Аспаннан құлаған ақ қарды,
Жасаған кіршіксіз Хақ мәңгі.
Сарғайып сағындым тағы да,
Ақ қарға аунаған шақтарды…
Табиғат жасаған сый шығар,
Суретке қара да сүйсін ал.
Қауырсын секілді ақ ұлпа,
Иріліп түсетін биші қар…
Бала шақ, түспеген көзге мұң,
Өмірдің көрмеген өзге өңін.
Ақ қарға шалқадан жатып ап,
Періште жасайтын кездерім
Беруге дап- дайын Хаққа өзін,
Ол кезде шаттықта, бақта өзім.
Күнәні жасамақ түгілі,
Не екенін білмейтін пәк кезім…
Жанымды мұң қазір жасытқан,
Не хайыр жаманнан, жасықтан.
Ессіздік екен ғой менікі,
Ер есек болуға асыққан
Қу нәпсім басымды арбаған,
Мендегі ұждансыз жан надан.
Дәл қазір мендегі өмірде,
Қардан ақ дүние қалмаған.
Төкседе ала таң шапағын,
Оқталам жоқ бірақ атарым.
Қар көрсем қуану орнына,
Осы күн көп мұңға батамын.
Аңсаумен қайрылмас шақты өткен,
Күтумен басыма бақ көктен.
Періште кейпімді сағындым,
Ақ қардың үстінде қап кеткен.
Жасаған кіршіксіз Хақ мәңгі.
Сарғайып сағындым тағы да,
Ақ қарға аунаған шақтарды…
Табиғат жасаған сый шығар,
Суретке қара да сүйсін ал.
Қауырсын секілді ақ ұлпа,
Иріліп түсетін биші қар…
Бала шақ, түспеген көзге мұң,
Өмірдің көрмеген өзге өңін.
Ақ қарға шалқадан жатып ап,
Періште жасайтын кездерім
Беруге дап- дайын Хаққа өзін,
Ол кезде шаттықта, бақта өзім.
Күнәні жасамақ түгілі,
Не екенін білмейтін пәк кезім…
Жанымды мұң қазір жасытқан,
Не хайыр жаманнан, жасықтан.
Ессіздік екен ғой менікі,
Ер есек болуға асыққан
Қу нәпсім басымды арбаған,
Мендегі ұждансыз жан надан.
Дәл қазір мендегі өмірде,
Қардан ақ дүние қалмаған.
Төкседе ала таң шапағын,
Оқталам жоқ бірақ атарым.
Қар көрсем қуану орнына,
Осы күн көп мұңға батамын.
Аңсаумен қайрылмас шақты өткен,
Күтумен басыма бақ көктен.
Періште кейпімді сағындым,
Ақ қардың үстінде қап кеткен.