Қызылордадан халық көшіп жатқаны рас па?
Медиада Қызылорда облысындағы тұрғындар саны азайғаны не көшіп жатқаны жөнінде ақпарат жарияланып тұрады. Мысалы, Ratel.kz сайты биыл маусым айында Egemen.kz сайтына сілтеп “Қызылорда облысынан халық қашып жатыр” деген мақала жариялады. Қызығы, Egemen.kz сайты кейін мақалсын өшіріп тастаған. Осыған ұқсас мәндегі мәтін Іnbusiness.kz сайтында да жарияланды.
Үкім: Шындыққа жақын
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сенсек, 2023 жылы Қызылорда облысына 23 866 адам келіп, 30 566 адам кеткен. Яғни, кеткен адамдар саны 6 700-ге көп. Бірақ, жалпы тенденцияны көру үшін кейінгі 5 жылдың дерегіне қарадық: расымен 2019 жылдан бері облысқа келген халықтан көрі кеткен адамның саны көп.
Дегенмен медиадағы ақпарат бұрмаланған деуге де негіз бар. Халықтың көші-қоны статистикасына қарамастан, кейінгі 5 жылда облыс халқының саны 794 334 адамнан (2019 жылдың басында) 833 666 адамға өскен (2023 жылы басына).
Толығырақ🌐