Қорғаныс акциялары деген не?
Қорғаныс акциясы (defensive stocks) – бұл нарықтың ырқына көнбейтін, тұрақты кіріс әкелетін компаниялар акциясы. Мұндай ұйымдар әдетте тұтынушыларға қажетті өнімдер мен қызметтер ұсынады. Мысалы, азық-түлік, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызметтер сияқты секторлар осыған тізімге кіреді. Қорғаныс акциялары экономикалық рецессия немесе нарықтағы құлдырау кезінде де тұрақтылығын сақтай алады және үнемі дивидендтер төлеуге бейім келеді.
Қорғаныс акцияларына жататын негізгі салалар және компаниялар:
1.Тұтынушылық тауарлар: Procter & Gamble, Unilever, Coca-Cola, PepsiCo
2.Денсаулық сақтау: Johnson & Johnson, Pfizer, Merck & Co., Abbott Laboratories
3.Коммуналдық қызметтер: Duke Energy, NextEra Energy, Southern Company
4.Бөлшек сауда: Walmart, Costco, CVS Health
Неліктен қорғаныс акцияларына инвестиция құю керек?
💼 Портфельдің құбылмалылығын азайтады
Қорғаныс акциялары нарықтағы құбылмалылықты азайтып, экономикалық рецессия кезінде шығындардың алдын алуға көмектеседі. Олар тұрақты дивидендтер төлеп, нарық құлдырап жатқанда инвесторларға табыс әкеледі.
🌱 Инвестицияны енді бастағандар үшін тиімді
Тәжірибесі аз инвесторлар нарықтағы алғашқы қадамын қорғаныс акцияларын бастағаны дұрыс. Өйткені, оларда шығынға ұшырау қауіпі төмен. Олар капиталды сақтап қалуға көмектесіп, нарықпен танысуға мүмкіндік береді.
💵 Тұрақты табыс көзі
Қорғаныс акцияларының негізгі артықшылықтарының бірі – тұрақты дивидендтер төлеу. Бұқа да, аюлы нарықтарда да олар тұрақты табыс ағынын қамтамасыз ете алады.
Пандемия мысалы
2020 жылғы коронавирус пандемиясы қор нарығында құлдырау тудырды, бірақ қорғаныс акциялары инвесторлар үшін қауіпсіз аймаққа айналды. Мысалы, B&G Foods (BGS) тұрақты өнімдер шығарып, акциялары 2020 жылдың алғашқы жартысында 36%-ға өсті. Ал, American Airlines (AAL) сияқты циклдік акциялар пандемиядан қатты зардап шеккен болатын.
Jusan Invest