Мен сені сағындым
Сырларын ақтарған көздерің,
Жадымда сақталған сөздерің.
Әлі де есімнен шықпайды,
Қолымнан ұстаған кездерің.
Аз уақыт бақытқа бөледің,
Бойымды жылытты өлеңің.
Ойларың таулардың шыңындай,
Биіктен көрінсе деп едім.
Сондықтан өзіңмен қоштастым,
«Жалғыздық» сырласпен достастым.
Бірақта, көндікпей жүрегім,
Кейпінде, керексіз бос тастың.
Бұзуға жоқ енді амалым,
«Өкініш» тұрғызған қамалым.
Тұншығар жүректе сағыныш,
Әуенмен тербелер қаламым.
Сырларын ақтарған көздерің,
Жадымда сақталған сөздерің.
Әлі де есімнен шықпайды,
Қолымнан ұстаған кездерің.
Аз уақыт бақытқа бөледің,
Бойымды жылытты өлеңің.
Ойларың таулардың шыңындай,
Биіктен көрінсе деп едім.
Сондықтан өзіңмен қоштастым,
«Жалғыздық» сырласпен достастым.
Бірақта, көндікпей жүрегім,
Кейпінде, керексіз бос тастың.
Бұзуға жоқ енді амалым,
«Өкініш» тұрғызған қамалым.
Тұншығар жүректе сағыныш,
Әуенмен тербелер қаламым.