«Жазарман»


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Əр тіркелген оқырман досымдай қадірлі. Əр кеткен оқырман үзілген тамырымдай.
-----------------------
Дүниеге жат адаммын. Ойым аспанның аржағында, аспан астымда.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Рамазандағы ұрылар

Рамазан айындағы ұрылар сенің мал-мүлікіңді емес, сен үшін ең қымбатты болған уақытыңды ұрлайды. Нәтижеде, санаулы күндерден тұратын рамазанды пайдасыз өткеріп, айтарлықтай бір сауап таба алмай қаласың.

Рамазандағы ұрылар:

Біріншісі, телефон. Ұзақ уақыт біреумен керек керек емес сөздер сөйлесу. Ол сқздердің арасында ғайбат, өтірік-рас сөздер айтып, оразаңның сауабын кемітіп алма.

Екінші, ТВ. Күніңді телевизор алдында отырып пайдасыз сериал, кино көріп уақыт өлтірме.

Үшінші, әлеуметтік желілер. Бұл ең маңыздысы. Егер олардан Алланың разылығына себеп болатын мақсаттарда, және өзіңе қажетті кезде ғана пайдаланбасаң, оны бір шетке ысырып қой. Өйткені, әлеуметтік желі уақытты ұрлайтын ең үлкен зат.

Рамазан айындағы өте бағалы санаулы күндерімізді аталған ұрыларға беріп қоймайық. Алла Тағала рамазаннан максимум сауапқа ие болып шығуымызды нәсіп етсін! Рақмет.


Райян есігі

Алла тағала Мұса пайғамбарға: «Менің сондай пенделерім бар, олар ақырзаманда өмір сүреді. Оларға рамазан айын хадия етемін. Оларға сенен де жақын боламын. Сенімен менің сөзіміз ортасында жетпіс мың перде бар, егер Мұхаммедﷺ пайғамбардың үмметі ораза ұстаса, ауыз ашар кезде сол перделерді көтеремін. Мен оларды өзіммен жолығумен марапаттаймын. Өйткені ораза менімен құлдарым арасындағы сыр. Мен ораза ұстаушыларды шексіз нығметтерге бөлеймін. Оларға жәмәлімді көрсетемін», деді.


Барлығы "Қызыңды оқыт, қызың оқыса үмметі оқытады" деп жатады әйтеуір. Мейлі, дұрыс. Бірақ сол қыздарға лайықты жігіттерді де тәрбиелеу керектігін көбі айта бермейді...


Алла тағала сенің жүрегіңнің гүлденуі үшін қандай топырақ керек екенін жақсы біледі. Ол өміріңе түрлі адамдарды жібереді.

Сені жақсы көрушілерді, сені жек көрушілерді, тәрк етушілерді, шабыт берушілерді, саған сенетін һәм сенбейтіндерді. Өзінің шексіз махаббаты және ілімі мен, ол кейде сенің жүрегіңнің ауруына жол береді. Бірақ, ол бұл ісімен сені сындыруды емес, бәлки, сынақтар арқылы сенің жасырын, күшті қырларыңды ашуға жол береді.

Алла елшісіﷺ: «Егер Алла бір пендеге жақсылықты қаласа, оған сынақтар жібереді», деген.

Өміріңдегі әр сынақ сені сындырмасын. Керсінше, сенің күшті, жақсы қырларыңның ашылуына себеп болсын.


Жәннаттағы үйлер зікір арқылы құрылады. Егер кімде-кім зікірді тоқтатса, періштелер оның үйін құруды тоқтатады.

©Ибн Қаюм (Хақ тағала одан разы болсын)


Кейде жақсы танимын деп ойлаған адамдарымызды, негізі түк танымаған боламыз. Оларға ең көп қажеттілігіміз түскенде, басқа жүздерін көреміз. Ең көп олардың жанына баруды қалағанымызда, аяғымыз тасқа сүрінеді.

Бізді ең көп олар түсінгенін қалаймыз, бірақ бірінші болып дәл солар бізді түсінбейді. Жүрегің ауырады, көңілің қалады, рухың езіледі, тіліңнен бір ауыз сөз шықпай қалады.

Бір қарағанда бұл жағдай бізге жаман көрінсе де, әр кімнің, әр жағдайдың иесі болған жаратушымыздың есіктерін табу үшін болып жатқан болады.

Ондай жағдайлар - бізді Алладан басқа ешкім түсіне алмайтынын, есімізге салып тұрады. Жарамызды өзінің ұлы есімдерімен емдейтін жалғыз ол екенін жүрегіміздің, рухымыздың есіне салады. Ол Алла сондай мейірімді, біздің істерімізді біздің хабарымыз жоқ заттармен тәртіпке келтіреді...


