NIS


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


🌱«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ресми телеграм-каналы
🌱Официальный телеграм-канал «Назарбаев Интеллектуальные школы»

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter


🌱Дорогие друзья!

До конца года осталось совсем немного. Приближается момент, когда мы подведем итоги уходящего 2024 года и будем строить новые планы. Безусловно, в этом году для системы NIS произошло много значимых событий и ярких моментов! Мы будем делиться достигнутыми успехами, которые стали возможны благодаря нашим экспертам и сотрудникам департаментов организации. Отметим самые важные проекты для страны, которые реализовались в этом году.

Мы гордимся нашими выпускниками! И поэтому подведение итогов года начнем с общественного объединения Alumni NIS. Давайте вместе узнаем, какими достижениями порадовали наши выпускники в этом году.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🌱Құрметті достар!

Жылдың аяқталуына да аз уақыт қалды. Өтіп бара жатқан 2024 жылға баға беріп, жаңа жоспарлар құратын сәт те жақын. Әлбетте, биыл NIS жүйесі үшін маңызды оқиғалар мен жарқын сәттер көп болды! Сондықтан біз эксперттер мен ұйым қызметкерлерінің, әрбір департаменттің күш-жігері мен өлшеусіз еңбегінің арқасында қол жеткен жетістіктерімізбен бөлісуді жөн санадық. Жыл ішінде біз бағындырған белес көп, соның ішінде ең өзекті әрі еліміз үшін пайдасы тиген бірегей жобаларды атап өтеміз.

Біз әркез түлектерімізбен мақтанамыз! Әдеттегідей жыл қорытындысын Alumni NIS қоғамдық бірлестігінен бастауды жөн санадық. Жыл сайын қатары көбейетін түлектер биыл қандай жетістігімен қуантты, қоғамға тигізген пайдасын бірге білейік.


🌱Победа учеников NIS на конкурсе «Әбіш оқулары»

В городе Актау состоялся ежегодный республиканский научно-творческий конкурс «Әбіш оқулары». Команда учеников Назарбаев Интеллектуальных школ городов Туркестан, Уральск и Актау защищали честь NIS.

Ученица NIS Уральска Айша Байдат заняла первое место в направлении творческого исследования. Школьница представила проект на тему «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы көркемдегіш сөздерді тілдік қолданысқа енгізу» (на основе YouTube-канала «soyle.kz»).

По словам ученицы, через канал можно познакомиться с устойчивыми выражениями и оборотами, встречающимися в произведениях Абиша Кекилбаева, а также легко и интересно запомнить их. В качестве преимуществ контента Айша отметила использование нескольких методов для привлечения внимания зрителей и создания интереса к видеороликам. Это различные анимации, метод ассоциаций и создание искусственных потребностей.

– Цель моего проекта – популяризация индивидуального языкового стиля и лингвокультурных особенностей писателя Абиша Кекилбаева на основе YouTube-канала «soyle.kz». С помощью этого канала я хочу способствовать освоению выразительного языка великого писателя и внедрению его манеры речи в словарный запас учеников, – поделилась Айша.

Кроме того, ученики Назарбаев Интеллектуальных школ завоевали второе место в командном зачёте. Театральное выступление учеников NIS Туркестана принесло школе третье место, а иллюстрированный рисунок участников из Актау также занял третье место.




🌱NIS оқушылары «Әбіш оқулары» байқауында жеңіс тұғырынан көрінді

Ақтауда өткен «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері жүлделі орындар алды. Шығармашалық сайысқа Түркістан, Ақтау және Оралдағы NIS оқушыларынан құралған бір команда қатысты.

Конкурста Оралдағы Зияткерлік мектептің 10 сынып оқушысы Айша Байдат шығармашылық зерттеу жобалары бағытында І орынға ие болды. Ол «Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы көркемдегіш сөздерді тілдік қолданысқа енгізу» тақырыбында жобасын ұсынды. Жоба «Soyle.kz» YouTube каналына негізделіп әзірленді.

Айша өз жобасында Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тұрақты сөз тіркестері мен көркемдегіш құралдарын насихаттау мен кеңірек танысуға арналған арнайы канал ұсынды. Канал көрерменнің назарын аудару үшін әртүрлі анимациялар, ассоциациялар әдісі және жасанды қажеттіліктер тудыру тәсілдері қолданылған. Осылайша біртуар азаматтың шығармашылығын есте сақтау мен кеңінен насихаттауға болады.

