Қуанып, күлімдейсің, шаттанасың,
Несі бақыт бармаса Хаққа басың?!
Алланың ала жібін аттаған соң,
Тәубесіз Тәңіріңнен ақталасың...
Жүзіңді әрлесең де нұры кеткен,
Қайтесің күндеріңді күліп өткен?!
Ұмыттың рухани жағдайыңды,
Байқамайсың жаныңды тілім еткен...
Шуақтасың өзіңше,
Зұлматтасың!
Алланы зікір етпей күн батқасын.
Ақыретке барғанда тік тұрмайды,
Сенің мынау бір тиын қымбат басың.
Өткінші күн, әлем де мәңгі еместік,
Өткіншімен өлердей әурелестік.
Адамның жасағанын заң қып алдық,
Алланың бұйырғанын жарғы емес қып...
Кім болып қалмақшысың тарихта сен,
Қалмаспысың, теңеліп зағипқа сен.
Ертең көркем естелік болу үшін,
Бүгіннен жаз тарихқа ғарипты әсем...
Қу дүние, фәни бұл пәлесі мол,
Ондағылар жинамас әлі есін ол.
Өткінші дүниенің құлы болмай,
Мәңгілік пейішіңнің әуесі бол...
Несі бақыт бармаса Хаққа басың?!
Алланың ала жібін аттаған соң,
Тәубесіз Тәңіріңнен ақталасың...
Жүзіңді әрлесең де нұры кеткен,
Қайтесің күндеріңді күліп өткен?!
Ұмыттың рухани жағдайыңды,
Байқамайсың жаныңды тілім еткен...
Шуақтасың өзіңше,
Зұлматтасың!
Алланы зікір етпей күн батқасын.
Ақыретке барғанда тік тұрмайды,
Сенің мынау бір тиын қымбат басың.
Өткінші күн, әлем де мәңгі еместік,
Өткіншімен өлердей әурелестік.
Адамның жасағанын заң қып алдық,
Алланың бұйырғанын жарғы емес қып...
Кім болып қалмақшысың тарихта сен,
Қалмаспысың, теңеліп зағипқа сен.
Ертең көркем естелік болу үшін,
Бүгіннен жаз тарихқа ғарипты әсем...
Қу дүние, фәни бұл пәлесі мол,
Ондағылар жинамас әлі есін ол.
Өткінші дүниенің құлы болмай,
Мәңгілік пейішіңнің әуесі бол...
🖋 Әуес Бекмұрат