Киностан ️


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Кино және соның төңірегі: ойлар, рецензиялар, шолулар, т.б.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Земекистің "Here" фильмі

Бір ракурстан ғана түсірілген әдемі картина. Әлгі табиғи қорықтарға қойылған, сирек жануарларды бақылайтын статикалық камераны еске түсіреді.
Динозаврлар дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін. 1 орын, 1 үй. Бірнеше ұрпақ және бірнеше отбасы.
Қазақта өмірдің ұзақтығы туралы "қамшының сабындай" деген сипаттама бар ғой. Адамзат дәуірі мыңдаған жылдармен есептелсе де, адам өмірі қас-қағым екен. Ал адамның қалауы мен арманы көп, тіпті ғұмыры аздық етеді. Сондықтан ертең, келесі жылы деп ыңғайлы сәтті күтіп отырмай, арманыңды орындауға бүгін кірісу керек. Менің түйгенім осы.
Әсерлі, бірқалыпты, камералы, мейірімді, жылы картина.


1 желтоқсанды күнтізбеге белгілеп қоямыз. Сол күні Айсұлтан Сейітовтің "Қаш" этнохорроры цифрлық платформаларға шығады.


Forward from: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.

Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.

Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.

Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.

Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.

Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.

Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.

Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.


Дисклеймер / Disclaimer

Менің жүрегіме жол тапқан екі қыры: мини-сериал (ұзақ сериалдар жыныма тие бастады) және сюжет динамикасын зорлықпен үдетпей, байыппен баяндау. Альфонсо Куаронның бұл жұмысы: айтылған мен жазылғанның бәрі шындық емес, кінәрат тақпас бұрын екі тарапты да тыңдап ал деген ой тастайды. Флешбектер мен қазіргі желісін араластыра отырып, бір ізбен, ұстамдылықпен баяндалған тамаша детектив драма.


Осы мультфильмнен кейін ұқсас фильмдер тізімін жасағым келіп кетті. Кештеу шығар, бірақ сонда да шығарып қояйын.

1. Темір алып (Стальной гигант, 1999)
2. ВАЛЛ·И (2008)
3. Қайтпас қайсарлар (Город героев, 2014) - қазақша дубляжы бар
4. Бамблби (2018)
5. Тірі темір (Живая сталь, 2011)
6. Чаппи (Робот по имени Чаппи, 2015)
7. Мен, робот (Я, робот, 2004)
8. Екі жүз жасаған адам (Двухсотлетний человек, 1999)
9. Жасанды сана (Искусственный разум, 2001)

Бәрінің ортақ тақырыбы — роботтың эмоциясыз, тапсырма орындауға арналған күйден сүйе алатын, қамқор бола алатын деңгейге, адамға тән жақсы қылықтарға трансформациясы.

Тізімді толықтырушылар болса, ұсыныстарын комменттен күтем :)


DreamWorks анимациялық студиясының "Жабайы робот" мультфильмі қазақша дубляждалды деген соң барып көрдік. Тілінде калька көп, балаларға түсініксіздеу қылып аударылғандай көрінді. Диснейдің дубляжына жетіңкіремейді.
Бірақ ситуацияны сюжеті құтқарады. Эмоцияңның ең нәзік тіндерін тауып, басынан соңына дейін көңіліңді босатып, ана мен бала арасындағы махаббат, достық сезімдердің әсеріне баурап тастайды. Баламен отырып көруге міндетті мультфильм.


Қанағат Мұстафиннің "Қажымұқан" фильмі жақында прокатқа шығып еді ғой.
Бұл туралы бір факт айтып кетейін. "Қажымұқан" баяғыдан айтылып келе жатқан жоба. Қанағатпен жекелей сөйлескен адам ретінде айтарым: режиссер осы тұлға туралы фильм түсіруді бала кезінен армандап келе жатыр деуге болатын шығар. Қаржы болмады ма, басқа себептері бар ма - біраз кейінге шегеріліп келді.
Бір кездері (2010 жылдардың басы) жоба қолға алынуға шақ қалып, проба де өткен. Негізгі кандидаттардың бірі — Дәулет Әбдіғапаров деп аталды. Мына фото сол кезде жасалған.
Фильмді көрген жоқпын. Қанағат бұрыннан мақсат етіп жүрген ойларын іске асыра алған шығар деп үміттенемін (оқып отырсаң — сәлем!).


Субстания

Сюжетке қисынмен жазылған оқиға деп қараудың қажеті жоқ бұл жерде. Бұл таза фильм-метафора, әлгі атышулы "Платформа" секілді — уақыты, оқиға орны, кейіпкерлер тарихы белгісіз шығарма.
Кейбір сәттері, атмосферасы, көтерген тақырыбы "The Neon Demon", "Under the Skin" картиналарын еске түсірді. Бұны да боди-хоррорға жатқыза аламыз. Айтпақшы, тым әсершіл, жүйкесі жұқа адамдар қарамай-ақ қойған дұрыс-ау.
Деми Мур — аса батыл, эксперименттен қорықпайтын нағыз әртіс екенін көрсетті. Осы фильм жетістігінің 80 пайызы осы актрисаның арқасы деп білемін.
Әттеген-айы тағы бар: финалын басқаша ойнатып, ойды басқа формамен жеткізуге болар еді ғой. Басы эстетикалық кадрларымен талғампаз көрермендерін баурап алып, соңы попкорн жеп қарайтын треш-хоррор болып кеткені өкінішті.


