📌 Эммануэль Макрон мерзімінен бұрын отставкаға кетпейтінін айтты
Франция басшысы 2027 жылы өкілеттігі аяқталмайынша президенттіктен кетпейтінін мәлімдеді. Күні кеше ол осылай деп француз халқына үндеу жасады.
Макрон үкіметтегі дағдарыс үшін жауапкершіліктің бір бөлігі оның мойнында екенінін жеткізді. Президент қызметінен кеткен Мишель Барньеге алғыс білдіріп, елдің сұранысына жауап беретін Үкімет құрылатынына уәде берді. Франция жаңа премьер-министрінің есімі алдағы күндері белгілі болмақ.
Естеріңізде болса, 4 желтоқсан күні Франция ұлттық жиналысы Мишель Барнье үкіметіне сенімсіздік вотумын қабылдады. Көп ұзамай министрлер кабинеті отставкаға кетуге мәжбүр болды. Барнье үкімет басында 90 күн ғана отырды.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

«Мен демократиялық жолмен бес жылға сайландым. Өзіме жүктелген міндеттерді мандатымның соңына дейін толығымен орындаймын», - деді.