Ағылшын тілі | Alemtor Bilim


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Linguistics


Ағылшын тілін үйренуге арналған #1 топ! 🏅
Admin: @alemtor_komek

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Linguistics
Statistics
Posts filter


Түсінікті болды ма? Комментке ойыңызды жаза кетіңіз ⬇️


Ағылшын тілінде оқуға 5 кеңес:
1️⃣ Дауысыңызды шығарып оқыңыз. Әр сөйлемді өзіңізден өткізіңіз, сонда ойыңыз басқа нәрсеге бөлінбей, кітаптың ойын есіңізде сақтайсыз.
2️⃣ Әр түсініксіз сөзді аударуға тырыспаңыз. Сөйлемге жалпылама қараңыз және өз күшіңізбен мағынаны түсінуге тырысыңыз. Бір түрдегі не типтегі сөз кітапта бірнеше рет қайталанады. Аналитикалық ойлау таныс емес фразаны түсінуге көмектеседі.
3️⃣ Өз талғамыңызға сай әдебиет таңдаңыз. Әрине, оқу деңгейіне қарау керек болады, бірақ өзіңізге ұнамды болатын жанр’жы таңдауға тырысыңыз: фэнтези, детектив, ертегі, шағын әңгімелер және тіпті хоррор.
4️⃣ Заманауи технологияларды қолданыңыз. Оқу құралдарының соңғы үлгісі бірден сөзді аударуға арналып жасалынған. Сол арқылы сіз әрдайым сөзді аударып отыруға уақыт кетірмейсіз, бағдарлама арқылы бірден сол жерде аудармасын қарай аласыз.
5️⃣ Кітапты жиі оқып тұрыңыз. 10-15 минут оқысаңыз да, үзбей күн сайын оқыңыз. Прогресс (өзгеріс жақсы жаққа) бірнеше айда байқала бастайтын болады.

2.7k 0 15 12 23

Деңгей бойынша кітаптар 😍

Elementary ➡️ Jaws (Peter-Benchley)
Pre-Intermediate/Intermediate ➡️ Life-of-Pi (Yann Martel)
Pre-Intermediate ➡️ Romeo_and_Juliet (William_Shakespeare)
Intermediate ➡️ Robin-Hood-Sally (M.Stockton), One Word at a time (Lian De La Cruz)
Upper-Intermediate/Advanced ➡️ Crime and Punishment (Fyodor Dostoyevsky)




Verbs with "in"

1️⃣ Believe in

◦ Example: I believe in hard work and dedication.
◦ Мысал: Мен қажырлы еңбек пен адалдыққа сенемін.

2️⃣ Participate in

◦ Example: She participated in the competition last year.
◦ Мысал: Ол өткен жылы жарысқа қатысты.

3️⃣ Succeed in
◦ Example: He succeeded in finishing the project on time.
◦ Мысал: Ол жобаны уақытында аяқтауда сәттілікке жетті.

4️⃣ Invest in
◦ Example: They decided to invest in real estate.
◦ Мысал: Олар жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға шешім қабылдады.

5️⃣ Be interested in
◦ Example: She is very interested in learning new languages.
◦ Мысал: Ол жаңа тілдерді үйренуге өте қызығушылық танытады.

6️⃣ Get involved in
◦ Example: He got involved in community activities.
◦ Мысал: Ол қоғамдық шараларға қатысты.

7️⃣ Specialize in
◦ Example: The company specializes in software development.
◦ Мысал: Компания бағдарламалық қамтамасыз етуді жасауда маманданады.

8️⃣ Engage in
◦ Example: The students engaged in a debate.
◦ Мысал: Студенттер пікірталасқа қатысты.

9️⃣ Take part in
◦ Example: They took part in the marathon last weekend.
◦ Мысал: Олар өткен демалыс күндері марафонға қатысты.

🔟 Involve in
◦ Example: She was involved in organizing the event.
◦ Мысал: Ол шараны ұйымдастыруға қатысты.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Compound words




B2 деңгейіне арналған мәтіндер топтамасы ✅
Ұнаса реакциямен білдіріп кетіңіз ⬇️


⚜To be етістігінің мағынасы «болу, табылу» деген ұғымдарға келеді.

🇺🇲Ағылшын тіліндегі өзге де етістіктерден ерекшелігі to be етістігі жіктеледі және көптеледі.

📌to be етістігінің формалары:

🌟I am

мен бар(мын)

🌟He / She / It is

ол бар (-)

🌟We are

біз бар(мыз)

🌟You are

сіз, сіздер бар(сыздар)

🌟Тhey are

олар бар (-)

🔵I am in the room.
Мен бөлменің ішіндемін.

🔵The book is on the table.
Кітап үстелдің үстінде.

📌Келтірілген мысалдарда to be етістігі жеке дара қолданылған. Одан бөлек, күрделі баяндауыш жасауда қосымша етістік ретінде де қолдануға болады. Яғни, бастауыштың қай жақта тұрғанын анықтайды.

🌟I am a doctor.
Мен дәрігермін

🌟The weather is fine.
Ауа-райы өте жақсы

🌟They are from Paris.
Мен Парижденмін.

📌To be етістігі сөйлемнің сұраулы немесе болымсыз түрін жасау кезінде қосымша етістікті қажет етеді.

📌Сұраулы сөйлемді жасау үшін to be етістігін бастауыштың алдына шығарып (инверсия) жібереміз.

🔵Am I happy?
🔵Is the book interesting?
🔵Is he our teacher?

📌Ал болымсыз түрін жасау үшін to be етістігінен кейін not демеулігін жазу арқылы жасалады.

🔴I am not happy.
🔴The book is not interesting.
🔴He is not our teacher.

📌To be етістігінің осы шақта жіктелген түрі

(Present Simple (Indefinite)):

➕Болымды (+)           ➖Болымсыз (-)               ❔ Сұраулы (?)  

  
🟠 I am

I am not (am not)

Am I?
🟠 He is

He is not (isn't)

Is he?
🟠 She is

She is not (isn't)

Is she?
🟠 It is

It is not (isn't)

Is it?
🟠 We are

We are not (aren't)
Are we?
🟠 You are

You are not (aren't)
Are you?

🟠 They are

They are not (aren't)
Are they?

📌To be етістігінің өткен шақта жіктелген түрі

(Past Simple (Indefinite)):

Болымды (+)           Болымсыз (-)                 Сұраулы (?)     
🟢 I was

I was not (wasn't)

Was I?
🟢 He was

He was not (wasn't) 
Was he?
🟢 She was

She was not (wasn't) 
Was she?
🟢 It was

It was not (wasn't)
Was it?
🟢 We were

We were not (weren't)
Were we?
🟢 You were

You were not (weren't)
Were you?
🟢 They were

They were not (weren't)
Were they?

📌To be етістігінің келер шақтағы жіктелген түрі (Future Simple (Indefinite)):

Болымды (+)

Болымсыз (-) 

Сұраулы (?)

    
🟣 I will be 

I will not be (won't be) 
Will I be? 
🟣 He will be 

He will not be (won't be) 
Will he be?
🟣 She will be

She will not be (won't be) 
Will she be? 
🟣 It will be

It will not be (won't be) 
Will it be? 
🟣 We will be 

We will not be (won't be) 
Will we be? 
🟣 You will be 

You will not be (won't be) 
Will you be? 
🟣 They will be 

They will not be (won't be) 
Will they be?

📌Ауызша айту кезінде not демеулігі to be етістігіне бірігіп жазылады.

🌟is not = isn't
🌟are not = aren't

📌Оған қоса, to be етістігін жіктеу есімдіктерімен біріге, қысқарып та қолданылады.

🌟I am = I'm
🌟We are = we're
🌟He is =  he's


Listening жақсартуға арналған кеңестер ⬆️




B1 деңгейіне арналған мәтіндер,
толық нұсқасы астында ⬇️


https://t.me/agylshyntili_kz
Мына арнада А1 деңгейінің барлық тақырыптарын мәтін арқылы жеңіл түрде түсіндірмекшіміз, жоғалтып алмас үшін тіркеліп қойыңыз.

Алғашқы тақырып бойынша түсіндірме бүгін шығатын болады 😉


1️⃣ Сөздік қорды дамыту. Күн сайын жаңа ағылшын сөздерін үйреніп, оларды сөйлемдерде қолдануға тырысыңыз. Әр жаңа сөзді сөйлеу барысында пайдаланып көріңіз.
2️⃣ Күнделікті сөйлеу практикасы. Ағылшын тілінде сөйлейтін адамды тауып немесе арнайы тіл алмасу бағдарламаларын қолданып, әр күн сайын ағылшынша сөйлесіңіз.
3️⃣ Тыңдау және қайталау. Ағылшын тіліндегі подкасттарды, жаңалықтарды немесе фильмдерді тыңдаңыз және жаңа сөз тіркестерін қайталаңыз. Бұл сөйлеу акцентін және дыбыстарды дұрыс жеткізуге көмектеседі.
4️⃣ Айна алдында сөйлеу. Айна алдында сөйлеп, бет-әлпетіңіздің қозғалысын бақылаңыз. Бұл өзіңізге сенімді болуға көмектеседі.
5️⃣ Тақырып бойынша әңгіме құру. Кез келген тақырыпты таңдап, сол туралы өзіңізше әңгіме құрыңыз. Бұл ойды ағылшынша жеткізуді жақсартады.
6️⃣ Жаңа технологиялар қолдану. Duolingo, HelloTalk, Italki сияқты тіл үйрену қосымшалары арқылы шет тілінде сөйлесетін адамдармен танысып, сөйлесу дағдыларын жаттықтыруға болады.
7️⃣ Тыңдап, жазып алу. Өз ойыңызды жазып, кейін оны тыңдаңыз. Қате кеткен тұстарыңызды анықтап, келесіде дұрыстап айтуға тырысыңыз.
8️⃣ Диалог құру. Тіл үйренушілермен немесе тіл оқытушы мамандармен диалогқа түсіп, әртүрлі тақырыптарда әңгімелесіңіз. Жаңа тіркестер мен сөйлем құрылымдарын үйренуге бұл жақсы көмектеседі.
9️⃣ Сұрақтарға жауап беру. Ағылшын тілінде сұрақтарға жауап беруге машықтаныңыз. Бұл әртүрлі жағдайларда дұрыс жауап беруді үйренуге мүмкіндік береді.
1️⃣0️⃣ Сабырлы болып, тәжірибені жалғастыру. Қателерді қорқыныш көрмей, әр қате сайын жаңа нәрсе үйрену ретінде қабылдаңыз. Ең бастысы – жүйелі түрде жаттығу жасау.

