Netflix акциясы 5%-ға өсті
🇺🇸 Кеше америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері нөлге жуық деңгейде жабылды.
🏦 ЕОБ негізгі пайыздық мөлшерлемені 3,65%-дан 3,40%-ға дейін төмендетті, бұл қатарынан екінші рет және маусым айынан бері үшінші рет орын алып отыр. Сонымен қатар, реттеуші желтоқсанда тағы бір рет төмендетуді қарастырып отыр. Бұл туралы ЕОБ басшысы Кристин Лагард қорытынды баспасөз конференциясында айтқан болатын.
📊 Қыркүйек айында АҚШ-та бөлшек сауда көлемі 0,1%-дық тамыздағы өсімнен кейін 0,4%-ға өсті, ал автомобильдерді есептемегенде өсім 0,5%-ды құрады.
🏭 Өндіріс көлемі керісінше, 0,3%-ға төмендеді, ал тамыздағы өсім 0,8%-дан 0,3%-ға қайта қаралды. Филадельфия ФРБ өндірістік белсенділік индексі 1,7-ден 10,3-ке дейін өсті.
📉 Сонымен қатар, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға апта сайынғы өтініштер саны 260 мыңнан 241 мыңға дейін азайды.
🇯🇵🇨🇳 Жапония мен Қытай да бүгін таңертең өздерінің статистикалық мәліметтерін жариялады. Жапониядағы қыркүйек айындағы тұтыну бағалары индексі инфляцияның 3%-дан 2,5%-ға, ал базалық инфляцияның 2,8%-дан 2,4%-ға дейін төмендегенін көрсетті.
🇨🇳 Қытайдың жалпы ішкі өнімі үшінші тоқсанда 4,6%-ға өсті, бөлшек сауда 3,2%-ға, өнеркәсіп өндірісі 5,4%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 5,3%-дан 5,1%-ға төмендеді, бірақ жылжымайтын мүлік бағасы жылдық есеппен 5,8%-ға құлдырауды жалғастырды.
Постымыздың соңында корпоративтік жаңалықтар туралы айта кетейік, TSMC және Netflix компаниялары жақсы есеп беріп, олардың акциялары сәйкесінше 9,8% және 5%-ға өсті.
🟢Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз.
#таңғышолу
Jusan Invest