Ербол Мырзабосынов: Кадр тапшылығы мен қаржыландыру мәселелерін шешу қажет
🇰🇿ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Кеңесте өңірлердегі спорттың дамуы мен жай-күйін айқындау үшін құрылған мониторингтік жұмыс тобының есебі тыңдалды.
Жиында спорт саласына мониторинг жасауды күшейту қажеттігі айтылды.

«Кадр тапшылығы мен қаржыландыру мәселелерін шешу қажет. Тізімге енбеген спорт түрлеріне қаржы бөлу, қаржылық ресурстарды тиімсіз пайдалану мәселесі де үнемі назарда болуға тиіс. Сондай-ақ спорттық мекемелер мен аймақтардың статистикалық деректерін жинақтау мен бақылауда да проблемалар бар. Мұны да бір ізге түсіру керек. Спорт саласындағы реформалар мен жаңа бастамаларды іске асыру үшін барлық тараптармен тығыз жұмыс істеуі маңызды», – деді Ербол Мырзабосынов.
Жиында спорт саласына мониторинг жасауды күшейту қажеттігі айтылды.