🚚
85 тонна артық жүк: Жамбыл облысындағы дау шешілді
🔵Көліктік бақылау инспекциясы ауыр салмақтағы жел генераторларының бөлшектерін тасымалдайтын
«М нефтьСервис» ЖШС көлік құралдарын өлшеу кезінде тиелген жүк мөлшері
85 тоннаға артық екенін анықтаған. Бюджетке түсетін қосымша қаржы
26 млн 850 мың теңгені құрады.
Ал тасымалдаушы бұған келіспей, өлшеу рәсімінен бас тартып, БАҚ-та шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратқан.
Осыдан кейін Бас көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен ауыр жүкті қайта өлшеу жүзеге асырылды.
Көліктік бақылау нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы
22 хаттама толтырылды:
*️⃣1) арнайы рұқсаттағы салмақ параметрлері
85 тоннаға асқаны;
*️⃣2) жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін бұзуы;
*️⃣3) лауазымды адамдарға жұмыс барысында кедергі жасау;
*️⃣4) халықаралық тасымалдауға рұқсат картасының болмауы.
❗️Ведомства жүк тасымалдаушыларды салмаққа қатысты талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Және ережені бұзу жолдың мерзімінен бұрын тозуына әкелетінін ескертті.📺
@qazaqstantv