Шешесі баққан Тоныкөк
Кеше ғана 3 жасқа келген ұлымды осы үш жыл ішінде бағып-қағып өсірген — анасы. Оған жеке алғыс айтқым келеді.
Алматыдан Астанаға көшіп келгелі тынымсыз еңбек етіп келемін. Өліп қалмау үшін емес, өмірді адам секілді сүру үшін осылай шештім.
таңда кетіп, түнде үйге ораламын. Осылай шапқылап жүрген кезде әйеліме, сосын балама қараймын. Алғаш қырқынан шыққанша қолымда өскен Тоныкөктің тез есейіп жатқанын көргенім болмаса, оның күнделікті үйде не істеп жатқанын байқамаймын. Бәрін көретін, ауыртпалығы мен жауапкершілігін арқалайтын сол анасы.
Түнде жұмыстан оралғанда сілесі қатып ұйықтап жатқанын көремін. «Тамақ қайда?» деп айтқың келеді, бірақ мен жұмыстың базарынан қайтсам, шешесі үй ішіндегі күйбең тірліктің базарынан шыға алмай жүр ғой…
«Неге қарамайсың?» деп айтқан кездерім болды. Сол кезде «сен неге қарамайсың?» деп екіленген әйелімді көрген жоқпын. Түсіндіруге тырысып, жайын айтатын. Қазір осындай келіншегімнің барына, осындай ұлдың анасы барына шүкір етіп, құдайға тәу етемін. Үгітіліп кетпей, үкілеген үмітке иек артып келе жатқан әйелдің дем беріп тұрғаны осы. Қай бір Марғұлан дейсіздер ол энергиясы бітпейтін. Артында осындай адамы бар.
Маған «бәрі туып жатыр, бәрі бағып отыр» дейтін әңгіме ұнамайды. Бәрі баға ма, туа ма менің шаруам жоқ. Тек бір кішкентай ғана тағдырдың іштегі екі үлкен тағдырға әсер еткенін көріп, жұрт айта беретін «бәрі сондай болған» дейтін сөздің ең әлсіз аргумент екенін ұқтым.
Ұлым, туған күніңмен!
Сен маған менің әкемнің мен үшін ӘКЕ деген атқа лайық болу үшін тер төккенін түсіндірдің. Мен де саған лайық болу үшін бәрін жасаймын.
Рақмет саған, жүрегімнің жартысы.