Malik Otarbayev


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Forward from: Qazaqparat
Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған концертті тамашалады

✔️Мемлекет басшысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылығына арналған кешке барды.

✔️Концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ақынның «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Аяулым», «Домбыра туралы баллада», «Өкінбе сен», «Өмір-өзен», «Сағындым сағым жылдар», «Дос керек», «Сарыарқа» және тағы басқа өлеңдеріне жазылған, халық сүйіспеншілігіне бөленген әндер орындалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Жамбыл облысында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығы аталып өтті.


Forward from: ТРК Президента
🇰🇿🇭🇺Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

✉️✉️✉️✉️✉️✉️

– Отыз жыл бұрын Қазақстан өз елшілігін Мажарстанға жіберді. Бұл еліміздің Орталық Еуропадағы тұңғыш елшілігі болды

– Елдеріміздің экономикалық әлеуеті мол, оны толыққанды игеру өте маңызды. Сондықтан бұл сапарымның басты мақсаты – ынтымақтастығымызға жаңа серпін беру

Мажар елі – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық әріптесі. Бүгінгі берік саяси ынтымақтастық пен тығыз экономикалық байланыс – соның айқын дәлелі

– Алдағы меже – өзара алыс-берісті $1 млрдқа дейін арттыру. Біз Мажарстанға жалпы құны $700 млн болатын 95 тауар түрін жеткізуге дайынбыз

– Мажар компаниялары Қазақстандағы инвестициялық жобаларға қызығушылық танытып отыр. Елімізге 2005 жылдан бері $370 млн мажар инвестициясы тартылды.

– «UBM» холдингімен жем шығаратын үш зауыт салу туралы жобаға қол қойдық. Оның құны – $62 млн

– Бүгін «KTZh Express», «L.A.C. Holding» және «Xi'an Free Trade Port Construction and Operation» компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл – аймақтағы экономикалық қарым-қатынастың жарқын көрінісі.

– Азиядан Еуропаға құрлықпен тасымалданатын жүктің 85%-ы Қазақстан арқылы өтеді. Алдағы уақытта бұл бағытпен 10 млн тонна жүк жеткізілетін болады

– Биыл Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Мажар құрама командасы белсене қатысты. Қолдауларыңызға рақмет айтамын

– Мажар үкіметінің қолдауымен соңғы 10 жылда Қазақстан студенттеріне оқу гранттары бөлініп жатыр. Соның нәтижесінде бірнеше мың жастарымыз Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алды.

@ptrkkz


Forward from: ТРК Президента
📸Президент және Мажарстанда білім алып жатқан қазақстандық студенттер

@ptrkkz


Forward from: ТРК Президента
🇰🇿🇭🇺Мемлекет басшысы Мажарстан Президентімен кездесу үшін Шандор сарайына келді

📝Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокпен бірге суретке түсіп, Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

@ptrkkz


Forward from: ТРК Президента
🇰🇿🇭🇺Біздің Президентті ресми қарсы алу рәсімі өтті

⚛Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.

@ptrkkz


Forward from: PRO КАДРЫ KZ
Политолог Ассоль МИРМАНОВА высказалась о том, как заголовки СМИ приводят к искажению восприятия общественно-политической ситуации, усиливая чувство разочарования происходящим в стране, вызывая у аудитории негативные эмоциональные реакции👇https://www.caravan.kz/news/kak-klikbejtnye-zagolovki-vlijajut-na-zhizn-kazahstancev/

Подпишись на t.me/prokadrykz








«Орталық мемлекеттік архив» РММ директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбит Шілдебайдың «Қазақ АКСР мемлекеттік билік жүйесінің өкілдері» атты ғылыми анықтамалық жинақтың таныстырылымы өтті.
Отандық тарихты зерттеу бойынша тың деректер ұсынған кітаптың тарихшылар үшін таптырмас еңбек екені анық. «Қорытылған» тарихтың жазылуына жинақтың мол мүмкіндік беретініне сөз жоқ. Тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген беделді тарихшылар мен архив саласының белді қызметкерлері аталған еңбекке осындай жоғары баға берді.
Белгілі ғалым Сәбит Қамытбекұлы ұлттық тарих саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін және архив саласындағы тынымсыз еңбегі үшін төсбелгісімен қоса Президент Алғысымен марапатталды.


