Бүгін Lost сериалының эфирге шыққанына 20 жыл толыпты. Бұл күн әлі есімде: мен 11 сыныпқа көшкен кезім, үлкен өмірге жоспар құрып, қиялдың әсерінен шыға алмай қалатын сәттер басталған шақ қой.
Фанаттар сайтында күн сайын отыратынмын, админдері Америкадағы түнгі эфирді күтеді, шыға салысымен жазып алып, 2-3 сағат ішінде дыбыстап немесе субтитр қойып жариялайды (Lostfilm дыбыстау студиясы осылай пайда болды). Таңертең жұмысқа келіп алып, жаңа серияны көріп тастамайынша жұмысқа кіріспейсің. Сериал аяқталғанда мен үйленген азамат болдым.
Мен қателесуім мүмкін, бірақ қазіргі сериаломания, танымалдығы жағынан киноны да басып озу тенденциясы дәуірі осы Lost-тан басталғандай көрінеді өзім үшін.