қазіргі заманда біздің көңіліміз құлазып, әрнәрсеге шаршай беретініміз бар. кейде өмірдің мәнісін таппаймыз, кейде басқасын… мәнісін таба алмағасын басқасының не салмағы болсын?! “даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры” демекші, бұл мәселенің басы осы бір жерге келіп тіреліп тұр(пікір менікі).
мәнісін таба алмауымыз “тек өз пайдамызды ойлай бергеннен ба екен” деген ойға келемін. себебі, қанша қиындық көрсе де, өмірден баз кешпей, соңына дейін харакет қылған бабаларымыз, халық мүддесін өз мүдделерінен жоғары қойды емес пе? осы ниеттері үшін олардың еш сарқылмастай күші болды деп тон пішемін. көпті ойлағанға көптің күші, өзін ойлағанға көптің қарғысы келетіндей көрінеді. өзім-өзім деп қанша секірсең де, қоғам сол әрбір “өздерден” кұралады емес пе? сол өздер тек өзін ойлап “бұл ел - бұл түрімен әзір дамымайды” деп, тілге тиек етулері “қай сасқандары”?
осы бір жерде:
- Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ, - деген Мағжан Жұмабаев атамыздың өлең шумақтары еске түседі.
иә, оттың жалыны өзгеге әсер беру үшін, бір отынның тұтануы жеткіліксіз, бәлкім барлық отынның отқа оралуы әсерлі болмақ. ал, оның мәңгі лаулауы үшін кезекте өздерін отқа орауға дайын, келесі буынның болуы маңызды…
бұл жазбамен, осы қасиет өзімде бардай көріну емес. ел тарихына көз жүгіртіп, кей түйген түймектерді жазған кескінім.
менде сендей пендемін, сенде мендей пендесің. бойда жоқ болса да, ойға келгесін осында түртіп кеткенді жөн көрдім.