Бір күні Әбу Дарда деген сахаба бір топ адамның бір жігітті ортаға алып істеп жүрген күнәсін бетіне басып жан-жақтан жазғырып жатқанын көреді де:
— “Егер бұл адам құдыққа түсіп кетсе, шығарып алар ма едіңдер?”, — деп сұрайды. Олар:
— “Әрине!”, — деп жауап береді. Әбу Дарда:
— “Ендеше оны сөкпеңдер! Өздерің сол күнәдан аулақ болғандарыңа шүкір етіңдер”, — дейді. Олар:
— “Сіз сонда оны жек көрмейсіз бе?”, — деп сұрайды. Әбу Дарда:
— “Жоқ. Мен оның өзін емес, істеп жүрген күнәсін жек көрем. Ал өзін бауырым деп санаймын”, — деп жауап береді.