Forward from: Qazaq Grammar | Қазақ тілі
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
~2 млн теңге жұмсап, “Ауатардың” бірінші маусымын (20 серия) аяқтадық. Қаражаттың бәрін көрермендер жинап берді.

Мультсериал дубляжының жаңартылған нұсқасына кәсіби актерлер қатысты (жоғарыдағы видео).

Аудармада сленг, диалект, ауызекі тілді қолданып, дубляждағы қазақ тілін жаңаша ұсынуға тырыстық.

“Ауатар” мультсериалы бірінші маусымының сапалы дубляжын көру үшін бізге демеуші болуыңыз қажет. Сізді телеграм чатқа қосамыз. Сол жерден барлық 20 сериясын көре аласыз.

Демеушілер чатына қосылу үшін мына реквизитке 10 000 тг донат жіберсеңіз болады:

карта kaspi: 4400 4302 6252 2920
Мақсат М.
карта halyq: 4405 6397 8949 7813
PayPal: audarmation@gmail.com

Чекті мына логинге жолдаңыз: @maksache.

❗️Жиналған қаражатты жобаны жалғастыруға жұмсаймыз. Сондықтан сіздің қолдауыңыз маңызды.


Бүгін Lost сериалының эфирге шыққанына 20 жыл толыпты. Бұл күн әлі есімде: мен 11 сыныпқа көшкен кезім, үлкен өмірге жоспар құрып, қиялдың әсерінен шыға алмай қалатын сәттер басталған шақ қой.
Фанаттар сайтында күн сайын отыратынмын, админдері Америкадағы түнгі эфирді күтеді, шыға салысымен жазып алып, 2-3 сағат ішінде дыбыстап немесе субтитр қойып жариялайды (Lostfilm дыбыстау студиясы осылай пайда болды). Таңертең жұмысқа келіп алып, жаңа серияны көріп тастамайынша жұмысқа кіріспейсің. Сериал аяқталғанда мен үйленген азамат болдым.
Мен қателесуім мүмкін, бірақ қазіргі сериаломания, танымалдығы жағынан киноны да басып озу тенденциясы дәуірі осы Lost-тан басталғандай көрінеді өзім үшін.


Локализаторлар алдап соқты. Меган Фокс түскен "Меган: К вашим услугам" фильмі әлгі — 2022 жылғы "M3GAN" картинасының жалғасы деп жүрмін ғой мен. Сөйтсем дубляж шеберлері екеуіне бірдей орысша атау беріп, сюжеті ұқсас болған соң прокатқа солай "ұрып" жіберіпті.
Біріншінің түпнұсқа атауы — M3GAN, екіншісі — Subservience (Бағыну). Ортақ тұстары — жасанды интеллектісі бар көмекші-роботтар, солармен қарым-қатынас және роботтардың бұйрықтар мен адами дүниетанымды өзінше қабылдауы.
Алайда көтерген мәселесінде айырмашылық бар. Бірінші фильм қуалап жүріп өлтіретін таза хоррор болса, екіншісі кішкене адамзат келешегіне үңіліп, нейрожелілер әкелуі мүмкін проблемаларға тоқталады.


Ұзынаяқ (орысша прокатта - Собиратель душ)

1 сериядан тұратын "Х файлдар" дейміз бе?

Себебі, басты кейіпкер — ФБР агенті. Сюжетте мистика бар.

Кейбір сыншылар жылдың үздік хорроры деп айдар тағыпты. Қояғойыңдар дедім. Күмән келтіргеннен емес, жай, биыл ешқандай хоррор көрген жоқпын, сондықтан салыстыратындай багажым жоқ, хе-хе :)

"Бөөө" деп кенеттен атып шығатын қорқынышты құбыжықтары жоқ хоррор. Негізгі желісі тылсымға толы өлімдерді тергеген агент төңірегінде өрбиді. Қанды оқиғаларға басты кейіпкердің (Майка Монро) де қатысы бар, сондықтан бұл істі соңына дейін жеткізу оған да керек.

Операторлық жұмыс — шик. Көп жерде кең бұрышты объектив қолданыпты, кей мизансценаларға бұл психикалық ауытқушылық атмосферасын бергендей ме, бірдеңе (ұқсас тәсіл Содерберг айфонмен түсірген Unsane картинасында қолданылды). Жарық пен түс өңдеген мамандарға да респект.

