Бір күні Хасан әл-Басриге (Алла рахымына алсын) бір адам келіп: “Пәленше сізді жамандады, сіз туралы мынандай, мынандай сөздер айтты”,-дейді. Сонда Хасан әл-Басри: “Сен бұл сөздерді оның аузынан естідің бе?”-деп сұрайды. Әлгі кісі: “Йә, мені қонаққа шақырған болатын, дастархан басында сіз туралы осы нәрселерді айтты”,-дейді. Хасан әл-Басри: “Дастарханда не баренді, сені қалай күтті, жақсы ішіп-жедің бе?” - дегенде әлгі адам: “О, дастарханда әр түрлі сусындар, дәмді тағамдар болды, қонақжай кісі екен, жақсы ішіп-жедік”, -деп жауап берді. Сонда Хасан әл-Басри: “осыншама тағамдарды ішіңе сыйдырып, екі ауыз сөзді ішіңе сыйдыра алмай маған неге әкелдің”, - деген екен.