Forward from: ERBOLAT MUHAMEDJAN
Жақында “Білім Инновация” лицейлеріне 30 жыл толды. Қазақстанның тарихындағы Тәуелсіздік жылдарынан бастау алған ең сәтті жобалардың бірі деп есептеймін.
Қазақстан орта білім саласына дәл осы лицейдің білім және тәрбие беру жүйесін енгізу қажет. Сонымен қатар, барлық мектеп лицейлердің деңгейіне жету үшін инфрақұрылымды да ыңғайлайтын уақыт келді. Министрліктің әлі күнге дейін дәл осы жүйені енгізу бойынша баяу қимылдайтыны тіпті нақты әрекеттер жасамайтыны түсініксіз.
Лицейлердің біз байқаған артықшылықтары:
1. Мемлекеттік формадағы 7-11 сынып оқушыларын (ұлдары бөлек қыздары бөлек) оқытатын республикалық мектеп-интернаттар желісі. Әлі күнге дейін дәл осы жүйеге көңілі толмаған ата-ана немесе оқушыны кездестірмедім. Ал, бұл жүйе түріктерден, түріктер ағылшындардан алғаны туралы ақпарат бар.
2. Оқушыларына білім беру жұмыстарын қаржыландыруды толық мемлекет көтерсе, инновациялық даму жұмыстарын Қоғамдық Қорға қарасты жеке мектептер көмектесуде.
3. БИЛдар мемлекеттік білім жүйесінің жетілуіне жүйелі тұрғыда өз еркімен үлес қосуда, тәжірибесімен бөлісіп, мамандарын таратуда. Оған министрлік немесе өңірлік басқармалар деңгейде біраз жылдан бері ұйымдастыратын біріккен шаралар мен жобалар жатқызуға болады.
4. БИЛдар Қазақстанның атын Әлемнің пәндік олимпиада картасына шығарған алғашқы әрі бірегей жүйе.
5. БИЛ мыңдаған қазақ баласына сапалы білім мен тәрбие фундаментін қалыптастырып, олардың әлемдік Гугл, Эпл, Майкрософт сынды мықты корпорацияларда жұмыс жасауына жол ашты.
Егер біз балаларымыздың сапалы білім мен құндылықтарға негізделген тәрбие алғанын қаласақ, министрліктен нақты өзгерістерді талап етуіміз керек.