🎄Жаңа жыл мерекесі күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы үш тәуліктегі ауа райы болжамын жариялады.
🌨Республиканың басым бөлігінің ауа-райына Скандинавия түбегінен келетін циклон әсер етеді.
Ауа райы құбылмалы болады, еліміздің солтүстік батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауып, боран соғады, 1-2 қаңтарда қатты екпінді жел соғып, батыста, оңтүстік батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік шығысында қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады.
31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік шығысында таулы аймақтарда нөсер жаңбыр, қалың қар жауады деп болжанып отыр. Республика аумағында жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал.
❄️Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде батыста -5 +5 градус, күндіз -3 +10 градус, солтүстік батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус суық, күндіз +7 -2 градус, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус суық. Ал оңтүстікте, оңтүстік шығыста температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды.
📺@qazaqstantv