🌱Семейдегі NIS мұғалімі «Қамқор жүрек» төсбелгісімен марапатталды
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 15 жылдық мерейтойы аясында педагог Асулан Кәкенов «Қамқор жүрек» төсбелгісімен марапатталды.
Асулан Төлеуханұлы NIS-те 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Мұғалім-сарапшы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді, сондай-ақ Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін басқарады. Тәжірибелі ұстаздың шәкірттері білім додаларына жиі қатысады. Мұнан бөлек, білікті педагог ұжымдастарына әдістемелік қолдау көрсетіп отырады.
Жұбайы Әсем Кәкенова да білім саласына үлесін қосып жүрген жан. Аса жауапты салада қызмет атқарып жүрсе де ерлі-зайыптылар 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.
Ал отбасында кіші қызының дүниеге келуі жұбайларды бала асырап алу туралы ойға қалдырады. Бұған перзентханада жаңа туған нәрестенің ешкімге керексіз, тастанды болуы себеп болыпты.
– Алты жыл бұрын кенже қызымыз дүниеге келгенде жұбайым Әсем тастанды ұл балаға қамқорлық көрсетеді. Бізді баланың тағдыры қатты алаңдатты. 3-4 күннің ішінде бауыр басып қалдық. Сосын оны асырап алайық деп шешім қабылдадық, бірақ бұл мүмкін болмады, – дейді Асулан Кәкенов.
Содан бері ерлі-зайыптылар бұл жағдайды зерттеп, бала асырап алу ісіне белсене кіріседі.
Біраз уақыттан кейін отбасы 7 жасар баланы асырап алады. Кейінірек оның қарындасы мен інісі бар екенін білген. Олардың жастарына байланысты бір-бірінен жырақта өскен. Осылайша ерлі-зайыптылар еш күмәнданбастан бір отбасының үш баласын асырап алуды ұйғарады. Ал балалар бұл жаңалықты қуанышпен қабылдапты.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мейірімін бөлген педагогке «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарушы директоры Данияр Теміртасов NIS атынан «Қамқор жүрек» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етіп, азаматтығы үшін алғысын білдірді.