ASML акциялары 16,3%-ға арзандады
🇺🇸 Сейсенбі күні америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері 0,8 және 1,0%-ға құлдырады.
🔍 Кеше АҚШ акциялар нарығының құлдырауы негізінен локальді оқиға деп айтуға болады. Себебі ол макроэкономикалық тенденцияларға қарағанда жекелеген оқиғаларға байланысты өтті.
📉 Голландиялық ASML компаниясы (чипке арналған жабдықтар өндіретін ұйым) 3-тоқсанға арналған қаржы есебін жариялап, әлсіз көрсеткіштерге ие болды. Бұл компанияның акциялары төмендеп, өзімен бірге Nvidia сияқты чипмейкерлерді де құлдыратты, бұл индекс көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигізді. Кеше ASML акциялары 16,3%-ға, ал Nvidia 4,7%-ға төмендеді.
📈 Сонымен қатар, Нью-Йорк Федералды резерв банкі АҚШ-тағы инфляция болжамдарына қатысты есептерді жариялады, ол бойынша 3 және 5 жылдық инфляциялық болжамдар сәйкесінше 2,5% және 2,8%-дан 2,7% және 2,9%-ға дейін өсті.
🇨🇳 Қытай билігі ертең жаңа брифинг өткізуге дайындалып жатыр, онда экономиканы қолдау мен ынталандыру жайлы қосымша нақты мәліметтер беріледі. Сондай-ақ кеше NASDAQ Golden Dragon China индексі 6%-ға жуық төмендесе, бүгін CSI 300 индексі шамамен 0,2%-ға құлдырады.
🗳 Нарық сарапшылары 5 қарашадағы АҚШ президент сайлауына қарай құбылу күшейетінін болжап отыр. Кеше БАҚ Дональд Трамптың Қытайға тарифтерді арттыру және ФРЖ-ге президент әкімшілігінің ықпалын күшейту ниетін қайта көтергенін хабарлады.
🟢Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз.
#таңғышолу
Jusan Invest