Posts filter


Екі сауатты да саналы адамның подкасты




Қазір жазба жазатын жер көп, иә😅




Күн сайын жұмысқа барар және қайтар жолда көшеден көрген зәулім ғимараттар, салтанатты үйлер, бір-бірімен шаруасы жоқ адамдар.

Іштей ризашылық сезімі жиі болады. Қандай сұлу! Менің қолымнан келді! Мен осы көріністі күнде көргім келген! Көрдім! Мен осы мекенде жүргім келген! Жүрмін! Қалауыма жете алдым! Ару жарайсың! Шетел де түк қиын емес! Бір әуп десең онда да табаныңның ізі өшпестей қалады! Арманда! Тағы арманда! Биік арманда! Сен! Әлемге сен! Арманыңа сен !

Деген терең де таза қиялдар🥺💙


Астана - арман қала💓🫧


Тредс деген жақсы болды. Ол жерде тиктоктағыдай ойдан-қырдан қашқан пікірлер емес, сауатты да саналы ойлар, субъективті пікірлер жазылады екен.

бірақ мен таң азанымен бірдеңе жазып едім. Ұрыс естіп қалдым. Бірақ сонда да бәрі сауатты жазғанға сабырлыыы боп жымиып отырмын☺️


Кто слишком часто оглядывается назад, легко может споткнуться и упасть.
«Триумфальная арка»
Э.М.Ремарк


Өлеңімді оқыдым✨


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Қазақ радиосын бұрын естіп-ақ өскен соң армандаушы едім. Мен де сонда болсам ғой, жүргізуші болсам әлде қонаққа барсам деп.

Сондай әдемі жаңалық❤️

Тағы бір ой: Қазақ радиосында бәрінің даусы қалай әдемі? Қандай күшті деуші едім✨

Өлеңдерім Қазақ радиосымен оқырманға жол тартпақ. Шүкір🤲🏻




.


Төлен атаны(Төлен Әбдік) қанша көрсем де неге суретке түспеген екенмін деп ойлап отырмын.

Тек айтқан әңгімелерін естігеніме мәз боп отыра берсем керек. Әсіресе осындай ірі кісілердің алдында осы заманның жалт-жұлт жылтырақтарын көрсетуге ұялатыным бар)

Сол оймен әсерлі әңгімелерін үзгім келмей қалауымды ішімде сақтағанға ұқсаймын.

Бірақ енді көрсем сөзін бастамай тұрып суретке түсіп алғым келеді.

(p/s: Шымға ата келіп бәрі стористе мақтанып жатқанын көріп атаны қызғанып отырғаннан туған ой)


Өлеңді жақсы көретін;

Астанада тұратын;

Сенбі күні кешке қолы бос;

әрбір жанды осы кеште күтемін☀️


Менің ішімде бір әже отырған секілді

Екі сөзімнің бірі ойбай, піссіміллә, ассалаумағалейкүм, бәрекелді, пах шіркін, еей Тәңір ай

ол ол ма

мен сөмкеме орамал салып жүрем, дәрі-дәрмек және барбарис кәмпиттер де бар. Үстімнен құрттың иісі шығатын бопты(Шымнан ұшып келерде 3-4 құрт қалтама сала салғам ғой)

итмұрын қайнатып соның суын ішем, ем-дом жасаймын, холодец деген сияқты нәрселер жеймін 😅


Өзіңнің кемшілігіңді біліп, түзеуге тырысқан сайын кедергілер көбейетіні несі екен осы?!


Маған көмек кк🗣️

Астанада гитарамен ән айтатын таныстарыңыз бар ма ?

Болса инстаға жекеге жазсаңыздар🫀


Өз адамыңды ізде

Ықыласты, қайратты, бақытты адамдарды ізде. Олар жұлдыз секілді, басыңды көкке көтермейінше - көре алмайсың. Жұлдызды аспанға қарап тұрып түсінесің - олар сондай көп. Өз адамыңды ізде.

Оның да жаны сенің жүрегің ауырғанға ауырады. Сен қорыққаннан қорқады. Оның басына да қара түнек орнаған, өз қателігі мен жүйкесі сыр берген сәттері болған. Сол үрейді жеңіп, өмірге көңілді ырғақ беріп, жаңа жолға түсіп отырады. Жақсыны да, жаманды да көрген. Ешкімнің ештеңесін қызғанбайды, өмірге шағымданбайды. Өмірдің сыйын алғыс айтып қабылдайды, жолы болғанда өзін жақсы көріп кететіні бар.

Адал әрі шыншыл жандарды ізде. Ашуы мен көз жасын екіжүзділігі мен жалған күлкіге жасырып, бармағын ішке бүгіп қалмайтындарды ізде. Сенің адамың ойлағанын жалтақтамай айтады. Кейде жаныңа тиіп кететін сөз де айтар. Бірақ дұрысын айтады. Сен үшін ынты-шынтысымен қуанатын, күлсе ішек-сілесі қатып, еркін күлетін адамды ізде. Мінезін жасырмайтын, еркін адамды ізде.

Әр уақытта жақсы көріп тұратын адамыңды ізде. Сені қанша күту керек болса, сонша күтетін, сезімің оянғанша көңілін басқаға бұрмайтын адамдыңды ізде. Екеуің екі көл болып, үлкен теңізге айналатын адамыңды ізде.

Өн бойынан өмір тасып жатқан адамды ізде.

Дауысы сыңғырлап, жаныңды баурайтын адамды ізде. Бетіндегі әжіміне дейін ыстық болатын адамды ізде. Олар кейде балаға ұқсап кетеді.Өмірге сенеді. Адамгершілікке сенеді. Бірақ ақ пен қараны айнытпай таниды. Іздей бер.

Басыңды көтеріп көкке қарауды ұмытпа.

(авторы белгісіз)
жазба Шынар Әбілданың парақшасынан алынды.


Бақыт - сенің ертеңіңе
Елеңдесе бір адам.
Сен сенетін ертегіге
“Сенем” десе бір адам!

©️Л.Құндақбай

20 last posts shown.