2024 жыл өзгерістер, жаңа көрсеткіштер мен мүмкіндіктер жылы болды, сондай-ақ осы жылы FlyArystan компаниясының құрылғанына бес жыл толуын атап өттік!
Компания үшін маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігінен өзіміздің жеке эксплуатациялық сертификатымызды алу болды. Бұл сертификат бізді Қазақстанның авиациялық талаптарына және халықаралық операциялық стандарттарға толық сәйкестігімізді растайды. Осы маңызды қадамның арқасында біз FS – IATA кодын алып, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап рейстерімізді осы жаңа кодпен орындай бастаймыз.
2024 жылы FlyArystan кезекті түрде көшбасшылығын растап, SkyTrax ұйымынан «Орталық Азия мен ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы» номинациясында екінші рет марапатқа ие болды. Бұл – біздің сапа мен қызмет деңгейіміздің әлемдік стандарттарға сәйкес келетінін көрсететін тағы бір сенімді белгі.
Сонымен қатар, осы жылы біз 15 миллионыншы жолаушымызды тасымалдадық. Ағымдағы жылы бізбен саяхаттаған ең кішкентай жолаушы – алғашқы ұшуы кезінде тек 11 күндік нәресте болды, ал ең тәжірибелі саяхатшы 97 жасқа толған қариямыз еді.
Бұл жылы біз үш ірі билеттер сатылымын ұйымдастырып, жолаушыларымызға ерекше науқандармен қуаныш сыйладық.
Инновациялық жобалар арасында Алматы халықаралық әуежайында BagJan қызметінің іске қосылуы ерекше атап өтуге тұрарлық. Бұл жүйе жолаушыларға тіркеу және жолжүкті тапсыру процесін әлдеқайда жылдам әрі ыңғайлы етті.
Сондай-ақ, YouTube арнасында Low-Cost Travel влогымызды бастау арқылы халықаралық бағыттарымыз – Баку, Үрімші, Ташкент және Кутаисиді жаңа қырынан таныстыруға мүмкіндік алдық. Ал подкасттарымызда пилоттарымыз қызықты оқиғаларымен бөлісті.
FlyArystan әлеуметтік бастамаларға да белсенді қатысып, Air Astana компаниясымен бірге Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендер жандарға гуманитарлық көмек пен еріктілерді жеткізуге атсалысты.
Экологиялық миссиясы аясында Абай облысында орманды қалпына келтірудің үшінші кезеңін аяқтадық. Күзде «Семей Орманы» ұйымымен бірге қарағай көшеттерін отырғыздық. Жалпы саны 1 325 000 көшет отырғызылып, 315 гектар аумақты қамтыды.
Медицина саласында да белсенділік таныта білдік, Астанадан Heart Center Foundation мамандарына Қазақстан аймақтарында жүрек ауруларын емдеу бойынша тәжірибе алмасу үшін билеттер ұсындық.
Сондай-ақ, «Территория Успеха» және «Наследие» қорларымен инклюзивті бастамалар бойынша серіктестікке жетіп, «Менің Арманым» қорымен бірлесе паллиативті көмек көрсеттік. Бұдан бөлек, Jüregımnıñ Jeñımpazy және Turkistan Marathon марафондарына қолдау көрсеттік.
Бұл барлық жетістіктер сіздердің – біздің жолаушыларымыздың, серіктестеріміздің және авиацияға деген сүйіспеншілігімізді бөлісетін барлық адамдардың қолдауының арқасында мүмкін болды. Біз сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сенім мен қолдау үшін ризамыз!
2025 жыл бізге жаңа биіктер мен жарқын саяхаттарды сыйласын! Жаңа жылдарыңызбен!