TGStat
TGStat
Type to search
Advanced channel search
  • flag English
    Site language
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Sign In
  • Catalog
    Channels and groups catalog Search for channels
    Add a channel/group
  • Ratings
    Rating of channels Rating of groups Posts rating
    Ratings of brands and people
  • Analytics
  • Search by posts
  • Telegram monitoring
Қазақстан Бас прокуратурасы

5 Jul 2018, 14:25

Open in Telegram Share Report

Қазақстан және БАӘ сотталған тұлғаларды беру туралы уағдаласты

Астанада БАӘ Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары – Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасында Сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою рәсімі өтті.

Шартқа Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен БАӘ Әділет министрі Сұлтан бен Саид Әл-Бади қол қойды.

Халықаралық құжат екі ел азаматтарына шет елдегі жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айырылған жағдайда тағайындалған жазаны өз елінде өтеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сотталған адамдарды азаматтық тиістілігіне қарай қоғамда қалпына келтіру мен қоғамға қайта ену үшін қолайлы жағдай туғызады.

Бүгінде қазақстанның 5 азаматы БАӘ жазаларын өтеуде. Олар Шарт ратификацияланғаннан кейін экстрадициялау туралы өтінішхат бере алады.

2009 жылдың 16 наурызынан бастап екі ел арасында қылмыстық істер және тұлғаларды беру бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт қолданыста.

Осы аралықта Қазақстанға араб әмірліктері аумағында жасырынған 9 тұлға берілді, оның ішінде елімізден қыздарды жыныстық пайдалану үшін елден тасыған А. Ананьев, 50млн. теңгеден астам қаражатты жымқырғант Р. Найзабай бар.

Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан үшін азаматтардың негізгі құқықтары мен мүдделері қорғауда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, қылмыстықлықпен күрес саласында барлық қажетті өзара ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық базасы қалыптасқан Парсы шығанағындағы тағы бір мемлекетке айналды.

572 0 0
Catalog
Channels and groups catalog Channels compilations Search for channels Add a channel/group
Ratings
Rating of Telegram channels Rating of Telegram groups Posts rating Ratings of brands and people
API
API statistics Search API of posts API Callback
Our channels
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Read
Академия TGStat Telegram Research 2019 Telegram Research 2021 Telegram Research 2023
Contacts
Справочный центр Support Email Jobs
Miscellaneous
Terms and conditions Privacy policy Public offer
Our bots
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot