Digital Dala


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Technologies


Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Remini AI: Суреттерді сөйлететін жасанды интеллект! 🤖

Трендегі Remini AI қосымшасын қолданып көрген шығарсыздар? Әдемі суреттер, иә? Осы жасанды интеллект жасаған туындылар жайлы не білеміз?

Remini AI – TikTok пен Instagram-да вирусқа айналған «фото күшейткіш» қосымшасы. Пайдаланушыларға кәсіби фотосессияны қажет етпей-ақ, небәрі 5 секунд ішінде бет әлпетіңізден жоғары сапалы сурет жасауды ұсынады. UGC (user-generated content) тәсіліне негізделгендіктен қосымша тез танымал болды.

💡 Қызықты факт

✔️ Remini AI жүктелушілер саны жағынан Threads-ты басып озды;
✔️ Оның технологиясы OpenAI мен Google DeepMind сияқты ірі жобалар қолданатын терең оқыту қағидаларына негізделген;
✔️ Қосымшаны тегін жүктеп алуға болады, бірақ мүмкіндіктердің толық жиынтығын пайдалану үшін жазылым қажет - аптасына $9,99 немесе жылына $79,99;
✔️ Айлық жүктелуі 17 млн-ға жеткен;
✔️ Бір айда 115 млн-ға жуық белсенді қолданушысы бар.

Remini AI секілді басқа қандай құралдарды пайдалануға болады?

Егер Remini AI сізге ұнаса немесе басқа салаларда AI құралдарын қолдануды ойласаңыз, міне, сіздің жұмыстағы өнімділігіңізді арттыратын танымал жасанды интеллект құралдары:

Түйіндеме жасау – Kickresume
Кез келген тапсырманы шешу – ChatGPT
Мәтін жазу – Writesonic
Кескін жасау – Midjourney
Код жазу – Replit
Видео жасау – Synthesia
Музыка жасау – Soundraw
TikTok бейнелерін жасау – Fliki
Аватар жасау – Starrytars
Презентация құру – Slides AI
Бейне өңдеу – Pictory
Жазбаларды қысқарту/қорытындылау – Wordtune

Remini AI – жаппай қолжетімділіктің арқасында AI біздің өмірімізге еніп жатқанын еске салатын қосымшалардың бірі, дегенмен, өз ерекшелігімізді жоғалтпайық 🫰

💬 Сіз Remini AI-ды қолданып көрдіңіз бе? Өз әсерлеріңізбен бөлісіңіз!

Дереккөз сілтемелері:
Bending Spoons
AppTractor
VNews
Coding Interview Resources

#жасанды_интеллект #ReminiAI #AI #AI_құралдары


Deep Learning курсы

🤖 Deep Learning деген не?

🌐 Deep Learning (терең оқыту) — бұл жасанды интеллекттің ең заманауи технологияларының бірі. Ол адам миының жұмысын күрделі процестерді модельдеуге мүмкіндік береді.

📚 Қалай жұмыс істейді?

Deep Learning жасанды нейрондық желілерді пайдаланады, олар үш негізгі бөліктен тұрады:

✔️ Кіріс деректер (Input): суреттер, мәтіндер, дыбыс немесе басқа да мәліметтер.

✔️ Жасырын процесстер: мұнда деректер талданып, күрделі заңдылықтарды (patterns) іздейді.

✔️ Шығыс (Output) нәтижелер: мысалы, суретті тану немесе мәтінді аудару: мысық па ит пе деген мысалды барлықтарыңыз білетін шығарсыздар?

💡 Қайда қолданылады?

1️⃣ Адамдарды және объектілерді тану

Камераларда, әлеуметтік желілерде және қауіпсіздік жүйелерінде пайдаланылады.

Мысалы:

Face ID: Apple құрылғыларында бет-жүзді тану арқылы құлыпты ашу.

Instagram: Deep Learning алгоритмдері суреттердегі объектілер мен адамның беттерін бөліп белгілейді.

