деген.
Жаныма мұң болдығой сыйлағаның

Ақындар ізін күшті қылып жазып беріңіздерші🥹


Forward from: Қазақша әдеби кітаптар
Ал ақындар жалғастырамыз:

Сен мені ойламадың,
Түнімен сен болдыңғой ойлағаным.

Жас ақындардан жалғасын күтемін🥹❤️




Санамды кеп таяқтайды сан мұңды ой,
Сосын айтам:
— Жә, Хайыры! Тағдыр ғой!
Қуанышқа ортақтасар адам көп,
Жұбататын адам таппай қалдым ғой.

Күрсіністен өксігенде шер кеудем,
Бақ табатын ертеңіме сенгем мен.
Жанашырым болса ғой деп ойладым,
Жан көрмедім жалғыз өзі емделген.

Қай күрсініс ұрлап қойды күлкімді,
Жасым келіп жанарыма іркілді.
Көз көргеннің барлығымен күлісіп,
Өлетіндей болып жүрмін біртүрлі.

Санамды кеп таяқтайды сан мұңды ой,
Сосын айтам:
— Бәрі жақсы, тағдыр ғой.
Жылар едім құшағында бір жанның,
Тек жұбатар адам таппай қалдым ғой.


Бұлдыр-бұлдыр
өткен шағым — елес күн,
Пендемін ғой, мен мәңгілік емеспін.
Менің майшам ғұмырымда тұтанған,
Сенен басқа түсінбейді мені ешкім.

Жаным жылап,
іңгәлаған сәтімде,
Бағасыз боп хакімің кім, ақыл не?
Менің қысқа ғұмырымда қамшыдай,
Сүйген өзің, жіберместен дәтің де.

Менің қысқа ғұмырымның бағасы,
Жазылмаған жүрегімнің жарасы.
Батылыңның жеткенін де білемін,
Ақыныңның жетпей жатыр шамасы.
кешірші…

Жалт-жұлт етіп ажал атты үкімім,
Атқақтайды жүректегі лүпілім.
Мен сопылық қылмағанмын туғалы,
Бірақ, сені сүйемін ғой, Шүкірім.

Сағым-сағым,
сарғаятын сағым мұң,
Сопылықтан, соқпағымнан жаңылдым.
Бұл Алматы сағынады көктемін,
Мен де сені сағындым…

Сүйем деген сөзім қалған естегі,
Менің жаным өзің үшін не істеді?
Миғражда мұғжиза боп барар ем,
Бара алмаймын, кеш мені.

Мынау менің қай ғұмырым,
нешінші?
Сезімдерім не бақытты, не сыншы…
Сені мәңгі сүйер едім, амал жоқ,
Менің жасым мәңгі емес қой…
кешірші…


Ей, Ажал!
Сен мені аларда ескертші!
Мені алшы құмарым, құшырым қанғанда,
Ғаламнан жалғыз ұшыну қалғанда.
Мына лас әлемнің дағын кетіріп,
Тап-таза кәусармен ғұсылымды алғанда.

Мені алшы бойдағы асылы кеткенде,
Ал жаным жаһаннан тәсілім еткенде.
Мені алшы Каспийдің ернеуі суға,
Толғанда жамырап тасуы көктемде.


Ара-тұра өзімді “ұлы ақын” деп еркелетіп тұрамын. Бірақ, сол сөзді өзіме айтқан сайын еңсемді зіл басатын. Қандай ауыр атақ еді?…

Ақындар өлген кезде халықтың жаппай өлеңдерін оқып кететін әдеті бар емес пе? Содан болар, “ақынмын” деген әр бейбақтың өлімге асық болатыны.

Шанда-шанда жан-жағымнан:
— Сенің мына өлеңің ұнайды.
— Мына өлеңіңді жаттап алдым.
— Мықтысың ғой,— деген сөздерді естіп, қомпаңдап қалатыным бар.

Ертең мен өлгенде бір дәуір көшетіндей мұра қалады ма? Өлеңдерімді халық аузынан тастамайды ма? Алматының бір бұрышынан көше беріледі ме екен, тым құрығанда автобуста:
— Следующая остановка «Аскербаева 39» — деп хабарлап тұратын.

Мүмкін ауылыма мүсін тұрғызар, мектеп атын берер. Болмаса, бір бұрыштан кабинет бөлер.

Сонда біздің алар ақымыз осы ма?


Мен өлгенде…
Әрі кетсе ұзыншақ даңғыл қалар,
Бір ақыннан шимайлау тағдыр қалар.
Бәрі бітіп жалғаннан, содан кейін…
Содан кейін… сағынған жаңбыр қалар.

Жаңбыр қалар содан соң нөсерлеген,
Қалам қалар, өлеңге төселмеген.
Мақсатына жетеді сол бейшара,
Көк аспанға ертерек көшем деген.

Ай толады, содан соң жыл жылысып,
Бір гүл өсіп шығады, бір гүл үсіп.
Содан кейін ақынның өлеңдері,
Көкке қарай кетеді бұлбұл ұшып…

Біліп тұрып жүрегі жаншыларын,
Көкке төгіп кетеді тамшыларын.
Ақындарға жарасып қала берер,
Көрде жатып қарсы алу таң шуағын.


Жырыма тұрған жиып тың әнін,
Балдан да тәтті құйып бұлағын.
Кеудемнен қанша итергеніңмен,
Мен сені, жаным, сүйіп тұрамын.

Сезімнің шекер татып бал әнін,
Өзіңді ойлап жатып қаламын.
Сүймесең, мейлі, өкпелемедім,
Сүюден сені бақыт табамын.

Үніңнен сиқыр құлақ тұнады,
Түнімнен жұлдыз құрап тұрады.
Ренжітсең, мейлі, мені қаншама,
Ренжіткенің де ұнап тұрады.

Мысың да мені басып тұрады,
Көңілім тағы жасып тынады.
Үлбіреп тұрған қызыл ерінің,
Күлдіріп мені ғашық қылады.

Махаббат десе биік ғаламым,
Өзіңді ойлап ұйықтамадым.
Көзіңе қарап қалған кезімде,
Алғаш көргендей сүйіп қаламын.

Жетсем деп, сірә, үміт қыламын,
Жүректі қинап, бүлік қыламын.
Мұңайсаң егер қуанту үшін,
Жылап тұрсам да күліп тұрамын.

Осылай мені жылатады өлең,
Жанардан тамшы құлатады өлең.
Қинасаң дағы мені қаншама,
Неліктен сені ұната берем?

Сағынсам Күнге қарап қаламын,
Мен қанша жырды парақтамадым?
Жауапсыз болған махаббатыма,
Бір күні мен де жауап табамын…

20 last posts shown.