Сюжеті біраз адамға іш пыстырарлық көрінуі мүмкін. Сондықтан моралдық тұрғыдан дайындықпен кірісіп көруге кеңес беремін.

P.S. Зұлым рөлде Николас Кейдж


Ребел-Ридж

Бас жағы "Рэмбоны" еске түсіретін, бірақ кейіпкердің іс-әрекет мотиві өзгешелеу, "еті тірі" экшн. Соңғы жылдары елең еткізетін туынды ұсына алмай жүрген Нетфликс өз көрермендерін бір оятып алайын деген сияқты. Жұрт қызу талқылап жүр, әйтеуір.
Сәл созылыңқы демесең, бір комментші айтпақшы: "сыра-сухаримен көріп тастауға" әбден лайық фильм екен.
Негізгі тейктері: жемқор полиция, полицияның озбырлығы, әділдік, жақыныңа қамқор болу.


Йоргос Лантимостың "Мейірім түрлері" (Kinds of Kindness) картинасы жайында әу кетейін деп көптен бері оқталып жүргенмін, уақыт болмай жүр.
Меніңше, карьерасындағы ең сөлдісі осы фильм болды. Әрине өзім көрген жұмыстарының арасынан айтып отырмын.
Лантимостың бір ерекшелігі — ешқашан мораль оқымайды, ақ-қарасын ажыратпайды, бәрін көрерменнің азғын қиялы мен пайымына бере салады.
Артхаус пен попса астасып кеткен, оқиғасы үш түрлі, бірақ негізгі актерлері ортақ ғажап әлем.
P.S. Джесси Племонс супер әртіс!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Аяқталған оқиғаның малтасын езгеннен не шығады? Бірінші фильмде әдемі өлді ғой.
Біткен оқиғаның сәтті жаңғырғанына мысал болатын фильм менің есімде жоқ екен. Сіздің ше?


Forward from: Qazaq Grammar | Қазақ тілі
Қазақша дубляжды неліктен ДӘЛ ҚАЗІР қолдау маңызды және оны қалай қолдай аламыз?

"ОЙЖҰМБАҚ 2" ФИЛЬМІНІҢ ҚАЗАҚША ДУБЛЯЖЫНА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БАРУ КЕРЕК 🙌🙌🙌

470 0 1 29 15

"Азаматтық соғыс / Civil War" фильмінің басты кейіпкерлері — қандай оқиға болса да араласпай, сырттан бақылап, бәрін кадрға түсірумен ғана айналысатын әскери журналистар. Олардың ұстанымы: бейтарап болу, ешбір тараптың жағына шықпау, өз жұмысыңды ғана білу.

Фильмнің өзі де ешқандай мораль ұсынбайды, ешкімді ештеңеге үгіттемейді. Америка әр штаты өзіне қожа болып, бір-бірімен қырылып жатқан шақты сырттай ғана бақылайсың. Бұл жерде жау да, жақтас та жоқ. Кім жақсы, кім зұлым — ешкім айта алмайды.

Фильмнің минусы да осыдан шығатын сияқты ма? Көрермен ретінде біреуге жаның ашып, біреуді даттағың келіп тұрады. Бірақ фильм ондайға мұрша бермейді.

Картина әдемі, үрейлі (Қаңтар оқиғасы кезіндегі сезімдерің дежавю болады). Бірақ эмпатияңды түртетін сәттер жоқтың қасы.


"Роджер қоянға ор қазған кім? / Who Framed Roger Rabbit" фильмі есіңізде ме?
Енді Фархат Шәріповтың "Сказ о розовом зайце" фильмін еске алайық. Екеуінің де мотиві аяқтан шалу/лақтырып кету екенін ескерсек, Фархат әлгі фильмнен шабыт алған болуы мүмкін бе?
Жай, жаңа ғана келген ой. Үнемі мазалап жүр деп ойлап қалмаңыздар :)


Бишімбаев ісі әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық проблемасын, түрлі әділетсіздік объектісіне айналуын ашып берген сияқты көрінеді. Бірақ бұл проблема бұрыннан бар, ол жоқ жерден пайда болған нәрсе емес қой. Бұл туралы кинода да әуеліден көтеріліп жүр. Осы тұрғыда Жанна Исабаеваның жұмыстарын ерекше атар едім.

"Нағима" - жетімдіктің тауқіметімен қатар, ересектердің шеттетуі мен арбауына ұрынатын жас қыздардың тағдырын

"Аластатылғандар" - некесіз туған бала үшін төркіні теріс айналған әйелдің тағдырын,

"Света" - тұрмыс ауыртпалығына тап болған мүгедек әйелдің өмірін көрсетеді.

Бұл қатарға Шарипа Оразбаеваның "Мариям", Асқар Ұзабаевтың "Бақыт" әлеуметтік драмаларын қосуға болады.

Ал сіз тағы қандай картиналарды атар едіңіз? Мүмкін бәріміз бірігіп must-see тізім жасап көрерміз?

20 last posts shown.