Posts filter


Сөзбен жасалған жараның емі жоқ…

Мынандай бір өлең жолы бар:

جراحات السهام لها الالتئام
ولا يلتام ما جرح اللسان


Оқпен жараланғанның емі бар да,
Тілдің жарасына дауа жоқ


Ойланып, саралап сөйлеуді үйренейік!


Біз көп жағдайда Алланың ризық беруші деген сипатынан өзіміздің қалтамызға қаттырақ сеніп кететін сияқтымыз…

Сол себепті, қорқамыз, шектен тыс уайымдаймыз да Алланың өзі құлпын ашып қойған есіктерге кіруге батылымыз жетпей жүреді.

Ұлы сахаба Әли (Алла одан разы болсын):

"الناس من خوف الذل في
الذل"

“Адамдар қор болудан қорыққандықтан қор болып жүр”
дейді ғой…

Жаңа бастамалар, жаңа деңгей, жаңа бағыт
… бұның бәрі қорқынышты. Адамдар “позор болам, қолымнан келмейді, істей алмаймын” деп қорыққандықтан осындай әлжуаз хәлде жүр.

Мүмкін, қорқуды қойып, ісімізді толық басқаратын Аллаға шынайы тәуекел ететін уақыт келген шығар?!…


Отбасылық өмір - кім мықтыны анықтайтын алаң емес. Бәлки, бірігіп бақытты жанұя құратын байланыс.

Махаббатың беретін жемістерінің бірі - құрмет, яғни екіара құрметтің болуы.

Онсыз бақытты отбасыны іздеу - ақымақтық…


Сондықтан, ішті түземей, сырт келбет толық түзелмейді.

Мүмкін, сырт келбетке ғана көңіл бөлуді қою керек шығар… Алысқа бармайсыз


Негізінде Алланы еске алудағы, яғни зікір етудегі негізгі талап етілетін нәрсе - жүрек. Ал тіл - бар болғаны соған апаратын жол болып табылады.

Неге Алланы жүрекпен еске алу керек?

Мына хадисті бәріміз білеміз:
Адамның бойында бір тілім ет бар. Сол жақсарса, дене толықтайды жақсарады. Бұзылса, толықтай бұзылады

Яғни, жүректегі нәрсе сыртқа шығады. Іс-әрекет, амал және мәміле күйінде көрініс табады.

Содан да болар, ғалымдарымыз:

الظاهر عنوان الباطن
дейтін болған.
Яғни, “сырт келбет - ішкі жан дүниенің бейнесі
(Әрине, ішкі жан дүниесі толық жақсарған адманың сырт келбетін айтуда)


Ұсақталмайық, ағайын!

Ұлы сахаба Омар (Алла одан разы болсын):

Адамдар жайлы талқылау - дерт. Ал Аллаһ жайлы талқылау, оны зікір ету - ем” деген екен.

Тағы бір ұстазымыз былай деп айтатын:

Үлкен ақылдар (яғни үлкен ақыл иелері) адамдарды емес, ой-пікірді талқыласа, кішкентай ақылдар адамдарды талқылайды


Менімен әділ емессің…💔

Алла Тағала қудси хадисте былай дейді екен:

“Уа Адам баласы! Маған ынсаптылық танытпадың…
Сені ескеремін, ал сен болса, мені ұмытасың…
Сені шақырамын, сен менен өзгеге қашасың…
Сенен қайғы-қасіретті кетіремін, ал сен күнә жасауға әуессің…
Уа Адам баласы, ертең менің алдыма келгенде не деп жауап бересің?!…”
(Мадариж әс-сәликин)

📚Фадоиль әл-әзкар фи дау ал-Қуран уә әс-суннә
✏️ Шейх Юсуф Хаттар (Алла оны панасына алғай)


Умра жолдамасын ұтып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

https://www.instagram.com/reel/DDbdfpPA-BF/?igsh=MTdnYngwNnlsbGx0MA==


Тақи ад-Дин Абуль-Аббас (Алла оны рақымына алсын) айтады екен:

“Нағыз қамаудағы жан - жүрегін өз Раббысынан қамап қойған адам.
Және нағыз тұтқын - оны өз нәпсісі тұтқынға алған бейбақ”

(Әл-Уәбил ас-саиб)
📚Фадоиль әл-әзкар фи дау ал-Қуран уә әс-суннә
✏️ Шейх Юсуф Хаттар (Алла оны панасына алғай)




Forward from: Nurbol Rakhmatilla
Отбасы өмірі – дауылға ұшырауы мүмкін кемеге ұқсайды.
Егер дауылдарға ақылмен және сабырмен қарасаңыз, кеме аман қалады. Ал егер қырсықтық пен өркөкіректікпен жауап берсеңіз, кеме суға кетеді және мақсатыңызға жете алмайсыз.