– Жобамның мақсаты – жазушы Әбіш Кекілбаевтың жеке авторлық тілдік қолданысын, лингвомәдени ерекшеліктерін «Soyle.kz» YouTube каналы негізінде насихаттау. Осы канал арқылы абыз жазушының көркем тілін меңгеру, жазушының мәнерлі тілін оқушылардың сөз саптауына енгізгім келеді, – дейді Айша.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары командалық есепте ІІ орын иеленді. Қазылар Түркістандағы NIS оқушыларының театрлық қойылымы мен Ақтаудағы Зияткерлік мектеп оқушыларының иллюстрациялық суретін жоғары бағалады. Өнерпаздар ІІІ орынмен марапатталды.


🌱Казахстанские школьники заняли призовые места на мировом чемпионате по робототехнике

Завершился мировой этап чемпионата по робототехнике World Robot Olympiad – 2024 в Турции. Казахстанские команды стали призерами в двух категориях среди 3500 участников из 90 стран мира.

Ученики Интеллектуальной школы города Кызылорды Ернур Саду и Алдияр Аппаз заняли второе место в категории «Future Engineers», ученики NIS Талдыкоргана Инкар Курманбаева и Айым Бауыржановна заняли третье место в категории «Future Innovators Senior».

Также в категории «RoboSports» ученики NIS Семея Ильяс Махатов и Амир Берекенов вошли в топ-5, а ученики NIS Кызылорды Динмухаммед Абдиев и Максим Усольцев вошли в десятку лучших в категории «Robomission» и заняли седьмое место.

Кроме того, ученики Интеллектуальной школы города Талдыкорган Сержан Кадылбек и Акниет Молдакеримов были награждены в номинации «Technical solution award».

Стоит отметить, что в престижном конкурсе приняли участие 13 команд, представляющих нашу страну.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


🌱Қазақстандық оқушылар робототехникадан әлемдік олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінді

Бірнеше күннен бері Түркияда өтіп жатқан World Robot Olympiad – 2024 халықаралық олимпиадасы мәресіне жетті. Әлемнің 90 елінен 3500 жас инженер қатысқан додада Қазақстан намысын қорғаған командалар екі санат бойынша жүлдегер атанды.

Қызылордадағы Зияткерлік мектеп оқушылары Ернұр Сәду мен Алдияр Аппаз «Future Engineers» санатында ІІ орынды еншілесе,
Талдықорғандағы NIS шәкірттері Іңкәр Құрманбаева мен Айым Бауыржанқызы «Future Іnnovators Senior» санатында ІІІ орын алды.

Сондай-ақ «RoboSports» санатында Семейдегі NIS оқушылары Ілияс Махатов пен Амир Берекенов үздік 5-ке енді, ал Қызылорда NIS оқушылары Дінмұхаммед Әбдиев пен Максим Усольцев «Robomission» категориясында үздік ондыққа табан тіреп, ұпай сандары бойынша 7-орынға тұрақтады.

Бұдан бөлек Талдықорғандағы Зияткерлік мектептің оқушылары Сержан Қадылбек пен Ақниет Молдакеримов «Technical solution award» номинациясымен марапатталды.

Айта кетейік, беделді байқауға еліміздің атынан 13 команда қатысқан болатын.


🌱Учитель NIS Семей получил нагрудной знак «Қамқор жүрек»

В рамках торжественного мероприятия, посвященного 15-летию NIS физико-математического направления города Семей, педагог Асулан Какенов был награжден нагрудным знаком «Қамкор жүрек».

Асулан Толеуханович работает в NIS с 2009 года. Преподает казахский язык и литературу. Учитель-эксперт, возглавляет методическое объединение учителей казахского языка и литературы. Благодаря полученным знаниям его ученики неоднократно участвовали в различных соревнованиях, кроме того, педагог оказывает методическую поддержку своим коллегам.

Супруга Асем Какенова также внесла значительный вклад в сферу образования, работая в школе-лицее. Несмотря на большую нагрузку супруги вырастили трех дочерей и одного сына, дав им прекрасное воспитание и образование.
Несколько лет назад событие, связанное с рождением младшей дочери в семье, подтолкнуло к мысли об усыновлении ребенка.

– Шесть лет назад, после появления на свет нашей младшей дочери, моя жена Асем проявила заботу новорожденному мальчику, которого оставили родители. Судьба младенца, лишённого родительской любви с самого рождения, глубоко тронула нас. Именно тогда мы приняли решение об усыновлении, но сделать это не удалось, – поделился Асулан Какенов.

