«ҚЫС-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ
Қаражанбас кен орнында «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Сап түзеу жиынында «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Орынбек Тарғынов және азаматтық қорғау қызметі басшылығы жеке құрамның төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға дайындығын бақылап, арнайы техникаларды толық тексеруден өткізді.
Тактикалық оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 85 адам, 38 техника мен арнайы техника жұмылдырылды. Шарада қыскезінде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету үшін жанар-жағармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек, электр және дизель генераторлары, құм-қиыршық, тұз қоспаларының әзірлігі қадағаланды.
Өндіріс алаңында қауіпсіздіктің сақталуы бөлімшелердің дайындығына, олардың өзара байланысы және материалдық-техникалық базаның толыққанды жабдықталуына тікелей байланысты. Оқу-жаттығуы барысында Қаражанбастағы жедел қызметтердің қыс кезінде төтенше жағдайлармен күресуге және алдын алуға дайын екенін көрсетті.