Шымкентте «мефедрон» және
«марихуана» есірткі заттары тәркіленді
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу барысында «мефедрон» және «марихуана» есірткі заттарын сатумен айналысқан адамдар тобын анықтады.
12 тінту іс-шарасы жүргізіліп, нәтижесінде заңсыз айналымнан 10,84 грамм «мефедрон», 31,14 грамм «кептірілген марихуана», салмағы 5 кг 46 түп «қарасора» және үш мың АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат тәркіленді.
Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз өңдеу, сатып алу, сақтау және өткізу мақсатында дайындау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі және 3-бөліктерімен қылмыстық іс қозғалды.
Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарды мұндай фактілер анықталған жағдайда бейжай қарамауға және дереу 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.
#Әділдік
Шымкент қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/902279?lang=kk
📱 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП