OiTube💭 (ойтөбе)


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


“…ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек”

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Назарыңды " жоққа" емес, "барға" бұр, Алланың сен үшін жаратқан тамашаларын көр, жаныңдағы шын жанашырларыңды бағала және үйіңдегі кішкентай ғана дүниеге шүкір ет. Осыларға шынайы шүкір еткен адам- өте бай адам.

Өзіндегі барға қанағат қылмаған адам
ешқашан бай бола алмайды (екі мағынада)


Бір күні мен түсіндім…

Мені “қиын” санайтын кейбір жандармен сөйлесуге енді сабырым жетпейтінін,
Жағымсыз эмоция тудыратын адамдар мен ситуациялардан барынша өзімді аулақ ұстау керектігімді.
Ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейтінін,
Мен түсіндім, сөзге қарағанда әрекеттер өте маңызды екенін,
Егер адам бір рет құрмет пен сыйластықты жоғалтса, ара-қатынасты сақтап қалудың қиынға соғатынын,
Мен өмірімді қиюға дайын болған адамдардың бұл әрекетіме лайықты болмағанын,
Өмірімде дұрыс емес әрекеттер жасаған адамдармен енді ортақ ештеңе қаламайтынымды…

Бәрі жақсы болсын.
Бірақ менен алыс болсын…


признак духовного банкротства— это привязанность к людям

«ат-тарика аль-мухаммадийя»


Ашуланғанда мінезіңіз қандай, сол сіздің шын мінезіңіз.

Өзіңізді ашуланған, жыныңыз кеп тұрған ситуацияда бақылап көріңізші. Қандай әрекеттер жасайсыз? Бірдеңені сындырасыз, ұрасыз, ауыр сөздер айтып қоясыз немесе әйтеуір жағымсыз көрініс табуы мүмкін, солай ғой?

Мінезімізді жақсы деп ойлаймыз ғой, ашуланғанда біз кімбіз? Шынайы біз кімбіз? Ашумен жұмыстану керек бәрімізге..

2.7k 0 30 7 128

Тәкәппарлықтың кесірінен қаншама жылы сөздер айтылмай қалды, қанша адам бір-біріне “көп айтып қойды”, қаншасы бір-бірін ұрды, қанша жүректер қансырады, қанша жүректер қарайып кетті…Өмірде жолаушы екендігімізді ұмытып, мәңгілікке ұмтыламыз, жақынымызға жаттай болып, алыстан көмек күтеміз…

Асылында, бізге керектінің бәрі жанымызда еді…Бәрі қолымызда еді…Раббымыз берген еді бәрін…


Барлығы Оның рұқсатымен, бұйрығымен ғана. Қазір басыңда қиындықтар болып жатырса, бұл қиындықтарда саған һайыр болғаны ғой. Сондықтан, досым, ойлана бермей деміңді ал.🤍

Раббыңмен біргесің ғой, ештеңеден қорықпа. Жүрегіңе айт, тынышталсын..

4k 0 49 4 193

Үйінің төріндегі әйел қандай құнды.🤍

Сыртта ғана емес, өз үйінде бақытты бола алатын, үйін энергия мен ресурстың ошағы деп білетін әйел қандай қымбат. Олар өз үйінен безбейді, өз үйінде Аллаға жақындайды, ғибадат қылады, әдемі боп жүреді, әтірленеді, сүйікті отбасына, сүйікті балаларына, жарына дәмді ас дайындаумен рахаттанады. Әйел болу қандай ғажап еді🫂

3.6k 0 21 1 136

сілтемесі🙌🏻🤍




Достарым, күшті приложение таптым.🥰 Жүктеп алыңыздар да, рахаттаныңыздар!🙌🏻


Әр қиындықтың соңы болатыны секілді, “бітпейтіндей” көрінген көз жастарыңның бір күні соңғы тамшысы да тоқтайды. Алла Тағала көз жасыңды өзі құрғатып, жаныңа демеу болатын адамдарды, жағдайларды жібереді. Сен тек себептердің Раббысына тіке шық: жағдайыңды, мұқтаждығыңды айт, түсіндір. Жүрек үніңді жеткіз.

Адамдарға сеніп, күтіп отыра берме, олардың да әлсіз, қауқарсыз екенін ұмытпа.
Ренжіме, ренжітпе.

Сүй.


Аллаға жақын болғысы келетін құл-тақуалыққа жақын мінезді таңдайды.


