Желіде пошта жәшігіне салынған уланған әтір туралы фейк тарай бастады
Мессенжерлерде пошта жәшігіне салып кететін уланған әтір туралы орыс тіліндегі ақпарат тарай бастады. Мәтінде: “әйгілі бренд иіссуларының шағын үлгілерін пошта жәшіктеріне салып кетеді. Жаңа жылдық акция ретінде. Оларды ашпаңыз да, иіскемеңіз де. Бірнеше рет дем тартқан соң арты өлімге әкеледі. Жақындарыңыз бен достарыңызға ескертіңіз“. Мәтінмен қатар сапасы өте нашар сурет де тарап жатыр. Factcheck.kz редакциясы ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.
Үкім: Фейк🚫
Мұндай ақпаратқа сенімді дереккөз жоқ. Осыған ұқасас хабарламаның алғашқы нұсқасы 2001 жылы пайда болып, содан кейін әлемнің түрлі елінде, түрлі тілде сәл өзгерген нұсқада тарай бастаған. Оның үстіне, бұған дейін жазғанымыздай, техникалық тұрғыда қарастырғанда да уланған иіссулар туралы оқиғалардың өзі күмәнді. Иіскеген кезде өлімге апаратын улардың түрі шектеулі, ал олардың әсерінің анық байқалатыны сонша, оны құқық қорғау органдарының байқамауы мүмкін емес.
Толығырақ🌐