Forward from: Shalkar Nurseit Report
ТОҚАЕВТЫҢ АДВОКАТТАРЫ ҺӘМ САБОТАЖТАНУШЫЛАРҒА
Қазақстанда төтенше жағдай болғанда әлеуметтік желіде журиктер мен блогерлер президентті ақтап, министр/әкімді даттап жатады. Бәрінің аргументі шамамен «Халыққа жаны ашымайтын, мінезі жоқ, жауапкершілігі нөл әкім/министр, президентке саботаж жасап отыр, оларды тез арада қызметтен қуу керек» дегенге келеді. Бір сөзбен айтқанда, тигрофан-саботажтанушылар бір уақытта оянады.
Осы орайда, Тоқаевтың адвокаттары һәм саботажтанушыларға мынадай сұрақтарым бар:
1.Шын мәнісінде әкім/министр жауапкершілікке дайын батыл, елдің қамын жейтін басшы болғанын қаласыңыздар, «саботаждың құрбаны» болып отырған президенттен неге әлі күнге дейін министрлерді парламент, әкімдерді жергілікті халық сайламайтынын сұрамайсыздар?
2.Қазақстанда президент шексіз биліктің иесі. Шексіз билік = аса үлкен жауапкершілік деп есептемейсіздер ме? Неге «саботаждың құрбаны» болып отырған президенттен «Жауапсыз, тәжірибесіз, жігерсіз министрді/әкімді қандай критерийлерге сүйеніп тағайындадыңыз? Осы тағайындауыңыз адамдардың өліміне себеп болды деп ойламайсыз ба?» деп сұрамайсыздар?
3.Тоқаевтың кадр саясатына көңіліңіз толмаса, неге оны сол әкім/министрді тағайындаған кезде айтпайсыздар?
4.Кәсіби саботажтанушы ретінде алда президент тағайындаған қай министр/әкім Тоқаевқа саботаж жасауға дайындалып отыр деп ойлайсыздар?
5.Қашанға дейін «президентіміз – елдің қамын ойлайтын жалғыз менеджер, ал уәзірлер – оңбағандар» деген тізесі шыққан манипуляция тактикасына сүйеніп, қайғылы оқиғаларда опат болған отандастарыңыздың өліміне президенттің саяси жауапкершілігі бар екеніне көз жұмып, елді ақымақ көру ойыңызда бар?