Ашудан құтылуға бола ма ?
Алла Тағала Құранда: «Және ашуларын жеңе білетіндер»
“والكاظِمينَ الغَيْظَ"
деп айтты, бірақ «ашудан арылғандар» деп айтпады.
Бұл сөздің даналығы мынада: адамның табиғаты жараланған кезде ауырып, оны сезінбеуге үйрене алмайды. Алайда сабыр сақтап, сол ауыртпалықты көтеруді үйрену – мүмкін нәрсе. Дененің жарақаттан ауырсынуы қандай табиғи болса, жүректің ашуландыратын себептерден қиналуы да сондай табиғи. Ашуды толықтай жою мүмкін емес, бірақ оны басқарып, сабырлық танытуға және соған қарсы әрекет етуге болады. Ашудың табиғи нәтижесі кек алу мен жауап қайтаруды талап етеді, алайда бұл талаптарға ермей, оларға қарсы әрекет ету – адамның қолынан келеді.
©️Имам әл-Ғазали
(Рахимаһулла)