TGStat
TGStat
Type to search
Advanced channel search
  • flag English
    Site language
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Sign In
  • Catalog
    Channels and groups catalog Search for channels
    Add a channel/group
  • Ratings
    Rating of channels Rating of groups Posts rating
    Ratings of brands and people
  • Analytics
  • Search by posts
  • Telegram monitoring
Қазақстан Бас прокуратурасы

4 Jul 2018, 12:52

Open in Telegram Share Report

Жаңа кадрлық тағайындаулар

Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 4 шілдедегі бұйрығымен Бас прокуратурада кадрлық тағайындаулар жасалды.

Жұмыс тәжірибесі, басшылық қызметтегі еңбек өтілі ескеріліп, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығы лауазымына 1976 жылы туған Талғат Маратұлы Татубаев тағайындалды.

3 дәрежелі жоғары біліктілік сыныбы бар.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Оның ішінде ішкі істер, қаржы полициясының органдары, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарында болды.

2016 жылғы қыркүйек – 2018 жылғы маусым аралығында МҚІжСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды.

«Құрмет» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының Президенттік резервінде тұр.

***
Бас прокуратураның Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы лауазымына аға әділет кеңесшісі 1975 жылы туған Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров тағайындалды.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Президенттік резервте тұр.

Еңбек жолын Бас әскери прокуратурадан бастады. Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысының прокуроры лауазымдарында болды.

2018 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Үкімдердің заңдылығын қадағалау қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарды.

***
Маңғыстау облысы прокурорының міндетін уақытша атқару Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бұрынғы бастығы 1970 жылы туған Ерлан Масғұтұлы Абаевқа жүктелді.

Аға әділет кеңесшісі.

Прокуратура органдарында 25 жылдан астам қызмет етеді.

Павлодар облысы прокуратурасында аса маңызды істер бойынша тергеуші, Павлодар облысы Ертіс, Успен аудандарының прокуроры, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Басқарма бастығы болды.

2016 жылғы ақпан – 2017 жылғы маусым аралығында Қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары, 2017 жылдың маусым айынан аталған құрылымдық бөлімді басқарды.

2017 жылдың қазан айынан бүгінгі күнге дейін Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

447 0 0
Catalog
Channels and groups catalog Channels compilations Search for channels Add a channel/group
Ratings
Rating of Telegram channels Rating of Telegram groups Posts rating Ratings of brands and people
API
API statistics Search API of posts API Callback
Our channels
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Read
Академия TGStat Telegram Research 2019 Telegram Research 2021 Telegram Research 2023
Contacts
Справочный центр Support Email Jobs
Miscellaneous
Terms and conditions Privacy policy Public offer
Our bots
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot