ЖҮРЕКТІҢ ЖЫРЫ...
Жүректің жырын жаза алмай келем жабығып,
Жүдеттің, күнім,
жанымды менің жауратып.
Жалғанда мынау
жалғыздығымнан арылып,
Жадырап жүрген бейнеңді көрсем — сол бақыт!
Мейірім тұнған мақпал сезімнен мән ұғып,
Мәңгілік құшып,
мәпелеп ,сүйіп, ұнатсақ...
Мөлдір ғаламда
мұнарлы мұңға малынып,
Махаббатыңнан айырылып қалу — бір-ақ сәт!
Мұқағали ТАШКЕНОВ
#өлең 😍🔥