Posts filter


Маған көмек кк🗣️

Астанада гитарамен ән айтатын таныстарыңыз бар ма ?

Болса инстаға жекеге жазсаңыздар🫀


Өз адамыңды ізде

Ықыласты, қайратты, бақытты адамдарды ізде. Олар жұлдыз секілді, басыңды көкке көтермейінше - көре алмайсың. Жұлдызды аспанға қарап тұрып түсінесің - олар сондай көп. Өз адамыңды ізде.

Оның да жаны сенің жүрегің ауырғанға ауырады. Сен қорыққаннан қорқады. Оның басына да қара түнек орнаған, өз қателігі мен жүйкесі сыр берген сәттері болған. Сол үрейді жеңіп, өмірге көңілді ырғақ беріп, жаңа жолға түсіп отырады. Жақсыны да, жаманды да көрген. Ешкімнің ештеңесін қызғанбайды, өмірге шағымданбайды. Өмірдің сыйын алғыс айтып қабылдайды, жолы болғанда өзін жақсы көріп кететіні бар.

Адал әрі шыншыл жандарды ізде. Ашуы мен көз жасын екіжүзділігі мен жалған күлкіге жасырып, бармағын ішке бүгіп қалмайтындарды ізде. Сенің адамың ойлағанын жалтақтамай айтады. Кейде жаныңа тиіп кететін сөз де айтар. Бірақ дұрысын айтады. Сен үшін ынты-шынтысымен қуанатын, күлсе ішек-сілесі қатып, еркін күлетін адамды ізде. Мінезін жасырмайтын, еркін адамды ізде.

Әр уақытта жақсы көріп тұратын адамыңды ізде. Сені қанша күту керек болса, сонша күтетін, сезімің оянғанша көңілін басқаға бұрмайтын адамдыңды ізде. Екеуің екі көл болып, үлкен теңізге айналатын адамыңды ізде.

Өн бойынан өмір тасып жатқан адамды ізде.

Дауысы сыңғырлап, жаныңды баурайтын адамды ізде. Бетіндегі әжіміне дейін ыстық болатын адамды ізде. Олар кейде балаға ұқсап кетеді.Өмірге сенеді. Адамгершілікке сенеді. Бірақ ақ пен қараны айнытпай таниды. Іздей бер.

Басыңды көтеріп көкке қарауды ұмытпа.

(авторы белгісіз)
жазба Шынар Әбілданың парақшасынан алынды.


Бақыт - сенің ертеңіңе
Елеңдесе бір адам.
Сен сенетін ертегіге
“Сенем” десе бір адам!

©️Л.Құндақбай


Көзіңмен көрген әр жақсылыққа жүрегіңмен шүкір ет.


Қолыңа қарама, жүрегіңе қара.
Шүкірлік сол жерде болады.


Өлеңді сезініп оқитындарды ұнатам❤️


Жыртыңдамай жыр тыңдаңдар деп қоясың ғо)


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Ерте өскен гүлден қорқамын,
Аязға ұрынады-ау деп
Мезгілсіз жұлынады-ау деп


Өлең жүктемегелі біраз болыпты🤍


Сені қалай сағындым?
Жаз секілді !
Сағынар жан барына мәз секілді.
Сағынышты мендегі тауысуға
Сағыну деген түбір аз секілді…!

Сені қалай сағындым?
Күз секілді !
Сенің атың жүректе із секілді.
Сан ғаламды шарласа ешбір ғашық
Сағына алмайтындай біз секілді…!

