TGStat
TGStat
Type to search
Advanced channel search
  • flag English
    Site language
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Sign In
  • Catalog
    Channels and groups catalog Search for channels
    Add a channel/group
  • Ratings
    Rating of channels Rating of groups Posts rating
    Ratings of brands and people
  • Analytics
  • Search by posts
  • Telegram monitoring
Қазақстан Бас прокуратурасы

21 Jun 2018, 15:19

Open in Telegram Share Report

Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы ізгілендіру
туралы Заң жобасының қағидалары түсіндірілді

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты қаңтардағы Жолдауындағы тапсырмасын, сондай-ақ Жалпыұлттық жоспарды орындау мақсатымен Бас прокуратура «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.

Бүгін осы Заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдады. Енді ол Мемлекет басшысының қол қойып бекітуіне жолданады.

Заңның негізгі қағидалары қылмыстық процесті одан әрі ізгілендіруге және репрессивтігін төмендетуге бағытталған.

Өз кезегінде қылмыстық-құқықтық жүйенің жүргізілген кешенді реформасының арқасында жазалау-репрессивтік және айыптау бағыты құқықтық қорғау бағытына қарай өзгертіле бастады.

Криминогендік ахуал өзгерді. Жыл сайынғы қылмыс саны 7-10% азайып келеді.

Бүгінде жүйелі түрдегі шаралардың көмегімен түрмеде отырған адамдардың Индексі бойынша Қазақстан 220 мемлекеттің арасынан 78-ші орынға көтерілді.

Бас бостандығынан айыру орындарында 90-шы жылдардың басында 100 мың адам болса, қазір ол жерлерде 34 мың сотталған ұсталуда.

Заң жабасы екі бағытты қамтиды.

Бірінші – бұл азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды нығайту және құқық қорғау қызметін ізгілендіру.

Бұл тұрғыда Қылмыстық кодекстің 255 бабына, Қылмыстық-процестік кодекстің 16 бабына және Қылмыстық-атқару кодекстің 6 бабына түзетулер енгізілді.

Заңмен кепілдің ең төменгі мөлшері үштен бірге азайтылады, онша ауыр емес және орташа ауыр әрекеттер бойынша оның жоғарғы шегі белгіленеді.

Қылмыстық тергеу органдары мен сотқа енді неғұрлым жеңіл шараларды қолдану мүмкіндігін қарастыруға және оларды қолданудың мүмкін еместігі бойынша себептерді негіздеуге міндеттеледі.

Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалған адамдарға қатысты қылмыстық істі жеке іс жүргiзуге бөлектеп алуға тыйым салынады.

Жазалау шарасының бірі ретінде айыппұл қарастырылған онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін қоғамдық жұмыстар енгізіледі. Бұл түзету адам өліміне әкеліп соққан қылмыстық әрекеттерге қолданылмайды.

Соттар қылмыстардың 19 құрамы бойынша, оның ішінде 19 ауыр құрамы (ұрлық, жымқыру, алаяқтық, салғырттық және т.б.) бойынша бас бостандығын шектеуді тағайындай алады.

Айыппұл мөлшері 2 еседен астамға азайтылады, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнама санкцияларының сатылығы ескеріле отырып, теріс қылықтар бойынша қамау мерзімін түзету жүргізілді.

Экономикалық және басқа да қылмыстар саласында меншікке қарсы қылмыстар бойынша қажетті қылмыстық жауапкершілік туындау үшін айтарлықтай, ірі және аса ірі залал көлемдерінің шегі 2 есеге көбейеді.

36 қылмыс бойынша бас бостандығынан айырудың жоғарғы шегі азайтылады.

Ауыр (15-тен 10 жылға дейін) және аса ауыр (20-дан 15 жылға дейін) қылмыстар бойынша ескіру мерзімінің өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі 5 жылға азайтылады.

Бірқатар түзетулер сотталғандарды жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды кеңінен қолдануға және оларды неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруға бағытталған.

Соттың көрсетілген рәсімдердің бірін қолданудан бас тартуы басқасы бойынша өтінішхат енгізу үшін кедергі бола алмайды.

Әлеуметтік жағынан қауіпсіз сотталғандарды қауіпсіздік деңгейі барынша төмен мекемелерге жіберу арқылы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу шарты жұмсартылады.

Қылмыстық айыппұлдарды өндіру тәртібі жеңілдетіледі. ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша айыппұлдарды өтеудің ең ұзақ мерзімі 6 айдан 3 жылға дейін ұлғайтылған.

Сот сотталғандарды процестік шығындарды төлеуден босатуы мүмкін. Қазір олардың көлемі кейде айыппұлдың өзінен асып түседі.

Мәжбүрлі еңбектің жалпы мерзімі бір жылға 100 сағатқа дейін қысқартылған. Тұрақты тұрғылықты жері бар немесе оқудағы сотталғандарға мәжбүрлі еңбек қолданылмайтын болды.

Екінші бағыт – ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру.

439 0 0
Catalog
Channels and groups catalog Channels compilations Search for channels Add a channel/group
Ratings
Rating of Telegram channels Rating of Telegram groups Posts rating Ratings of brands and people
API
API statistics Search API of posts API Callback
Our channels
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Read
Академия TGStat Telegram Research 2019 Telegram Research 2021 Telegram Research 2023
Contacts
Справочный центр Support Email Jobs
Miscellaneous
Terms and conditions Privacy policy Public offer
Our bots
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot