Posts filter


Керісінше, ChatGPT арқасында осы уақытқа дейін дұрыс ойланбай келгенімізді біліп жатырмыз...

Депутаттардың аналитиктері дұрыс жұмыс істемейді немесе өздері қолданып көрмеген, қолданса да түбіне жете зерттемеген нәрсеге "қарсы шыға" салу деген позицияны таңдайды-ау деймін.


Қазір әлемде және Қазақстанда "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" дейтін акция жүріп жатыр. Енегіне ие бола алмайтын еркектер бірдеңе оқып, үйреніп жатқан болар десең жоқ, қаршадай екі қызды зорлап, біреуін жүкті қылып қойған.

17 жастағы қыз денсаулығына байланысты амал жоқ түсік жасатқан. Ал ана екеуін ұстай алмай отыр екен. Себебі күдікті емес. Біреуі жұмыстан шығып кеткен, біреуі еңбек демалысында. Мекемеге салсаң, "мұндай жағдай бірінші рет" деп жауап беріпті Азаттық радиосына. Бетімен кету бер жағы, көтімен кетіп барамыз.

"Сендерді жынды деп ойлайды, ешкім сенбейді" деп бірнеше рет зорлаған. Бұл жерде зорланған қыздар саны одан көп болуы мүмкін дейді. Жүрегің ауырады...


📌Қарым-қатынаста шешім қабылдау – екі адамның сенім мен құрметке негізделген ортақ жолы.

Бірге таңдау жасау – жауапкершілікті бөлісу, құндылықтардың үйлесімділігін анықтау және қақтығыстардың алдын алу. Бұл – бір-біріне қолдау көрсетіп, эмоциялық жақындықты нығайту мүмкіндігі.

Шешімді саналы түрде қабылдап, әр пікірге құрметпен қарау – қарым-қатынас өнерінің кілті. Ортақ мақсатқа ұмтылған жұп үшін бұл – махаббат пен түсіністікке бастайтын берік көпір.


Қоғамда ер азаматтың әйеліне немесе қызға құрмет көрсетуін әлсіздік деп қабылдау – бұл патриархалды түсініктер мен тереңде жатқан стереотиптердің көрінісі. Ер адам тек билік жүргізіп, қатал болу керек деген ұғым ғасырлар бойы қалыптасқан, ал әйелге нәзік, бағынышты рөл тиесілі деп саналған. Мұндай көзқарас ерлердің мейірімділігін, жанашырлығын немесе құрметін “қорқақтық” деп сипаттайды, себебі ол қоғам күткен “еркектік стандартқа” сай келмейді.

Шын мәнінде, құрмет көрсету – әлсіздіктің емес, даналық пен күштің белгісі. Өйткені, әйелге құрмет – оның тұлға ретіндегі құндылығын түсіну және теңдікке ұмтылу. Бұл батылдықты, кемелдікті талап етеді, ал нағыз әлсіздік – өз сенімдерінен қорқып, құрмет көрсете алмау.

Қоғамның көзқарасын өзгерту үшін, ер адамның әйелге деген мейірімі мен құрметі оның ішкі рухының беріктігін, адамгершілігін және жауапкершілігін көрсететінін ұғыну қажет. Нағыз ерлік – билік емес, түсіністік пен қолдау көрсету.


Ер жігіттердің кейде қызға тұлға ретінде қарай алмауы – қоғамның тамыры тереңде жатқан патриархалды түсініктерінің салдары. Бала күннен санаға сіңген “еркек – басшы, әйел – қолдаушы” деген стереотип, әйелді тек сыртқы келбетіне немесе белгілі бір рөліне байлап қояды.

Мұның себебі – тәрбие, мәдениет пен медиа әсері. Кейбір ер азаматтар мықты, тәуелсіз қызды көргенде өзінен қорқып, оны бәсекелес ретінде қабылдауы да мүмкін. Ал қызды тұлға ретінде көру үшін, оны ішкі әлемімен, арман-мақсатымен және болмысымен танып, оның адам ретіндегі құндылығын түсіну қажет.

Шынайы теңдік – бір-біріңді құрметтеу мен түсіністікке негізделген қарым-қатынастан басталады. Қызды жан дүниесімен танып, оның ішкі әлеміне үңілген жігіт, шын мәнінде, нағыз ер азамат бола алады.


Құрметті оқырман!

⚡️"Әйеліммен әңгіме" кітабы екінші рет қайтадан редакциялық өңдеуден өтіп, жаңа дизайнда басылып шықты.


Қазір Журфакта сайт туралы практикалық сабақ өте ме?
Poll
  •   Иә, өтеді.
  •   Жоқ. Ештеңе білмейміз
  •   Мұғалімдердің өзі білмейді
22 votes


30-ға дейінгі арман

Абыройы асқақ ұл болсам. Ақшам көп, үйім бар, көлігім бір емес, бірнешеу болса. Өз кәсібім жүріп тұрса. Шағын кофеханам болса. Ай сайын шетелде демалып, қыдырып жүрсем. Ақшадан тәуелсіз әрі еркін болсам. Ешкімге бағынбасам. Еркін адам болсам. Жақсы маман болып, көзге түсіп, үлкен.. жоқ шексіз атаққа оранып өмір кешсем еді...

30-дан кейінгі арман

Ана арманның бәрін орман ішіндегі шағын, ағаштан салынған үйге айырбастауға дайынмын.


Таңға жуық, сағат 4-тің кезінде офистен шықтым да, үйге қарай беттедім. Қалтамнан телефонды алып, такси шақырдым. Телефонды алып жатып, қолыма шеті тиіп кеткен кілт ұшынан екінші ой келді: әйелім мен балам ұйқыда... деген бірдеңе сап ете түсті де, көңілім жайланып қалды. Такси табылды да, телефоным «дыз» ете түсті, 1210 теңгені жұлып алды. Жаңа ғана жайланған, жамбастап жатқан көңілдің көтінен бір тепкен ақша, қайтадан құлазытып жіберді. Оны ойлап, түңіліп үлгермедім, бесінші ме, алтыншы ма ой келді де: «тауып жатсың, шүкір ет!» деп құлақ түбінен шертіп, өте шықты. Енді сарсаңға түскен көңіл тепе-тең қалыпқа түскендей...

50 жас шамасындағы көкем Granta көлігінің есігін іштен ашты да, сол сәтті күні бойы күткендей: «інім, темекі шеге берсем, қарсы емессің бе?» деді. «Шегіңіз!» дедім мырс етіп. Жан қалтасына асыққан қолда жазық жоқ, оны көрген менің көзім де кінәлі емес, сол сәттегі көкемнің титтей бір бақытқа дірілдей жеткенін қарап отырдым. Бір тал темекі шықты да, тұтанған беті көліктің ішін көк түтін қылды. Салдырлап келе жатқан көлік, түтінге оранған ішкі әлем, буланған терезе, оның сыртында «қолыңнан келсе, сатып ал» деген жап-жарық үйлердің шамдары, одан қалса, қасыңнан «әкең алып бере алмаған көлік осы ғой» деп зу ете шыққан иномаркалар... Соларға қарап, өзіндегі намысты бермей, мырс етіп отырған 31 жастағы жігіттің тиктогында «саған мотивация жетпей жатыр» деп ақыл айтып отырған мұрынбоқ біреу...

«Жұлдыз баса сал ә!» деп көкем мені үйдің қасынан тастап кетті. Бес жұлдызға жеткізіп бастым. Бүгінге істеген жақсылығым осы секілді көрінді. Үйге кірмей, бірер минут кідірдім. Бәсе, бәрі қайда кетіп қалды деп ем, міне енді жетті: санама келіп соғылатын менің ішкі «мендерім» ғой. Олар дәл осы сәтте мың қырық сұрақ қойып, сап-сау миыңды миғұла етеді. Бәріне жауап беруге міндетті адамдай, «өзі ғой», «қолымнан келмей жатыр», «тырысып жатырмын», «не істейін, өлейін бе?», «малмын иә»... деген сөздерді тіс ішінде ұстап, сыртқа жібермей, сайрағыш тілді таңдайға басып, күңкілдеп тұрмын. Күңкілдеп тұрғанда анау жақтағы жетінші қабаттан жанған үйдің жарығы: «көтіңді қысшы болды» деп маған арнайы жағылғандай сезім береді де, қайта өшеді. Сонымен бірге мен де өшемін. Сосын... Сосын, не болушы еді, үйге кіремін.

