📌Ғылыми кітапхананың №13 оқу залынан Заң факультетінің білім алушылары үшін «Болашақ прокурор» кеңістігі ашылды.
Жиынға университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А. Бейсенбай, заң факультетінің деканы Б. Сматлаев, бас прокуратураның кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары А. Ілияс, Астана қаласы прокуратурасының басқарма бастығы А. Аймағанова қатысты. Университет омбудсмені Н. Шапекова өзінің жүрек жарды тілегін өлеңмен жеткізді. Ғылыми кітапхана директоры Б. Оразалиев қазіргі құқықтық мәселелер өзекті болып тұрған кезеңде біз тек өз құқықығымызды біліп қана қоймай, сонымен бірге сот төрелігі жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіну де өте маңызды. «Болашақ прокурор» кеңістігі осы маңызды мамандыққа алғашқы қадамдар жасауға көмектеседі. Бұл құқық саласында жұмыс істеуді мақсат еткендер үшін және елдің құқықтық жүйесі туралы білімдерін тереңдеткісі келетіндер үшін құнды ресурс, деп қорытындылады.
📍Келген қонақтар мен университеттің білім алушылары арасында еркін сұрақ-жауап пен пікір алмасулар болды. Шара соңында келушілер атқарылып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдіріп, кітапхананың басшылығына алғыс айтты.
Біздің мақсатымыз жас ұрпаққа құқықтық сауаттылықты дамытуға және прокуратурада, адвокатурада немесе басқа да құқық қорғау органдарындағы қызметті мақсат еткен жастарға ізденіске мүмкіндік беріп, жағдай жасау. Кітапханаға келіп «Болашақ прокурор» кеңістігімен танысып, әділет әлемін ашыңыз!
#libraryenu #enu