С тех пор супруги активно изучали и готовились к процессу. Через некоторое время семья усыновила семилетнего мальчика, а позже стало известно, что у него есть младшие сестра и брат. Оказалось, что их разлучили из-за возраста. Супруги ни на минуту не сомневались и приняли решение усыновить всех троих. Дети восприняли эту новость с радостью.

Управляющий директор АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы» Данияр Темиртасов от лица NIS вручил Асулану Какенову нагрудной знак «Қамкор жүрек».




🌱Семейдегі NIS мұғалімі «Қамқор жүрек» төсбелгісімен марапатталды

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 15 жылдық мерейтойы аясында педагог Асулан Кәкенов «Қамқор жүрек» төсбелгісімен марапатталды.

Асулан Төлеуханұлы NIS-те 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Мұғалім-сарапшы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді, сондай-ақ Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін басқарады. Тәжірибелі ұстаздың шәкірттері білім додаларына жиі қатысады. Мұнан бөлек, білікті педагог ұжымдастарына әдістемелік қолдау көрсетіп отырады.

Жұбайы Әсем Кәкенова да білім саласына үлесін қосып жүрген жан. Аса жауапты салада қызмет атқарып жүрсе де ерлі-зайыптылар 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.
Ал отбасында кіші қызының дүниеге келуі жұбайларды бала асырап алу туралы ойға қалдырады. Бұған перзентханада жаңа туған нәрестенің ешкімге керексіз, тастанды болуы себеп болыпты.

– Алты жыл бұрын кенже қызымыз дүниеге келгенде жұбайым Әсем тастанды ұл балаға қамқорлық көрсетеді. Бізді баланың тағдыры қатты алаңдатты. 3-4 күннің ішінде бауыр басып қалдық. Сосын оны асырап алайық деп шешім қабылдадық, бірақ бұл мүмкін болмады, – дейді Асулан Кәкенов.
Содан бері ерлі-зайыптылар бұл жағдайды зерттеп, бала асырап алу ісіне белсене кіріседі.

Біраз уақыттан кейін отбасы 7 жасар баланы асырап алады. Кейінірек оның қарындасы мен інісі бар екенін білген. Олардың жастарына байланысты бір-бірінен жырақта өскен. Осылайша ерлі-зайыптылар еш күмәнданбастан бір отбасының үш баласын асырап алуды ұйғарады. Ал балалар бұл жаңалықты қуанышпен қабылдапты.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мейірімін бөлген педагогке «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарушы директоры Данияр Теміртасов NIS атынан «Қамқор жүрек» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етіп, азаматтығы үшін алғысын білдірді.


🌱WRO – 2024: Вперед, Казахстан!

Сегодня в Измире завершился первый день соревнований WRO-2024. Юные робототехники со всего мира демонстрировали свои инженерные изобретения и соревновались по четырем направлениям.

Среди команд, защищающих честь Казахстана, есть и ученики Назарбаев Интеллектуальных школ.

Ученики NIS Семея Амир Берекенов и Ильяс Махатов уже с опытом демонстрируют свое изобретение в категории RoboSport. Ребята уже выиграли два матча из трех, и верят, что одержат победу.

Самые юные участники из Казахстана Алинур Ринатулы и Нурали Нуржан – ученики шестого класса NIS Талдыкоргана. Ребята продемонстрировали робота-уборщика «Scorpius». Проект по словам разработчиков предназначен для уборки бытового мусора на улицах города:

– Во всех городах на улицах много мусора, который становится центром распространения инфекций и вредителей. Но теперь на помощь коммунальным службам может прийти робот-уборщик. У него есть щетка, которая собирает мусор и контейнер, после он способен отвезти мусор в места сортировки.

В первый день участники не только представили свои разработки, но и смогли вдохновить друг друга новыми идеями.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


🌱WRO – 2024: Алға, Қазақстан!

Бүгін – World Robot Olympiad олимпиадасының алғашқы сайыс күні. Измирде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас инженерлер өз өнертабыстарын танытып, шеберліктерін дәлелдеуде.

Қазақстан намысын қорғап жатқан командалар арасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары да бар.

RoboSports санатында бақ сынаған Семейдегі NIS командасы алғашқы үш матчтың екеуінде үздік шықты. Команда мүшелері Ілияс Махатов пен Әмір Берекенов жеңіске үмітті.