Қайырлы таң, тірілер!


Forward from: 🇰🇿 Dopmedia | спорт жаңалықтары
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Алға, Қазақстан! 🔥⚡️🇰🇿


🤔🤔🤔


Forward from: 🇰🇿 Dopmedia | спорт жаңалықтары
⚡️Көшпенділер ойындары қазақ пен қырғызға ғана керек пе?

Олимпиада қазақ пен өзбектің бәсекесі болды емес пе?

13 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми жабылу салтанаты өткен болатын.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасы 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медальмен көш бастады. 19 алтын, 21 күміс, 25 қоламен Қырғызстан екінші орында, Ресей спортшылары үштікті түйіндеді. Ал Өзбекстан мен Түркия құрамалары үздік бестік қатарынан көрінді.

Бұл жарыстың ең қызықты сәті – 12 қыркүйекте өткен көкпар бәсекесінде орын алды. Қырғыз-қазақ көкпаршыларының эль-классикосы тағы бір мәрте үлкен шуға ұласты. Әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсіп, тіпті бірін-бірі балағаттауға дейін барды. Ақырында көкпарды Қазақстан құрамасы жеңсе, көк бөріні Қырғызстан құрамасы өз қанжығасына байлады. 

Келесі Дүниежүзіліік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді. Осыған дейін 3 мәрте осы аймақта өткен ойындар тек қырғыз бен қазақтың көкпар бәсекесімен жанданған еді. Алдағы ойындарда да тек осы екі елдің сынға түскенін тамашалайтын секілдіміз.


Шешесі баққан Тоныкөк

Кеше ғана 3 жасқа келген ұлымды осы үш жыл ішінде бағып-қағып өсірген — анасы. Оған жеке алғыс айтқым келеді.

Алматыдан Астанаға көшіп келгелі тынымсыз еңбек етіп келемін. Өліп қалмау үшін емес, өмірді адам секілді сүру үшін осылай шештім.
таңда кетіп, түнде үйге ораламын. Осылай шапқылап жүрген кезде әйеліме, сосын балама қараймын. Алғаш қырқынан шыққанша қолымда өскен Тоныкөктің тез есейіп жатқанын көргенім болмаса, оның күнделікті үйде не істеп жатқанын байқамаймын. Бәрін көретін, ауыртпалығы мен жауапкершілігін арқалайтын сол анасы.

Түнде жұмыстан оралғанда сілесі қатып ұйықтап жатқанын көремін. «Тамақ қайда?» деп айтқың келеді, бірақ мен жұмыстың базарынан қайтсам, шешесі үй ішіндегі күйбең тірліктің базарынан шыға алмай жүр ғой…

«Неге қарамайсың?» деп айтқан кездерім болды. Сол кезде «сен неге қарамайсың?» деп екіленген әйелімді көрген жоқпын. Түсіндіруге тырысып, жайын айтатын. Қазір осындай келіншегімнің барына, осындай ұлдың анасы барына шүкір етіп, құдайға тәу етемін. Үгітіліп кетпей, үкілеген үмітке иек артып келе жатқан әйелдің дем беріп тұрғаны осы. Қай бір Марғұлан дейсіздер ол энергиясы бітпейтін. Артында осындай адамы бар.

Маған «бәрі туып жатыр, бәрі бағып отыр» дейтін әңгіме ұнамайды. Бәрі баға ма, туа ма менің шаруам жоқ. Тек бір кішкентай ғана тағдырдың іштегі екі үлкен тағдырға әсер еткенін көріп, жұрт айта беретін «бәрі сондай болған» дейтін сөздің ең әлсіз аргумент екенін ұқтым.