Күнәң қаншалықты көп болса да үмітсіздікке түспе. Қателерің таудан да үлкен болса да үмітсіз болма. Өйткені Алла тәубені күнәһарларға парыз қылды. Пайғамбарларды адасқандарға жіберді. Мағфиратты жолдан тайғандарға нәсіп етті.

Өзін Ғаффар, Рахман, Рахим, Кәрим деп атағаны, сен қателескенде кешіруі үшін.

Др. Мұстафа Махмуд


Израиль мемлекеті һәм оның күш-құдыретіне шектен тыс алданатын болмаңдар. Әскери саяси оқиғаларды бүгініне қарап емес, өткеніне және болашағына да назар аудару керек. Кеше Израильдың талабы не еді да, бүгін нені өтініш етіп шықты, қараңдар. Ә деп, конспирологияға беріліп, үмітсізденбеңдер.

Егер барлық нәрсе Израиль жоспарындай болғанда, бүгінгі халге түспес еді. Олар қашан соғыс отын жақса ұлық зат оны өшірер. Бұл ақиқат.

Соғыс әлі бітпеді. Әлі бұданда үлкен фитналар болады. Бірақ қысқа соғыстың астарына үңілсең бұл соғыста Палестина жеңді, Израиль жеңілді.

Израильдіктер ойлағанындай, Палестиналықтар газаны тастап қашпады, хамасқа лағынет оқымады, оны жалғыз қалдырмады. Хамас соғыс басында талабы қандай болса солайына қалды және оған қол жеткізді.

Газалықтар өз отанын қорғау үшін 50 мыңнан астам құрбан берді һәм оданда артық беруге разы еді. Бұны өз отанын қорғау үшін сабыр ете алмайтындар ешқашан түсінбейді.

Ауғанстан Америкаға қарсы соғыста одан да көп құрбан берген болса соңында американың шегінумен жеңіске жетіп өз жерін алып қалды. Газа феномені тарихты бұратын фонемен болып, әлі талай жыл талқыға салынады. Олардың бұл жеңістегі сабыры мен шыдамы артындағы нәрселер үйреніледі.

Бұны түсіну үшін адам газада өмір сүруі керек. Газалықтар бітімнің жеңіс немесе жеңіліс екенін өздері белгілейді. Олар қазір жеңіс сезімінде. Израиль қауымында бұндай сезім жоқ.

Олар өз отанын қорғап қалды. Әлі оны дамытып, күшті мемлекетке айналдыра алады.

Мені кейде ойландыратын нәрсе, біз өз отанымызды қорғау үшін нелерге дайынбыз? Нелерге шыдаймыз? Қиын ой. Осыған да ойлануымыз керек.

Газа әлі де қоршауда. Оған кіріп-шығу Израиль бақылауында. Судан, ауадан, токтан тұншыққан. Соған қарамастан газа газалықтар қолында.

Әлем әлі газалықтардың сабыры, шыдамы, отанын сүйгіштігі туралы талай кітаптар жазады.


Кейде өміріңдегі шешімдерді ақыл және сезімдеріңді өшіріп қойып, жалғыз Алланың нұсқауларына сүйеніп қабылдау керек. Өйткені, кейде көреміз, ақыл ашу келгенде сені тәрк етеді. Сезімдер ситуацияға қарап өзгереді. Ал, Алла ше? Алланың уәдесі ешқашан өзгермейді.


Мотивация табудың қарапайым бір жолы: сені әрекетке үндейтін дерек тап! Мотивация сені орныңнан тұрғызуы мүмкін, бірақ алға қарай жүру өз қолыңда.

Өмірде бәріміз де жалқаулыққа беріліп, еш бір жұмыс жасауға қызықпай қалатын кездеріміз болады. Бірақ бұл жағдайдан шығудың оңай жолы, өзің жасамақшы болған іске шабыттандыратын деректер табу.

Мысалы, егер бір салада жұмыс жасағың кеп жақпай жүрген болса, сол салада жетістікке жеткен, жақсы пайда көрген адамдардың видеоларын, сұқбаттарын қарап жақсы мотивация алуға болады. Егер құран жаттағың кеп жаттамай жүрген болсаң, құранды толық жаттаған қарилардың сұқбатын көріп, менде осыған жетемін деп мотивация алсаң болады. Т.б. мысалдар өте көп.

Мотивация бұл - ішімізде әрдайым болатын нәрсе емес, бірақ оны сырттан алып келуге болады.

Егер осы нәрсені әдет қылып алсаң, көп уақыт өтпей жалқаулықтан құтылғаныңды һәм тоқтамай әрекетте боп жатқаныңды көріп өзің қуанасың.