Ал Future Innovators Elementary, яғни шығармашылық санатта өнер көрсеткен ең жас инженерлер – Талдықорғандағы NIS оқушылары Алинұр Ринатұлы мен Нұрали Нұржан ерекше жобамен көзге түсті. Олар қаланы қоқыстан тазалайтын робот-машина ойлап тапты.

– Қала көшелерінде қоқыс көп және бұл инфекция мен зиянкестердің ошағына айналуда. Бұл жағдай бізді қатты алаңдатады. Сондықтан біз қоқысты арнайы щеткамен жинап, контейнерге салып, сұрыптау орнына жеткізетін роботты ұсынып отырмыз. Біздің жоба коммуналдық қызметтерге үлкен көмек болатынына сенімдіміз, – дейді жас өнертапқыштар.

Халықаралық сайыста қатысушылар өз мүмкіндіктерін көрсетіп қана қоймай, жаңа достар тауып, тың идеяларымен бөлісуде.


🌱«Уникальность. Созидание. Процветание». Назарбаев Интеллектуальной школе города Семей – 15 лет!

В этом году Назарбаев Интеллектуальная школа города Семей отметила свое 15-летие.

В честь юбилея школы были организованы праздничный вечер, ярмарки, игры кочевников, творческие и спортивные состязания, образовательные встречи, литературные вечера и выставки.

– На протяжении 15 лет мы с честью выполняем миссию воспитания ответственного, сознательного и достойного поколения ради будущего нашей страны. Это, прежде всего, результат упорного труда наших учителей, – поздравил коллег директор школы Наркен Буркенов.

На сегодняшний день в NIS Семее обучается 796 учеников. За это время более 200 учащихся стали призёрами международных и республиканских олимпиад, а около 150 учеников показали высокие результаты в конкурсах научных проектов.

Назарбаев Интеллектуальная школа в городе Семей успешно прошла аккредитацию Council of International Schools в 2017 и 2023 годах, подтвердив соответствие мировым стандартам.

За 15 лет NIS Семей окончили 1169 выпускников. Из них 35% поступили в Назарбаев Университет, 55% – в другие ведущие вузы Казахстана, а 10% – в университеты США, Канады, Италии, Германии, Китая, Южной Кореи и других стран. Сегодня выпускники работают ведущими специалистами в таких важных сферах, как наука, медицина, экономика, образование и IT, внося свой вклад в развитие нашей страны.

Подробнее на официальном сайте nis.edu.kz.




🌱«Бірегейлік. Жасампаздық. Өркендеу». Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне – 15 жыл!

Биыл NIS жүйесіндегі тағы бір білім ұясы – Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне 15 жыл толды.

Мерейтой аясында мектепте мерекелік кешпен қатар жәрмеңкелер, көшпенділер ойындары, шығармашылық және спорттық сайыстар, танымдық кездесулер, әдеби кештер мен көрмелер өткізілді.

– 15 жыл бойы еліміздің жарқын болашағы үшін жауапты, саналы да парасатты ұрпақты тәрбиелеу миссиясын абыроймен атқарып келеміз. Бұл – ең алдымен, бірегей мектебіміздің және шығармашыл, жанашыр ұстаздарымыздың ерен еңбегінің нәтижесі деп білемін. Алдағы күндеріміз де табысты әрі жемісті болсын, – деп мектеп директоры Наркен Буркенов жылы лебізін білдірді.

Бүгінде Семейдегі NIS-те 796 шәкірт білім алады. Осы аралықта 200-ден астам оқушы халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері атанса, 150-ге жуық зияткер ғылыми жарыстарда үздік шыққан.

Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебі 2017 және 2023 жылдары Council of International Schools аккредитациясынан сәтті өтіп, өз қызметін әлемдік стандарттарға сай екенін дәлелдеді.

15 жыл ішінде Семейдегі NIS-ті 1169 түлек аяқтады. Олардың 35%-ы Назарбаев Университетіне, 55%-ы Қазақстанның өзге де жетекші жоғары оқу орындарына, ал 10%-ы АҚШ, Канада, Италия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің университеттеріне оқуға түсті. Бүгінде түлектер ғылым, медицина, экономика, білім беру және IT сияқты маңызды салаларда жетекші маман ретінде танылып, еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүр.

Толығырақ nis.edu.kz сайтынан оқи аласыз.

17 last posts shown.