Хазреті Мәулана’ның
қариларға деген құрметі:
Бір күні Мәулана құзырына келген жас жігітті орнынан тұрып қарсы алғанымен қоймай, оны өзінің орнына отырғызады. Ал өзі болса, шәкірт сияқты тізелерін бүгіп алдына отырады. Айналадағылардың бұл әрекетіне таңдана қарағанын байқаған Мәулана жауап ретінде былай дейді:
— Сіздер көшеде келе жатқанда, бетіне “Алла” деп жазылған бір парақты көргенде оны жерден иіліп алып, жоғары бір жерге қою арқылы құрмет көрсетесіздер емес пе?! Мен де міне, осыны жасап жатырмын. Жүрегіне Құранның барлығын жаздырған бір жас балаға құрмет көрсетіп, орнымнан тұрып жатырмын. Сіздер құрмет көрсеткен, парақтың бетіне жазылған жазудан да артығы бұл жас баланың жүрегінде жазылған.
Себебі, бұл бала — қари бала!
Раббым баршамызға Құранды оқып, жаттап, онымен лайықты дәрежеде амал етуді нәсіп етсін.