Ұлттық Банк криптонарықты реттеу бойынша ұсынымдар әзірледі
Бұл туралы банктің ресми сайтында хабарланды.
Бұл жұмыс халықаралық тәжірибе мен нарықтағы заманауи үрдістерді ескере отырып, елдегі цифрлық активтерді реттеудің тиімді тәсілдерін әзірлеуге бағытталған.
Құжатта тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және елдегі цифрлық активтер индустриясының тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ете алатын теңгерімді реттеу жүйесін құру қажеттілігіне баса назар аударылды.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

“Зерттеуде Қазақстанның тәжірибесін талдау қамтылып, елдегі цифрлық активтер нарығының бірегей сын-қатерлері мен ерекшеліктері атап көрсетілді. Сондай-ақ, цифрлық қаржы активтерін дамыту және инновациялық технологияларды Қазақстанның цифрлық экономикасына ықпалдастыру шаралары ұсынылды”, — делінген таратылған ақпаратта.