Қытай акцияларының өсуі тоқтады
🇺🇸 Кеше америкалық S&P500 және NASDAQ индекстері 0,2 және 0,1%-ға құлдырады.
Бейсенбі күні АҚШ Еңбек статистикалық бюросы қыркүйек айындағы тұтынушы бағаларының индексі (ТБИ) туралы негатив нәтижелер жариялады. Бұл есеп бойынша жалпы және негізгі инфляция сарапшылардың болжамынан жоғары болып шықты. Атап айтқанда, негізгі инфляция екінші ай қатарынан 0,3%-ға көтерілді.
📈 Сонымен қатар, жұмыссыздық бойынша өтініштер статистикасы дезинфляциялық нәтиже көрсетті, онда апталық көлемнің күрт өскені байқалды – 225 мыңнан 258 мыңға дейін.
Нәтижесінде, АҚШ қор нарығы, акциялар және облигациялар нөлдік деңгейде жабылды.
🇨🇳 Енді Аспан асты елінің жаңалықтарына көшсек, жексенбі күні Қытайдың статистика агенттігі қыркүйек айындағы ТБИ мен сауда деректерін жариялайды. Қазіргі уақытта қытайлық акциялардың өсуі тоқтады. Кеше NASDAQ Golden Dragon China индексі екі күндік күшті төмендеуінен кейін тек 0,3%-ға өсті.
🟢Инвесторлар үшін маңызды деректер мен басқа да оқиғаларды осы посттың астына коммент ретінде жариялаймыз.
#таңғышолу
Jusan Invest