2️⃣ Мәтіндерді өңдеу (NLP)

Автоматты аудармашылар, чат-боттар, дауыс көмекшілері.

Мысалы:

Google Translate: Күрделі мәтіндерді әртүрлі тілдерге аудару.

Siri немесе Google Assistant: Дауыс көмекшілері сіздің сұрақтарыңызды түсініп, тапсырмаларды орындайды.

3️⃣ Медицина

Науқастардың деректерін талдап, ауруларды анықтау.

Мысалы:

Рентген және МРТ талдау: AI қатерлі ісік сияқты ауруларды ерте анықтай алады (мысалы, IBM Watson Health).

COVID-19 диагностикасы: КТ суреттерін талдау арқылы коронавирус анықтап бастады.

Генетикалық зерттеулер: DeepMind компаниясының AlphaFold жүйесі ақуыздардың құрылымын болжау үшін қолданады.

4️⃣ Өздігінен жүретін көліктер

Жолдағы жағдайларды шынайы уақыт режимінде талдайтын технологиялар.

Мысалы:

Tesla: Deep Learning негізінде автопилот жүйелері жұмыс істейді.

Waymo: Google-дың өздігінен жүретін көліктерді дамыту жобасы, Калифорния штатында такси ретінде қазір қызмет етеді.

NVIDIA Drive: Жолдағы объектілерді танып және жүргізушіге көмектесу үшін жасалған платформа.

5️⃣ Ұсыныс жүйелері

Мысалы:

Netflix: Көрген фильмдеріңізге сүйене отырып, жаңа контент ұсынады.

Spotify: Сіз тыңдайтын әндерге байланысты плейлисттер жасайды (мысалы, "Discover Weekly").

Amazon: Сатып алған өнімдеріңізге байланысты ұқсас заттарды ұсынады.

🔍 Бұл неге маңызды?

Deep Learning бұрын мүмкін емес деп есептелген мәселелерді шешуге жол ашады. Күнделікті процестерді автоматтандырудан бастап, болашақ технологияларын дамытуға дейін — бұл сала өмірдің барлық салаларында жаңа мүмкіндіктер ашып жатыр.

Deep Learning туралы көбірек білгіңіз келе ме?

Пікірлеріңізбен бөлісіңіз немесе сұрақ қойыңыз, біз сізге көбірек ақпарат береміз! 🚀

Пост авторы: Ачилова Алина

#бағдар #deep_learning
https://t.me/digitaldala


Сәлем, оқырман!

Сүйінші жаңалығымыз бар, осы каналдың авторларының бірі 8 жылдан бері келе жатқан MIT-дің Deep Learning course-ін оффлайн өтуге алуға мүмкіндік алып, алдағы посттарда Deep Learning жайлы құнды ақпарат беретін болады.

#бағдар #deep_learning
https://t.me/digitaldala


Forward from: Kazakh in Cardiff (I was)
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
"Сәлем. Қалайсың, нестеп?"

ChatGPT енді адамдға диалогты өзі бастай алады. Тапсырма деген фича шығыпты. Мысалыға бір тақырып бойынша жаңалықтардың қорытындысын күн сайын осындай уақытта маған жіберіп тұр деп тапсырма қоясың. Өзі сосын жазып отырады.

Жаңа бір тіл немесе машық үйренгенге әдемі кететін сияқты. "Күн сайын маған ағылшынша жаңа 5 сөз үйретіп тұр, сөйлеммен мысал келтір, үй жұмысын бер" дегендей тапсырма бересің. Болды, тегін тренер


2025-ке кәсіби жоспар құрдыңыз ба?
Poll
  •   Иә
  •   Жоқ
  •   Жоспарлаудамын
34 votes


Сәлем, достар 🫰

2️⃣0️⃣2️⃣5️⃣-ке кәсіби салада жоспар қойып үлгердіңіздер ме?