Кітап оқымайтын адамның құндылықтар жүйесі, ой-өрісі, пікірі, айналасының, достарының әсерінен, көргендерімен ғана қалыптаса бастайды. Өйткені оның басқа ақпарат алу көзі жоқ. Мысалы, сен саудагерсің, күніге зат алып сатасың. Әйтеуір күніге бір адам сені ақшаға алдап кетеді. Сен адамдар өтірікші, бәрі алдайтын біреу деп ойлап ешкімге сенбейсің. Сенің көргенің, білгенің, түйгенің сол боп тұр ғой. Айналасында не мәшһүр болса соған ереді.

Кітап оқитын адамның өзіне тән ешкімнің дүниесіне ұқсамайтын өзіндік дүниесі болады. Кітап оқу жаныңды байытады, рухты көтереді.

Оқыған нәрселер ұмытылғанда да, бәрібір іс-әрекеттерде де, қарым-қатынаста, үлкен ақыл һәм кең дүние қарас береді.

Кітап - көтерулге баспалдақ. Шипа беруші дәрі, даналыққа жол. Кітап оқу - сананы ояту.


Ей жүрегім! Фирдаустарда дем алуың үшін әлі біраз тәубе етіп тазаруың керек! Нәпсіні жеңуің керек!


Құран тірі кітап. Қалаған аятыңды оқып, мағынасын тәфәккур ет. Оның тірі екенін, өмірде барлық аятын пайдалануға болатынына көзің жетеді. Тіпті, өтіп кеткен халықтар туралы айтылған аяттардан да қазір сүріп жүрген өмірің үшін ғибрат, пайда, Болашақ туралы хабар аласың.

Тірі мен өлінің ешқандай байланысы болмайды. Тірі құранмен өлген жүректің байланысы бос нәрсе. Құранды түсіну және пайдасын алып оны көру үшін жүректі тірілту керек.


Жаратқан асықпайды, сен асығасың. Ол сабырлы, сен сабырсызсың. Сол үшін де сен стресс, депрессияға жолығасың.

#соңғыкездерітүсінгенім


Біреу сені тақуалы деп білсе, біреу күнәһар деп біледі. Біреу әдепті деп біліп жүрсе, біреу әдепсіз деп біледі. Біреу сені ақылды деп білсе, біреу ақымақ. Ал нәпсіңнің жағдайын өзің ғана білесің. Және кейбір сырлар бар, оны тек өзің жане Алла ғана біледі. Сондықтан, сені жақсы деп білетіндердің мақтауы сені алдап қоймасын. Ал жаман деп білетіндердің сөзі сені мұңайтпасын.


Бүгін аэропортта отырғанымда, аэропорттың бір шетінде отырған ерлі-зайыптыларға көзім түсті. Орта жаста. Сол кез күйеуі әйеліне жағымды дауыспен күлімдеп "Гүлім, білегің ашылып тұр" деді.

Әуес еттім. Сүннетті ұстанған, амал еткен нағыз еркек екенсің дедім іштей. Өйткені, әйелін Пайғамбарымыздайﷺ жақсы көру де сүннет. Олар сияқты құрметтеу, абайлау, қисық қабырғасын сындырып алмай, көркем мінезбен сөйлеу де сүннет.

Пайғамбарымыз Мұхаммедﷺ бір күні сахабаларымен отырғанда Айша анамыздың үйінде басқа бір әйелінің тамағын жеп, оны мақтайды. Бұны естіген Айша анамыз бөлмеге кіріп, сол тамақ тұрған табақты алып лақтырып жібереді. Сахабалар қайран.

Пайғамбарымызﷺ күлімдеп "Сіздер айып етпеңдер, бұл қызғанып жатыр" дейді. Сахабалар кеткен соң Айша анамыз ұялады һәм "Уа Алланың елшісі, мен ашулы едім, не істесем мені кешіресіз?" Дейді.

Сонда Пайғамбарымызﷺ "Табақ орнына бір табақ, ас орнына басқа бір ас!" Дейді.

сауап үстіне сауап жаудырушы сүннет те осы асылында. Бір бақшаны көркейтудің орнына, оның гүлдерін солдырып, ағаштарын солдырып, басқа бақшаға талпыну емес.

Түйгенім осы.


Сен. Жасап жүрген ісіңе, ниетіңе, арманыңа, мақсатыңа сен. Сенімсіз адам - адам емес.


Өмірден өткен соң артыңда қалатынын өзің таңдайсың. Жерге бір түп ағаш отырғыздыңба немесе оны жұлып тастадың ба? Біреудің ақысын жедің бе немесе садақа бердің бе? Көңіл алдың ба немесе көңілін ойрандадың ба?

Өмір қиын емес. Таңдаулар қиын.

Мен оралдым, сәлем, балалар!


Жәннәт талап етуде бізбен сахабалардың айырмашылығы - олар оны амалмен іздеді, талап етті. Ал біз арман, қиялмен.

Айман Йоги


Өткенді ұмыт.

Бірақ оның берген сабақтарын ешқашан ұмытпа.

20 last posts shown.