TGStat
TGStat
Type to search
Advanced channel search
  • flag English
    Site language
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Sign In
  • Catalog
    Channels and groups catalog Search for channels
    Add a channel/group
  • Ratings
    Rating of channels Rating of groups Posts rating
    Ratings of brands and people
  • Analytics
  • Search by posts
  • Telegram monitoring
Қазақстан Бас прокуратурасы

26 Jul 2018, 10:08

Open in Telegram Share Report

Бас Прокурор жәбірленушілерге өтемақы қорына өндіріп алуларды қамтамасыз ету туралы нұсқау берді

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» қаңтардағы Заңның нормалары қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәлі адамдардан мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бөлігінде 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстанда алғаш рет жәбірленушілерге қажетті материалдық көмекті жылдам көрсетуге бағытталған институт құрылды.

Қордан өтемақы төлеу біржолғы қаржылық төлем түрінде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, жәбірленушінің одан әрі толық шығынды кінәлі адамнан өндіріп алу мүмкіндігі сақталады.

Дүниежүзілік тәжірибеге және Зиянды өндіріп алу туралы Еуропа конвенциясына сәйкес өтемақы зорлық-зомбылық қылмыстарының құрбандарына төленеді.

Өтемақы:
- жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған кәмелетке толмағандарға;
- адам саудасы және азаптаулар құрбаны болғандарға;
- денсаулығына ауыр зиян келтірілген немесе АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарға;
- жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның заңды өкілдеріне тағайындалады.

Тізімге Қылмыстық кодекстің 46 бабы бойынша 124 қылмыс құрамы енгізілген.

Қылмыс салдарынан материалдық зардап шеккен және ашылмаған қылмыстар бойынша немесе кінәлі тұлға сот төрелігінен жасырынып жүрген жағдайда келтірілген зиянды өндіріп ала алмаған адамдарға қолдау ретінде өтемақы беріледі.

Заң бойынша қаражат Қорда екі жыл бойы, яғни 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін жинақталады және ол өтемақыны одан әрі төлеу үшін қажетті қаражатты жинауға көмектеседі.

Қордағы түсімнің негізгі көзі – соттың айыптау үкімі шыққан кінәлі тұлғалардан күштеп өндірілген қаражат.

Бұл тұрғыда, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жасалған барлық қылмыстар бойынша Қорға өндіріп алулар басталады.

Мәжбүрлі төлемдердің сомасы қылмыстың ауырлығына қарай 5-тен 30-ға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Қорды толықтырудың басқа көздеріне процестік бұзушылықтар үшін сот салған өндіріп алулар, сондай-ақ түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеп жүрген сотталушылардан ұсталатын сомалар жатады.

Қорға жыл сайын 1 млрд. теңгеден астам түседі деп болжануда.
2018 жылы 26 шілде күні Бас Прокурор бұл мақсатты орындау үшін барлық қылмыстық қудалау органдарына Заң талаптары бойынша Қорға қаражат өндіруді мүлтіксіз орындау туралы арнайы нұсқау жолдады.

Барлық аумақтық прокурорларға сотталған тұлғаларға көзделген өндіріп алу шараларын қабылдау туралы мәселелерді шешу кезінде соттармен заңдылықты қамтамасыз ету тапсырылды.

Бас прокуратура Қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселесін тұрақты бақылауында ұстайды.

526 0 0
Catalog
Channels and groups catalog Channels compilations Search for channels Add a channel/group
Ratings
Rating of Telegram channels Rating of Telegram groups Posts rating Ratings of brands and people
API
API statistics Search API of posts API Callback
Our channels
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Read
Академия TGStat Telegram Research 2019 Telegram Research 2021 Telegram Research 2023
Contacts
Справочный центр Support Email Jobs
Miscellaneous
Terms and conditions Privacy policy Public offer
Our bots
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot