Сүйген жан соқыр көзді – көрмейді алдын,
Менде сол бір үмітім өлмей бардым.
Есімде…көптен күткен кездесуге,
Сен бірақ келмей қалдың…
Сол күні ұялым да үндемеді,
Сол күннен бастап мені мұң демеді.
Есімде…аппақ сезім айғыз жас боп,
Ақ көйлек кірлеп еді…
Сендегі бөтен екен арман, сенім,
Бөтенге бар сезімің арналса – өлім!
Жоқтығын адалдықтың білгенде ғой,
Ақ көйлек алмаушы едім.
Жадыра Байбұланова
Менде сол бір үмітім өлмей бардым.
Есімде…көптен күткен кездесуге,
Сен бірақ келмей қалдың…
Сол күні ұялым да үндемеді,
Сол күннен бастап мені мұң демеді.
Есімде…аппақ сезім айғыз жас боп,
Ақ көйлек кірлеп еді…
Сендегі бөтен екен арман, сенім,
Бөтенге бар сезімің арналса – өлім!
Жоқтығын адалдықтың білгенде ғой,
Ақ көйлек алмаушы едім.
Жадыра Байбұланова