📱 Meta акциялары 13%-ға өсті
🇺🇸 Кеше S&P500 және NASDAQ индекстері 0,9 және 1,7%-ға құлдырағанымен, бүгін фьючестер қалыпты түрде өсіп жатыр.
👀 Апта басында АҚШ-та жұмыссыздық бойынша өтініштер туралы есеп жарияланды. Жаңа өтініштер саны 232 мыңды құрады және бұл болжамдармен сәйкес келді. Сондай-ақ, жұмыссыздық жәрдемақысын алатын америкалықтардың саны апта ішінде 1,859 миллионнан 1,863 миллионға өсті.
📈 Сонымен қатар, АҚШ-та өндірістік және қызмет көрсету салаларының PMI индекстері жарияланды. Өндірістік PMI 49,6-дан 48-ге дейін төмендеді, бұл сектордағы белсенділіктің азаюын білдіреді, ал қызмет көрсету саласындағы PMI 55-тен 55,2-ге дейін өсті, бұл қызмет көрсету саласының өсуін көрсетеді.
🏠Шілде айында АҚШ-та тұрғын үй нарығындағы сатылым 1,3%-ға өсті және бұл соңғы бес айдағы алғашқы өсім десек болады.
🇯🇵 Бүгін таңертен Жапонияның инфляция статистикасы жарияланды: жалпы инфляция 2,8% деңгейінде қалды, ал базалық инфляция 2,6%-дан 2,7%-ға дейін сәл өсті.
💬 Постымыздың соңында корпоратив жаңалықтарға көшсек, Meta акцияларының осы айда 13%-ға өсуі нарықта қызу талқыланып жатыр
Бұл басқа ірі технологиялық компаниялар акциясының өсуінен айтарлықтай ерекшеленеді.
🟢 Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз.
#таңғышолу
Jusan Invest