©️Шейх Юсуф Хаттар
(Хафизаһулла)




Соңғы жазбаға амал етіп жіберейік игі жақсылар…

Бір бауырмызға шұғыл жәрдеміміз қажет


Ақыретте ақшаң күтіп алсын…

Садақа жайлы айтылған ғажап сөздерден:

“О дүниеге мал-мүлкіңді алып кете алмайсың. Алайда, ертең сол күні алдыңнан шығып күтіп алатындай әрекет ете аласың…”

📖 حياتنا بعد الموت…


Forward from: Школа Абу Ханифы (رحمه الله)
📝 Преподаватели шариата среди сестёр

Одной из проблем нашей общины является недостаток устазов по шариату среди сестёр в таких шариатских дисциплинах, как акыда, фикх и т.д. Многие сестры начинают учиться, но после брака оставляют обучение из-за занятости детьми и их воспитанием.

Я думаю, эту проблему можно решить, если сестры будут выходить замуж за толибов. В этом случае они смогут получать знания прямо дома. Многие толибы любят преподавать, и я уверен, что они с удовольствием будут обучать своих супруг. Так сестра получит квалифицированного консультанта по шариату, и ей не нужно будет обращаться за консультацией к постороннему мужчине. А умма, в свою очередь, получит хорошую устазу, способную обучать других.

#манхадж


Мын екі сипат бойымызда табылса, құрыдық дей беріңіз…

Ұлы сахаба - Әли (Алла одан разы болсын) ескертеді:

Сендер үшін ең қатты қорқатын екі нәрсе бар.
Үміттің үлкен болуы (яғни, әлі ұзақ өмір сүрем деген үміт) және нәпсі қалауына еру.

Себебі үміттің үлкен болуы - ақыретті ұмыттырса, нәпсі қалауына еру - ақиқаттан тосады


📖 ظاهرة ضعف الإيمان…


Сен қаласаң да, қаламасаң да келетін болашақ!

Луқман хәкім өз ұлына:

Сен өмірге келгеннен-ақ дүниені артыңда қалдырып, ақыретке қарай беттегенсің…
- деген екен.


Ең кемел ризық не?

Имам Шағроуи (Алла оны рақымына алсын) айтады екен:

Мал-мүлік - ризықтың ең төмені.
Денсаулық - ризықтың ең жоғары дәрежесі.
Бала-шағаның тура жолда, салиқалы болулары - ризықтың ең абзал түрі.
Ал Раббының разылығы - ең кемел ризық


Қазақ еліне + 1 керемет туынды!


Forward from: Nurbol Rakhmatilla
Құрметті Оқырмандар !
Сүйінші 🥳

ИСТИДРАЖ – Алланың тұзағы.

Аллаға шексіз мақтау мен мадақ болсын! Қасиетті Жұма күні алғашқы еңбегіміз – “Алланың Тұзағы және одан құтылу жолдары” атты кітабымыз оқырманға жол тартты.

Бұл кітапта адамның рухани әлеміне терең үңіліп, Алланың тұзағы деп аталатын сынақтардың сырын түсіндіру мен олардан құтылу жолдары ұсынылған. Көзге көрінбейтін, бірақ жүректі байлайтын сынақтар туралы нақты, түсінікті әрі әсерлі түрде баяндалады.

Өмірінің мәнін іздеген, рухани өсуге ұмтылған әрбір жанға арналған бұл еңбек Алланы тануға, Оның хикметін ұғынуға және тура жолдан таймауға бағыт береді.

🚚Тапсырыс беру үшін✅

Кітап саны шектеулі! Бүгін тапсырыс беріп, рухани әлеміңізді байытыңыз!

20 last posts shown.