Qazaqparat


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


🌐 Күннің қорытындысы – қысқа да нұсқа

🔵Бурабайда IV Ұлттық құрылтай басталды
🔗Сілтеме

🔵Қазақстан тарихының жаңа көптомдығы биыл дайын болады
🔗Сілтеме

🔵Елімізде ерекше қорғалатын 6 табиғи аумақ құрылады
🔗Сілтеме

🔵Сенатор Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу тәртібін өзгертуді ұсынды
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz


🚩 Қазақстанда тегін ота кімдерге жасалады

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін ота: 

🫀Қазақстан Республикасының азаматтарына;
🫀Қандастарға;
🫀Тұруға ықтиярхаты бар адамдарға жасалады.

Көмек жоспарлы түрде де, күтпеген оқыс жағдайларда да көрсетіледі. Бір себептермен медициналық көмек көрсетілмесе немесе науқас медициналық көрсетілімдер бойынша жолдама ала алмаса, ол пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🈂️Ораза ұстау диета ма?

Қазір әлеуметтік желіден өзіне арнап ас мәзірін икемдеп алғандарды да көріп жүрміз. Тіпті Рамзаан айында тамақты аз жеп, спортпен шұғылданатындар да бар. Бұған диетологтар мен дін өкілдері не дейді?

📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🛰NASA ғарышкерлері SpaceX-тегі ақауға байланысты үйлеріне қайта алмай отыр

Барри Уилмор мен Суни Уильямс Халықаралық ғарыш стансасында бір апта болуды жоспарлаған, бірақ ғарыш кемесіндегі ақауларға байланысты олардың ғарышта болғанына тоғыз ай болды.

👩‍🚀 Екі астронавт ХҒС-қа Boeing компаниясының Starliner ғарыш кемесінің басқарылатын алғашқы сынақ ұшуы аясында өткен жылдың маусым айында келді, бірақ кемедегі ақаулар оларды орбитада қалуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Fox News. 

ℹ️ @qazaqparat_kz


🛩 Шымкент – Сеул жаңа бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Биыл 29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.

❤️ Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🏒 ҚХЛ: «Барыс» буллиттен «Адмиралды» жеңді

Қазақстандық «Барыс» 13 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді.

Елордалық команда бірқатар ойыншының жарақат алуына байланысты аталған кездесуге негізінен жастарды алып барды. Соған қарамастан олар ресейлік командаға лайықты қарсылық көрсетті.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🌷Қызғалдақ жұлсаңыз, қылмыстық іс қозғалады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты.

Оның атап өтуінше, қызлғалдық жұлу фактілері өткен жылы Алматы, Жетісу, Түркістан облыстарында байқалған. Бірақ, ол қызғалдақ жұлғандарға алдағы уақытта нақты қанша айыппұл салынатындығын айта алмайтындығын жасырмады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🇪🇺Мемлекет басшысы Халықаралық серіктестік жөніндегі еуропалық комиссар Йозеф Сикеланы қабылдады

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Одағының жоғары мәртебелі өкіліне ілтипат білдіре отырып, еліміз маңызды сыртқы экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде Ұйыммен жан-жақты стратегиялық ынтымақтастыққа басымдық беретінін айтты.

– Қазақстан Еуропа Одағының Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып қала береді. Cеріктестікті кеңейту және ынтымақтастық туралы келісім біздің көпжоспарлы өзара ықпалдастығымызды тереңдетудің берік негізін қалайды, – деді Мемлекет басшысы.


➤ Йозеф Сикела Еуропа Одағы аймаққа айрықша назар аударып отырғанын атап өтті.

– Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссар ретінде алғашқы сапарыма баса мән беремін. Орталық Азияның бес еліне келу жөнінде шешім қабылдауым бекер емес. Бұл – Еуропа Одағының Қазақстанмен және аймақтың басқа мемлекеттерімен анағұрлым терең әрі орнықты байланыс орнатуға ниетті екенін айқын көрсетеді, – деді еурокомиссар.