Мәселен:

📈 мынандай тіл/фреймуорк/құрал үйренемін;

📈 Y салада білімімді Х деңгейге көтеремін;

📈 Leetcode-та күніне/аптасына Х есеп шығарамын;

📈 Х атты кәсіби кітап оқимын; т.с.с

Ендеше, осы жоспарларға Digital Dala-мен бірге жетейік❤️ Біздің ұжым жыл бойына бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтады ❤️

337 0 1 19 10

🌎 Компьютерлік желілер: Wi-Fi мен сымдардың сиқыры!

Сәлем, достар! 😎

Бүгін біз компьютерлік желілер әлеміне сүңгиміз. Егер сіздің Wi-Fi тек ас үйдің бір бұрышында ұстап, қалған жерде "жоқ болып кететінін" түсінбей жүрсеңіз, немесе "протокол деген полицияның документы емес па ед?" деп бас қатырсаңыз – сіз дұрыс жерге келдіңіз. 😊

🤔 Компьютерлік желі дегеніміз не?
Көз алдыңызға елестетіңіз: сізде смартфон, ноутбук, және сол өзі қайнап болмайтын "ақылды" шайнек бар. Осылардың бәрі бір-бірімен мәлімет алмасқысы келеді. Дәл осы кезде желі іске қосылады – ол гаджеттердің байланыс ортасы, бір-бірімен тіл табысуына көмектесетін құрал.

🌐 Неге желілерді түсіну маңызды?
1) Wi-Fi ұстамай қалса, бірден техподдержкаға қоңырау шалмай, өзіңіз шеше аласыз.
2) Интернет неге кейде YouTube-ті қиналмай ашады да, сурет жүктеуге минуттап кететінін түсінесіз.
3) Ең бастысы – кез келген отырыста: "Пинг деген не?" деп сұраса, еш қысылмай жауап бере аласыз!

Бұл посттарды оқу барысында не үйренеміз 🤔
— Компьютерлік желілердің негіздері. LAN мен WAN деген не және олардың бізге қатысы қандай?
— Интернет қалай жұмыс істейді: кабельдер, серверлер және "интернеттің ішкі асханасы".
— Wi-Fi-дің құпиялары. Көрші желісінің сигналы сіздікінен неге мықтырақ 🤔
— Қауіпсіздік: "Санжардың Wi-Fi-ы" сияқты атаулар қауіпсіз бе? (спойлер: жоқ). 🛡

Желі – бұл жай ғана кабельдер емес, ол сіздің үйіңіз бен әлемді байланыстыратын көпір. Алдағы жазбаларда бәрін қарапайым тілмен түсіндіреміз.

💬 Ал әзірге сізге сұрақ: компьютерлік желілер туралы не қызықтырады? Немесе, Wi-Fi-дың қызық оқиғалары болса, бөлісіңіз! 😊

Пост авторы: Нұрбол Молдабай

#бағдар #компьютерлік_желі #желі

https://t.me/digitaldala


Онлайн көрермендерге тікелей эфир👨‍💻


Forward from: Qazaq Tech Meetup
Достар,

Митап 3-қабатта болады

Сіздерді асыға күтеміз және кешікпей келуді сұраймыз🫶


Forward from: Qazaq Tech Meetup
☄️ Сәлем, достар!

Product Owner & Product Manager саласында дамуды қалайтын болсаңыз,
MOST IT Hub серіктестігінде ұйымдастырылған шарада білікті мамандарымен кездесіп, пайдалы байланыстар орнатыңыз! 👏

🎙 Спикерлер:

СЕРІКБОЛОВ ӘДІЛЕТ
💼 Product Owner, core payments BCC.KZ
🖇 “Жетістікті өлшеу және пайдаланушы тәжірибесін жақсарту”

ҚУАНЫШОВА АЙЖАН
💼 Product owner, Tele2, ex. Mycar.kz
🖇 “Бір фича мысалындағы Product
Discovery”

АУБАКИРОВ АЛМАЗ
💼 Senior Product Manager, Beeline BigData
🖇 “Продукт Менеджмент артефакттары
мен Data Driven тәсілі”

БЕКТЕМІР АҚТОЛҚЫН
💼 Product Manager, Home Credit Bank
🖇 “Ыңғайлы тіркелу процессі калай
Retention-ге әсерін береді”

БАҚТЫКЕРЕЙ ЕРҚАНАТ
💼 Product Manager, Amanat JSC
🖇 “Интеграция төңірегіндегі best practice және ондағы Product Manager-дің рөлі”


📅 30.11.2024 13:00 - 17:00
📍 Ходжанова көшесі 2/2, Most IT HUB
💵 Қатысу тегін!
📥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/hjJjroH5UszjHuL67

🔝 Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік!