Адамдарды ақтап, үнемі олар жайлы жақсы ойлап жүресіз бе? Ренжітіп алмауға тырысып, көңіліне қарайсыз ба? Онда сіз, кейбіреулер айтпақшы, “жертва” емессіз, керісінше, Раббыңызбен таңдаулы болған құлсыз.🫂🤍

Табиғи нәзік болған болмысыңызды нәпсәни, шайтани сезімдермен ластамай, ақ, аңғал күйіңізді сақтап жүргеніңізге көп рақмет.

Адамдардың сөзіне ермеңіз, “қатты бол, ақыңды берме” деген сөздеріне алданып, Раббыңыздан алыстап кетпеңіз. Сіз Раббыңызға жақын болсаңыз, ақыңызды ол Өзі қорғайды.


Бақыт деген осы емес пе?

Раббың үшін жаның қиылып, сөйлескің, сырласқың кеп тұруың…Намазыңды оқып болған соң, жасаған сәждеңді аз көріп, ең соңында тағы бір ұзақ сәжде жасауың…Көздеріңнен моншақ-моншақ жеңіл көз жастарының тамуы…Жайнамазда қалған білек, табан іздерін көруің…

Сен іздеген бақыт осы емес пе? Ендеше сен бақытты емессің бе? Сұрап алған намазыңның қадірін біл, бауырым.


Ситуацияларға өте жеңіл қарап, “Раббымның маған бергені, қалағаны ғой, мен қалай қарсы шығайын” деп тақуалықпен қабылдасаңыз, Алла сіз үшін бәрін жасайды. Бүкіл керек дүниені табаныңыздың астына тіреп қояды. Ол қадірлегенді қадірлейді.🤍

Сол үшін Раббыңыздың қадіріне жетіңіз, жақсы көріңіз басыңыздағы мұқтаждықты, сынақты.

3.7k 0 55 1 150

Қарапайым болыңыз.

Бүкіл әлемнің сынағы келіп, қарсы алдыңызда тұрса да, сынақтарға қарапайым болыңыз. Адамдарға қарапайым болыңыз. Құлшылықта қарапайым болыңыз.

Расында қарапайымдылық- бүкіл қиындықтың кілті. Раббыңыз үшін қарапайым, әдепті құл болсаңыз- Алла сіздің ішіңіз бен сыртыңызды бірдей әсемдеп қояды. Керек адамды Өзі жіберіп, сізге көмектестіреді, қызметіңізге жаратады.


Есіңде болсын, құлшылығың, намазың, зікірің- сенің барың, ең мықты көмекшілерің.

Құлшылығыңды, ғибадатыңды қалдырып, құнсыз дүниеден рахат іздеме. Бұл дүние өлген лақтың құнымен тең. Күн сайын Раббыңды сүй, ұлықта, кешірім тіле. Расында Раббың саған туған анаңнан да тым жақын. Ол сені қиянатқа қимайды…

3.3k 0 29 1 109

Бәрі сіз қалағандай болмайды.

Бәрі оңай әрі тез болмайды. Ойлағаныңыз іске аспай, мың шалынып, жүз құлауыңыз мүмкін. Жолдар тайғақ болуы мүмкін. Жақыныңыз жаттай көрініп, мұқтаж кезде жаныңыздан табылмауы да мүмкін.

Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: Алланың сынақтары кей кезде, ал мейірімі әрқашан.

Көбірек Раббыңызбен болыңыз, мақтаңыз, ұлықтаңыз. Ғибадаттарыңыздың қате-кемшілігін түзеп, рухыңыздың хәліне көңіл бөліңіз. Сонда жүректегі жарыңыз емделеді.

3.6k 0 41 1 127

Ақіретің үшін, намазың үшін, басыңдағы тәжің үшін ашуланудың машақаты ауыр болғанымен, ол машақат - рухыңа рахат сыйлайды.

Негізі шын мұсылман өзі үшін емес, Алла үшін, Ислам үшін ашуланады. Сол үшін дүнияуи сынақтарға ашуланып, адамдарға ренжи бермеңіз. Біреу сіздің намазыңызға қарсы боп жатыр ма? Орамалды шеш деп жатыр ма? Исламды жек көріп жатыр ма? Міне, проблема осы…Қалғанының бәрі ретімен.

Алдымен ақірет…

4.1k 0 16 1 127

Нағыз проблема- ол сенің дініңе, намазыңа, орамалыңа келген проблема. Дүнияуи сынақтарды дініңе келген проблемалармен салыстырма.

Қарызға кірсең-өтерсің,
Жұмыс таба алмай жүрсең-табарсың,
Шаршап жүрсең-емі табылар…Бірақ сенің Ислам деген әдемі дініңе келген сынақта шыр-пыр болуың керек…Өзіңді сынақтарға сата бермей, Аллаға деген ақ махаббатыңды сақтап қал…

20 last posts shown.