❕Есіңізде болсын, сөйлеу дағдылары тәжірибе арқылы жетіледі, сондықтан жиі практика жасау маңызды!


Speaking дағдысын дамыту үшін келесі кеңестерді қолдануға болады:


Easier English Basic Synonyms.pdf
2.4Mb
SPEAKING/WRITING skills дамытуға көмектесетін кітап!
Бұл жерде antonym/synonym сөздер ✅


​​Сәлем достар! Бүгін слушание яғни есту/түсіну (listening) жайлы талқылаймыз! Мен қалай жақсартып жатырмын?

1. Подкасттар тыңдаймын. Телефонда Google Podcasts-та неше түрлі подкасстар тыңдай беремін. Ноутбукта Apple Podcasts-тан тыңдаймын. BigAppleSchool сайтынан (төмендегі видео) және BBC программаларын тыңдағанды ұнатамын.

2. Видео көремін. Мен қазір ютубта локейшнды Америкаға ауыстырып тастағанмын, гугл аккаунтта ағылшынша болғандықтан, тіпті іздегенде де ағылшынша болғандықтан маған тек қана ағылшынша контент ұсынады, мен оны тұтынамын.

3. Жұмыстағы консьюмерлермен және коллегаларыма. Университеттегі шетелдік студенттерге/мұғалімдерге сұрақ қойып оларды тыңдағанды ұнатамын.

4. Өлеңдер тыңдау. Мен өте аз қазақша өлеңдер тыңдаймын (тек Молданазар, Ayree, Kyle Ruh, Qonyratbay fam). Ағылшынша маған Chill, Alternative, Folk жанрлары ұнайды және сөздері анық естілетін өлеңдер ұнайды. Өлеңдерді аударуға кеңес бермеймін 😭 өте мағынасыз, тек қана кейбір слеңгтер және фразалық етістіктерді жаттап алса болады.

Сонымен осылай 😂 Егер түсінбей жатсам "Im so sorry, could you repeat please", "just spell this word please" деп сұраймын және сіздерге де солай кеңес беремін!


Good night guys!

Сіздердің жауаптарыңызды оқыдық енді келісім жасасақ қалай қарайсыздар?

Жазған әр адамның сұрауы бойынша болашақта мәлімет шығарамыз, ал сіздер (сұрауы орындалған адам) https://t.me/noldenbastap мына тегін сабақтар бар арнаға өзіңіздің 10 досыңызды шақырасыз,
қалай? келісесіздер ме?


Good morning guys!
Біздің арнадан қандай тақырыпта мәліметтер көргілеріңіз келеді астына түсінікті, толық жазып кетсеңіздер ойларыңызды алдағы уақытта қарастыратын боламыз 😇


Forward from: alemtor content
Movies and Cartoons list 🎥 🍿 🎦

1. The adventures of Paddington (2014)
2. The Boss Baby: Family Business (2021)
3. House M.D - Доктор Хаус Season 01
Episode 01 (with subtitles)

4. Ferdinand (2017)
5. All I want for Christmas (1991)
6. Bridge to Terabitha
7. Alice in Wonderland (2010)
8. The pursuit of Happyness (2006)
9. The Terminal (2004)
10. Surviving Christmas
11. The Peter Rabbit
12. Flora & Ulysses (2021)
13. MouseHunt (1997)
14. Harry Potter and the Order of the Phoenix (2007)
15. Frozen (2013)
16. Cars 3
17. Hotel Transylvania
18. Gulliver Returns (2021)
19. Minions (2021)
20. My best friend’s wedding (1997)
21. Ralph Breaks the internet (2018)
22. Monsters, INC. (2001)
23. Tad the Lost Explorer and the Emerald Tablet (2022)
24 The wolf of Wall Street (2013)
25. The Nut Job (2014)
26. The Princess Diaries
27. Home alone
28. Harry Potter and the Philosopher's Stone
29. Harry Potter and the Chamber of Secrets
30. Harry Potter and the Prisoner of Azkaban
31. Harry Potter and the Goblet of Fire
32. Harry Potter and the Half-Blood Prince
33. Harry Potter and the Deathly Hallows Part 1
34. Harry Potter and the Deathly Hallows Part 2

20 last posts shown.