☄️ Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
@qazaqtech


Forward from: Qazaq Tech Meetup
📣 Сәлем, IT мамандары

🔄 Қазақ тіліндегі IT митаптарымызды
Most IT HUB серіктестігімен бірге жалғастырамыз

Бұл жолы біз «Product Owner & Product Manager» тақырыбын тереңірек талқылаймыз. Егер сізді осы рөлдер қызықтырып жүрсе, қатысып, өз сұрақтарыңызды қойыңыз ⁉️

30 қараша, сағат 13:00-де Most IT HUB-та сіздерді күтеміз. Спикерлер жайлы ақпаратты жақында жариялаймыз 💃

🗓 30.11.2024 13:00 - 17:00
📍 Ходжанова көшесі 2/2, Most IT HUB
💵 Қатысу тегін!
✉️ Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/hjJjroH5UszjHuL67

🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік!

🔜 Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
@qazaqtech


Достар, киберқауіпсіздік айдарын жалғастырайық 🤓

Киберқауіпсіздік инженері деген кім?

Қауіпсіздік инженері (Security Engineer) – ұйымның қауіпсіздік саясатын жетілдіріп, кибершабуылдардан қорғау шараларын енгізетін маман. Күнделікті міндеттері шабуылдарға тұрақты бақылау жасауды, тәуекелдерді басқаруды және оқиғаларға жауап беруді қамтиды.

Міндеттеріне қысқаша тоқталсақ 💪:

Тәуекелді бағалау және басқару (Risk Assessment and Management)
✔️ Ұйымның жүйелері мен желілері тап болуы мүмкін қауіпсіздік тәуекелдерін (Risk) бағалайды. Олар осалдықтарды (vulnerabilities) анықтап, мүмкін қауіпсіздік оқиғаларының талдап, сол оқиғаларының мүмкін әсерін бағалайды.

Қауіпсіздік архитектурасының дизайны
✔️ Компанияның инфрақұрылымын, қолданбаларын және деректерін қорғайтын қауіпсіздік архитектурасын жобалайды, енгізеді және әрі қарай басқарды. Олар файерволдарды, шабуылды анықтау жүйелерін intrusion detection systems, шифрлау әдістері және кіруді басқару элементтері access controls сияқты қауіпсіздік технологияларын таңдайды және конфигурациялайды.

Incident Response and Forensics
✔️ Инженерлер инциденттерге жауап беруді жеңілдету үшін логтарды жинау және сақтау технологияларын жобалайды және енгізеді. Бұл жерде инженерлердің жұмысы SOC талдаушыларымен аралас өтеді. Олар оқиғалардың түпкі себептерін зерттейді, залалды анықтайды және болашақта осындай оқиғалардың алдын алу шараларын жүзеге асырады.

Қауіпсіздікті тексеру
✔️ Инженерлер ұйымның қорғанысындағы әлсіз жақтарды анықтау үшін тұрақты қауіпсіздікті бағалау сынақтарын жүргізеді. Бұған осалдықты сканерлеу және кодты шолу code review кіреді. Сондай-ақ тұрақты аудиттер арқылы салалық ережелер мен стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.

⁉️ Киберқауіпсіздік инженері болу үшін не және қандай техникалық дағдылары болу керек?

Киберқауіпсіздік негіздері. Киберқауіпсіздік құрылымдарымен (мысалы, NIST Cyber Security Framework, CIS Controls), стандарттармен және ережелерімен таныс болу керек.

➕ Қауіпсіздік архитектурасы. Киберқауіптерді азайту және деректердің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін желілерді қауіпсіз құру, жүйелерді және қолданбаларды қауіпсіз жобалауды білуіңіз қажет. Желілер, операциялық жүйелер (Windows, Linux), бұлттық платформалар (мысалы, AWS, Azure), дерекқорлар және веб-технологиялар туралы жақсы түсінік болу керек.

➕ Қауіпсіздік операциялары және инциденттермен жұмыс жасау. Қауіпсіздік инциденттері мен осалдықтарға мониторинг жасау, дер кезінде анықтау және оларға жауап беру. Ол үшін SIEM жүйелерімен, қауіп барлау платформаларымен жұмыс істей білу керек. Инциденттерді анықтау, талдау, оқшаулау, жою және қалпына келтіру процедураларында тәжірибе болғаны дұрыс.

➕ Қауіпсіздікті бағалау (Security Assessments). Ұйымның инфрақұрылымындағы әлсіз жақтарды анықтап жою үшін тәуекелдерді бағалауды және осалдықты сканерлеуді жүргізу білу қажет. Тәуекелдерді бағалау әдістемелерін, тәуекелдерді азайту стратегияларын және бизнеске әсер етуді Business impact талдауды білу керек.

➕ Identity and Access Management (IAM). Идентификация, аутентификация механизмдерін басқару және IAM шешімдерін конфигурациялап және басқара алу керек.

➕ Қауіпсіздік құралдары. SIEM платформаларымен (мысалы, Splunk, QRadar), осалдық сканерлерімен, компьютер/сервер қауіпсіздік шешімдерімен және шифрлау технологиялары сияқты қауіпсіздік құралдарымен жұмыс жасай білу керек.

➕ Файеруолл, шабуылды анықтау/алдын алу жүйелері (IDS/IPS), компьютерлер мен серверлерді қорғау, шифрлау және қауіпсіз аутентификация механизмдері сияқты қауіпсіздік құралдары мен технологияларын қолдану, конфигурациялап басқара білу керек.

Ал hard skills-тан бөлек, soft skills бойынша қарым-қатынас дағдылары және мәселелерді шешу қабілеттері болса онда сіздің кәсібилігіңізді көрсетеді.

Айдардың келесі бөлімінде Detection and Response Engineer (SOC Engneer/Security Analyst) туралы айтамыз.

Пост авторы: Mustafa Issabayev

#бағдар
#ақпараттық_қауіпсіздік

https://t.me/digitaldala


Сәлем, оқырман 👋

Алматы қаласында 25 қыркүйекте Яндекс мұражайы ашылғанын білесіз бе? 😉
Шағын ғана мұражай - цифрлық технологиялар эволюциясын көрсетеді. 📈

Командамен біз де мұражайға жол тарттық. Технологиялар тарихымен танысып, приставкалы ойындарда ойнап қайттық. Сонымен мұнда не бар ❓

✔️ Алғашқы приставкалы бейне ойындар эволюциясы: Бала кезіңізде ойнаған болсаңыз ностальгия сезінесіз. Сол жерде Sony PlayStation, Sega Mega Drive секілді приставкаларда ойнап көруге болады.

✔️ Компьютерлік модельдер эволюциясы: Commodore 64, ZX Spectrum, Atari 65XE, Macintosh Performa 630 IBM PC 300GL сынды және тағы да басқа алғашқы компьютер модельдері экспонат ретінде тұр. Сонымен қатар Apple компаниясының алғашқы компьютерлік продукцияларына жеке қатар бар.

✔️ Алиса виртуалды көмекшісі: Алисаны қазақ тілінде әңгімеге тартып қайттық. Қазақшасы біраз жақсырып қалыпты.

✔️ Яндекс Go тамақ тасушы роботы: Роботтың құрылымымен, жүйесімен танысуға болады.

