Субстания
Сюжетке қисынмен жазылған оқиға деп қараудың қажеті жоқ бұл жерде. Бұл таза фильм-метафора, әлгі атышулы "Платформа" секілді — уақыты, оқиға орны, кейіпкерлер тарихы белгісіз шығарма.
Кейбір сәттері, атмосферасы, көтерген тақырыбы "The Neon Demon", "Under the Skin" картиналарын еске түсірді. Бұны да боди-хоррорға жатқыза аламыз. Айтпақшы, тым әсершіл, жүйкесі жұқа адамдар қарамай-ақ қойған дұрыс-ау.
Деми Мур — аса батыл, эксперименттен қорықпайтын нағыз әртіс екенін көрсетті. Осы фильм жетістігінің 80 пайызы осы актрисаның арқасы деп білемін.
Әттеген-айы тағы бар: финалын басқаша ойнатып, ойды басқа формамен жеткізуге болар еді ғой. Басы эстетикалық кадрларымен талғампаз көрермендерін баурап алып, соңы попкорн жеп қарайтын треш-хоррор болып кеткені өкінішті.