Ұлым, туған күніңмен!
Сен маған менің әкемнің мен үшін ӘКЕ деген атқа лайық болу үшін тер төккенін түсіндірдің. Мен де саған лайық болу үшін бәрін жасаймын.
Рақмет саған, жүрегімнің жартысы.


⚡️ВАКАНСИЯ

- Орыс тілінде спорт тақырыбында материал жазатын журналист іздеймін. Астана қаласы.




Былтыр Тоныкөкті балабақшаға бердік. Күзде. Шешесі үй жақтан іздеп жүріп, тек қазақша тәрбие беретін әрі ішкі жағдайы жақсы деген соң келістім. Барып көрдім. Ұнады. Бағасы 125 мың теңге. Өліп-тірілсем де сол ақшаны тауып беріп отырамын деп өзіме серт еттім. Таптым. Бірақ...
Бірақ 3 ай өткен соң келіншегім әдеттегідей “Тонның видеосы” деп жібере салған видеоны көрдім. Қаным басыма шапты. 7-8 кішкентай бүлдіршіндерді айналдыра отырғызып қойып, ортада жүзі қазақ апайым орысша ертегі оқып отыр. Ана балалардың ішінде 2-3 бала, соның қатарында менің ұлым да бар, не айтып жатқанын түсінбей, біресе желкелерін қасып, біресе бір-біріне қарап таңданып отыр. Әкімшілігіне қоңырау шалдым:
- Кешіріңіз, мен қазір бір видео алдым. Неге кішкентай балаларға орысша ертегі оқып отыр? - дедім.
- Бізде қазақша түсінбейтін балалар да бар, бәрі түсінетін болған соң солай оқып жатыр, - деді.
- Мен 125 мың теңгені “бәрі қазақша” деген үшін ғана төлеп отырмын, жай ма сіздердікі?
- Жоқ, оның үстіне ол орыс халық ертегісі ғой, орысша оқиды ғой, - деген кезде даусым қатты шықты білем:
- Әй, көке! Сіздің есіңіз дұрыс па? Сонда француз халық ертегісін француз тілінде оқисыздар ма? Мыналарыңыз тіпті басыну ғой, - деп едім. “Келесіде ескереміз” деп жауап берді де, телефонды қоя салды.
Жұмыстан шықтым да, балабақшаға барып, баламды алып кеттім. “Ақша қайтпайды” деп арсылдап тұр. “Ақшаны табам, бірақ ертең қазақша сөйлейтін бала таппай қалам” дедім де шығып кеттім.
Қазір басқа, тек қазақша оқытатын балабақшаға барып жүрміз. Бүгін заттарын алдық. “Әке” деп дүкеннің ішінде айғайлап жүр. Жаның кіреді.


Бірдеңені соңына дейін қазақша жасап шығу деген бізге арман болып тұр. Мынау енді 9 күннен кейін басталатын БЕСІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ" сайтындағы басты беттегі нұсқаулық. Өзгертер деп ойлаймын.


⚡️Telegram-да сақталған маңызды ақпаратты қорғап, оны жүктеп алыңыз, себебі кез келген сәтте АҚШ пен Амстердамдағы серверлерді тәркілеу басталуы мүмкін — Red Shield VPN жасаушысы Владислав Здольников.


⚡️Оян, қазақ!
Телеграмға қауіп төніп тұр!
Дуровқа әлем таласып жатыр, біз шетте қарап тұра алмаймыз! Аттан!
… десем тым пафос боп кетеді ә 😂


🇫🇷 Француздық BFMTV телесетьі Павел Дуров ордер шығарылғаннан кейін Франция мен Еуропаға бармағанын хабарлайды. Ол көбінесе Біріккен Араб Әмірліктерінде, бұрынғы КСРО елдерінде және Оңтүстік Америкада болған. Ле Бурже әуежайына келуінің себебі әлі де белгісіз.

Саяси ойын? Дуров ондай ақымақ емес шығар?!

20 last posts shown.