✔️ Яндекс дүкені: Мұражайдан кәдесый сатып алуға болады. Яндекстің белгілері бар киімдер, төсбелгілер, ақылды үйге қажет технологиялар, аксессуар топтамалары сатылымда бар. Көп дүние қазақ тіліне ыңғайланған. 🔝

Шағын ғана мұражайдың алдағы уақытқа жоспарлары көп. Толығырақ білгіңіз келсе, баруға кеңес береміз. Ал біздің экскурсиямыз осында. 🔄

📎 Мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 11/1

🗓 Жұмыс уақыты: күн сайын 10.00-20.00 аралығы

https://t.me/digitaldala


📣 Сүйінші хабарландыру

Қазақстандағы 8-11 сынып оқушыларына арналған жасанды интеллект бойынша алғашқы олимпиада болмақ!

🖥 Форматы: Әр командада 3 адамға дейін қатысады.

🗓 Уақыты: Іріктеу кезеңі 10-шы қарашада онлайн форматта өтеді, ал негізгі кезең 24-ші қарашада РФММ-да өтеді.

Бұл бағдарламалау, математика және машиналық оқыту салаларында өз күшіңізді сынап көруге тамаша мүмкіндік. Сондықтан талапқа сай келетін іні-қарындастарыңыз болса, бағын сынауға таптырмас іс-шара!

📎 Толық ақпарат
📎 Telegram-дағы қауымдастық

Дереккөз


Жағдайларыңыз қалай, достар? 🫰

Қазір IT нарығында қазақ тілін үйренуге арналған қосымша жасалып жатқанын білесіз бе ⁉️

Жақында осы қосымша туралы естіп, қуанып, қолдау көрсетейік деп шештік 🥳

Қосымшаны осы уақытқа дейін, App Store-дан 3000-ға жуық адам жүктеген 🎉
Айта кетелік, команда бұл жетістікке жарнамасыз, тек органикалық жолмен жеткен 📈

Команданың алдағы уақыттағы жоспарлары 🙂
✔️ Жылдың соңына дейін Android платформасына қосымшаны шығару.
✔️ Сабақ контентін толықтай дұрыстап, деңгейлерге бөлу.
✔️ Маркетинг стратегиясын қолға алып, әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарнамалау.

Жобаны әрі қарай дамыту үшін команда iOS-әзірлеуші іздейді. Қазіргі уақытта жоба демеушісіз екенін ескерткен жөн. Сонымен қатар, егер сіз дизайнер, Android-әзірлеуші, контент жасаушы немесе басқа саланың маманы болсаңыз да өтінім қалдыра аласыздар 🖥

Иә, достар, тіліміздің мәртебесін сапалы жобалармен бірге көтерейік, сондықтан жаңа бастамаға әрбір қолдау маңызды ✉️

Қосымша туралы толығырақ білгіңіз келсе

Айтпақшы, қосымша Qpia деп аталады ✨


Ақпараттық кауіпсіздік мамандығы және оның негізгі бағыттары

Сонымен IT қауіпсіздік маманы деген кім ⁉️

IT қауіпсіздік маманы – компаниялар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерін қорғауға жауапты адам. Олар кибершабуылдарды болдырмау, деректерді шифрлау және жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі әдістер мен технологияларды қолданады. Ақпараттық қауіпсіздік – көп қырлы сала, оның әртүрлі бағыттары бар. Осы саладағы негізгі мамандардың бірнеше түріне тоқтала кетейік.

Бұл саланың негізгі бағыттар

✔️ Security Engineer: жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі технологиялар мен құралдарды пайдаланады. Олар корпоративтік желілер мен ақпараттық жүйелерге және басқа инфрақұрылым элементтерін қорғау рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын енгізеді.

✔️ Pentester (Пентестер немесе этикалық хакер): ұйымның қорғаныс жүйелерінің осал тұстарын табу үшін жүйелердің қауіпсіздігін тұрақты түрде тексеріп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Олардың мақсаты – кибершабуылшылар кіре алатын осалдықтарды бірінші анықтап, оларды түзету. Кибершабуылдардың алдын алу шараларын жасайды.