Forward from: FARABI UNIVERSITY
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📌 ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ИДЕЯСЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түркі халықтарының бірлігі үшін күрес жүргізген біртуар тұлға Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған «ХХІ ғасырдағы Түркістан идеясы» атты республикалық ғылыми конференция өтті.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/91969?lang=kz

📌 ТУРАР РЫСКУЛОВ И ИДЕЯ ЕДИНОГО ТУРКЕСТАНА

В Казахском национальном университете имени Аль-Фараби состоялась республиканская научная конференция «Идея единого Туркестана в XXI веке», посвященная 130-летию государственного и общественного деятеля, выдающегося борца за единство тюркских народов Турара Рыскулова.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/91969?lang=ru


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасында Франкфурт кітап жәрмеңкесіне арналған екі күндік семинар басталды.
Іс-шараның тақырыбы – «Баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджементі». Форумда кітап саласының жетекші сарапшылар мен мамандары баспагерлер мен авторларға қатысты мәселелерді талқылап, заманауи полиграфия мүмкіндіктерін саралады.

Пленарлық отырысқа ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебав, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті және бас директоры Юрген Боос қатысты.

​Семинардың негізгі мақсаты қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасу, кітап шығару саласындағы заманауи үрдістерді және авторлық құқықты басқарудың тиімді тәсілдерін талқылау.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Франкфурт Еуропаның кітап астанасы ретінде әлемдік кітап сататын орынға, кітап тарату орталығына айналып, баспаханалар мен баспалардың халықаралық ынтымағын кеңейте түсетінін айтты.

«Германияның федералды сыртқы істер министрлігінің және Франкфурт кітап жәрмеңкесінің демеушілігімен Орталық Азияда алғаш рет баспа ісінің өзекті мәселелеріне арналған екі күндік семинар басталды. Осы бастаманы қолдаған Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті және LITPROM Президенті Юрген Боос мырзаға арнайы алғыс айтқым келеді. Өйткені Франкфурт кітап жәрмеңкесінің Алматыға келуі – еліміздегі баспагерлер, авторлар және кітап сатушылар үшін ең үлкен, аса маңызды оқиға. Бұл семинардың еліміздегі осы сала мамандарына зор әсері болатыны анық»– деді М. Отарбаев.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі


Forward from: FARABI UNIVERSITY
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📌 ФРАНКФУРТ КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Фараби кітапханасында Франкфурт кітап жәрмеңкесіне арналған екікүндік семинар басталды.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/91966?lang=kz

📌 СЕМИНАР ФРАНКФУРТСКОЙ КНИЖНОЙ ЯРМАРКИ

В Библиотеке Фараби Казахского национального университета начался двухдневный семинар, посвященный Франкфуртской книжной ярмарке в Алматы.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/91966?lang=ru


Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде аталып өтті.
«ХХІ ғасырдағы «Түркістан идеясы» атты ғылыми-практикалық конференцияға белгілі тарихшылар, публицист жазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар мен «тұрартанушылар» қатысып, «Тұтас Түркістан идеясы» турасында баяндамалар жасалды.
Жиында Ел Президентінің ыстық ықыласы мен жылы лебізі жеткізілді.


Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойы аясында ұлт мақтанышының атақонысы – Түркістан облысында аталып өткен «Тұрар және Түркістан идеясы» тақырыбындағы халықаралық конференциясында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған Құттықтау хаты оқылды.


ТҮРКІСТАНДА АҚЫН БАҚЫТЖАН АЛДИЯРДЫҢ «АНАЛАРДЫҢ АНАСЫ» ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ

Түркістанда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Бақытжан Алдиярдың «Аналардың анасы» әдеби-сазды кеші өтті. Алдымен келушілер мерейтой иесіне арналған тақырыптық кітап көрмесін тамашалады.

Мазмұнды жиынды ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ашып беріп, ҚР Президентінің алғыс хаты мен төсбелгісін табыстады. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркі Мемлекеттері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет дарын иесінің шығармашылығына тоқталды.

Шара барысында кеш иесі туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Кешті ақын, ҚР Жазушылар одағының Астана қаласындағы өкілі Дәулеткерей Кәпұлы жүргізіп отырды. ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков ақынға арнауын айтты.

Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жарас Сәрсек, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы, ақын, мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс қаламгерге ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысы мен туған жері Қазығұрт ауданы әкімдіктерінің құттықтау хаты табысталып, ақынға құрмет көрсетілді.

Кешке елімізге белгілі әнші, композитор Роза Әлқожа арнайы қонақ болып, ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының көркем сөз үйірме оқушылары Бақытжан Алдиярдың өлеңдерін оқыды. «Жаңа леп» ұжымының өнерпаздары махаббат тақырыбындағы өлеңдерінен әдеби композициясы мен ел арасына кеңінен танылған «Ерке қыз» әнін орындады.

Айта кетейік, Бақытжан Алдияр 1974 жылы 20 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының «Тұрбат» ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді. Өлеңдері 3 жинаққа енген, 4 жеке кітабы бар. Көптеген халықаралық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері 2012 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі





19 last posts shown.