Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойы аясында ұлт мақтанышының атақонысы – Түркістан облысында аталып өткен «Тұрар және Түркістан идеясы» тақырыбындағы халықаралық конференциясында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған Құттықтау хаты оқылды.