✔️ Detection and Response Engineer (SOC Engneer/Security Analyst): жүйеде қауіптерді анықтап, оларға жылдам жауап беру шараларын ұйымдастырады. Олар инциденттерге әрекет етумен қатар, шабуылдарды ерте анықтау құралдарын (SIEM, EDR) қолданады.

✔️ Information Security Manager (Ақпараттық қауіпсіздік менеджері): ұйымдағы ақпараттық қауіпсіздік саясатын құрастырып, оны жүзеге асыруға жауапты. Олар команда жұмысын үйлестіріп, қауіпсіздік стратегиясын жоспарлайды және қауіптерді басқаруға қатысады. Компания ішіндегі қауіпсіздік стандарттарын жасап, әр қызметкердің ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді. Киберқауіпсіздік ережелері бойынша тренингтер өткізіп, ұйым ішінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.

✔️ Cloud Security Engineer & DevSecOps Engineer: Бұл екі рөл қазіргі заманғы компаниялар үшін маңызды, себебі олардың көпшілігі бұлттық қызметтерді және DevOps процестерін қолданады. Cloud Security Engineer – бұлттық ортадағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін маман. Олар бұлтты қызметтерді (AWS, Azure, GCP) пайдаланып, деректердің қауіпсіздігін сақтайды. DevSecOps Engineer – DevOps процестеріне қауіпсіздік шараларын енгізетін маман. Қолданба жасаудағы автоматтандыру құралдары мен қауіпсіздік ережелерін бір уақытта қолданып, қауіпсіздікті бағдарламалау процесінің ажырамас бөлігі етеді.

✔️ Application Security Engineer: Қолданбаларды жасау кезінде олардың қауіпсіздігіне жауапты мамандар. Қосымшалардағы кодтарды талдап, осалдықтарын тауып, оларды жөндеу үшін жұмыс істейді.

Осы бағыттардың әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленгенімен, түптеп келгенде барлығының мақсаты бір – ұйымның мәліметтері мен жүйелерін кибершабуылдардан қорғау. Бұл мамандар әртүрлі құралдарды, әдістерді және технологияларды қолданып, ұйымдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бірлесе жұмыс істейді.

Айдардың келесі бөлімінде ақпараттық қауіпсіздік мамандарына қажетті негізгі дағдылар туралы айтамыз. 🧑‍💻

Оқығандарыңызға рахмет және пікір қалдыруды ұмытпаңыздар ✉️

Пост авторы: Mustafa Issabayev

#бағдар
#ақпараттық_қауіпсіздік

https://t.me/digitaldala


Сәлем, әлем 👋

Аздап демалып алған болсақ, посттар желісін жалғастырайық 🥵


Aitanova_Akerke_digitaldala_qazaqtech.pdf
11.2Mb
Otegaliyev_Assylkhan_digitaldala_qazaqtech.pdf
5.4Mb
Rakhim_Sabit_digitaldala_qazaqtech.pdf
3.9Mb
Adilkyzy_Zhanyl_digitaldala_qazaqtech.pdf
2.3Mb
Abdulla_Aigerim_digitaldala_qazaqtech.pdf
4.2Mb
Dimash_ Tassybekov_digitaldala_qazaqtech.pptx
489.1Kb
Cәлем, әлем 🫰

Сіздердің сұрауларыңызбен 12 қазан күні өткен митаптың презентациялары 🚀

Келесі митаптың қай бағытта болғанын қалайсыз? Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар 👏 Митап туралы фидбэкті төменге қалдырып кетіңіз 💌

@qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді IT-ды сапалы түрде қазақшаландыруға шақырамыз ❤️


Forward from: Qazaq Tech Meetup
Сәлем, достар 👋🏻

Бүгінгі митапты @digitaldala youtube арнасында тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

https://www.youtube.com/live/FrvsDdkJS1M?si=h3173ULuoa48y8u0

19 last posts shown.