Сені қалай сағындым?
Қыс секілді !
Сағынышым өлшемнен тыс секілді.
Сағынам да соныма ұяламын
Сағынуды білмейтін қыз секілді…)

Сені қалай сағындым?
Көктем болып !
Аспан тұр, мен үшін жас төккен болып
Сен мені сағындың ба? деймін дағы
Маған келсе қаламын өктем болып

Сені қалай сағындым?
Жүрегіммен !
Дұға оқимын қол жайып, гүл ерінмен.
Сен жайлы сөз естілсе жан дір етер
Сенің даусың естілсе күлемін мен

Жанымды нұрға бөле, гүлдет мейлі
Жанымда болғаныңа дым жетпейді
Айтуға саған деген сағынышты
Ешнәрсе дей алмаймын…
Тіл жетпейді

Сені қалай сағындым?
Сағынбадым

ЯАН


Ақшаны ұсақ-түйекке шашу - үлкен армандардан бас тартумен тең.

Напалеон Хилл


Маңайдағы адамдардың махаббат тіліне мән берсек өмірді сүру анағұрлым жеңіл және жылы болушы еді💛


Махаббат тілі

Әр адамның махаббат тілі барын білеміз ғой. Ата-ананың махаббат тілін біз, балалар, кейде түсінбей жатамыз.

“тамағыңды тойып же", “қалың киін”, “ұйқыңды қандыр” деп ата-анамыз болған соң айтады, міндетті* деп ойлаймыз. Бірақ олардың махаббат тілі осы нәрселер.

Оны дәл солай махаббат деп түсінуіміз керек.

Мен сені сүйем деген адамға, әдетте, «бопты» дей салмаймыз ғой.

Ата-анамыздың да дәл осы сөзді жеткізгісі келетін синоним сөздеріне «өзім білем, иә іштім, неге айта бересіздер?, мен бала емеспін ғой» деп айтсақ көңіліне тиетіні хақ.




Өлең, мен сені аялап өтем…

Дара күндерімнің,
нала түндерімнің
серігі болғаның үшін,
сенімі болғаның үшін
мен сені аялаймын.

Біреудің пасықтығынан,
біреудің жасып мұңынан,
жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.

Біреудің күлкісін көріп,
бақыттының түр-түсін көріп,
шаттанып қалған шағымда,
жеткендей арман-сағымға,
қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.

Ажалмен айқасқан сәтте
қыршын жас көз ілгенін көріп,
өткінші сезімдерді көріп,
кешегі "доспын" дегеннің
минутта жерінгенін көріп,
кімнен өшімді аларымды білмей,
кімдерге кінә тағарымды білмей,
алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем.

Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем!

Фариза Оңғарсынова


Қазақ жастары арасында танымайтын тарихын жеккөретіндер көбейіп жатыр. Сол менің жүрегіме бататыны бар.

#түсінгентүсінді




түйін:

•Дұға - мұсылманның қорғаны
•Қарғыс алма, алғыс ал
•Адамның күні адаммен

•Жақсылық жасауды ата-анадан бастайық✨


***

Адамның күні адаммен…💕

Анаммен Ташкентке сапар

Түнімен уайымдағаным осы еді. Анам қатты күтті. Көңілін көктем етуге үлес қоспасам да кем етіп қоймасам екен деп қатты ойландым. Әншейінде ешкімге ештеңе демейтін мен, осы жолы бәріне мың сұрақ қойып шықтым. (Ташкентке байл.) Біліп тұрған сұрақтарымды да қоя бердім. Бәлкім, білетінім жалған шығар деп…)

Алла қарасты. «Жолымыздан тек жақсы адамдар жолықса екен» деген едім. Дәл солай болды.

Көлік жүргізушісі күні бойы жанымызда жүрді. Әрине, ақысын төледік. Бірақ ол кісі өзі ниет білдірді. +көп сәулелі әңгімелер айтып, көңілімізді көтерді.

Тамақтану орындарында да таксист ағайымыз жағдайымызды жасап, бәріне бізді жақсылап күту керектігін айтып жүрді.

Сансыз шүкір✨🪄

[Алладан осы кісіге жақсылық, отбасына амандық пен береке, өзіне ұзақ та мазмұнды ғұмыр тілеймін]

20 last posts shown.