➤ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йозеф Сикела көлік дәліздерін, логистикалық инфрақұрылымды, орнықты энергетика мен цифрлық шешімдерді дамыту бойынша қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жаңа экономикалық жобаларға ден қоя отырып, екіжақты күн тәртібінің нақты мәселелерін талқылады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🌷Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері Наурыз мерекесін бірге тойлайды

Бұл туралы Қырғызстан президенті мәлімдеді, деп жазады Report.

«Біздің ортақ міндетіміз — халықтар арасындағы сенімді нығайту. Бұл бағыттағы маңызды қадам шекаралас аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Мұнда бірлескен мәдени шаралар ерекше рөл атқарады. Осы тұрғыда 31 наурызда Ходжентте өтетін Нооруз мерекесінің маңыздылығын атап өткім келеді. Шақыру үшін алғысымды білдіремін және қатысуымды растаймын», — деді Жапаров.


ℹ️ @qazaqparat_kz


☄️ҚМДБ мешітте балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасады

Түркістан облысында мешітте балаларға аяғын уқалатқан имам көпшіліктің ашуын келтірген еді. Бүгін ҚМДБ аталған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз», — делінген хабарламада.


ℹ️ @qazaqparat_kz


🗄 Ақтау әкімінің орынбасары бір күн жұмыс істеп, кетіп қалды

Әсет Шопанов наурыздың үші күні Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. Алайда шенеунік келесі күні-ақ жұмыстан шығып кеткен.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әсет Шопанов 4 наурыз күні қызметінен өз еркімен кеткен.


ℹ️ @qazaqparat_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️Бурабайда IV Ұлттық құрылтай басталды
 
Екі күнге жалғасатын жиында құрылтай мүшелері ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелерді талқыға салады.

Іс-шараның бірінші күнінде өтетін секциялардың тақырыптары:

▶ Азаматтық қоғам;
▶ Мәдениет. Өнер. Руханият;
▶ Білім және ғылым;
▶ Әлеуметтік-экономикалық даму.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Уақыт белдеуі. Алматы жаңа жұмыс кестесіне көше ме

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында тұрғындар тарапынан қолдау тауып, жұмыс кестесі 8:00–ден 17:30 дейін өзгертілді.  Сауда және интеграция министрлігі қажет болған жағдайда, осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндігі бар екенін жеткізген еді. 

❔Осыған байланысты Kazinform агенттігі Алматы әкімдігіне сауал жолдаған болатын.

«Жаңа жұмыс кестесіне көшу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», — деп жауап берді қала әкімдігі.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Мемлекет басшысы PresightAI компаниясының басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

➤ Кездесу барысында Қазақстанда өнімділігі жоғары есептеу, цифрлық трансформация және озық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

➤ Президент цифрлық инфрақұрылымды дамытудың маңызын атап өтіп, елімізде суперкомпьютер кластерінің негізін қалау стратегиялық мәнге ие екеніне тоқталды.

➤ Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа аталған жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

➤ Технологияны локализациялау және қазақстандық компанияларды бірлескен жобаларға тарту мәселелеріне айрықша назар аударылды. PresightAI басқарма төрағасы отандық IT-компаниялардың біліктілік деңгейін жоғары бағалады және олармен ұзақмерзімді серіктестік құруға қатысты ниетін растады.

➤ Астана әкімдігімен бірлесе атқарылатын Smart City жобасы талқыланды. Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын басқару ісіне жасанды интеллект шешімдерін пайдалануға қолдау білдірді. Атап айтқанда, AlemAI халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында қала қызметтерінің тиімділігін арттыратын ахуал орталығы құрылмақ.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық трансформациясына және технологиялық өрлеуіне септігін тигізетін негізгі бастамалар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екенін айтты.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Алматы әуежайындағы жағдай: полиция қызметтік тексеруді бастады

«Полиция қызметкерлері Алматы әуежайының өкілдерімен бірге оқиға орнындағы жағдайды жедел шешті. Шабуыл жасаған ер адам қызметкерге агрессия көрсеткенін ескере отырып, олар әуежай терминалында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы алгоритмге сәйкес әрекет етті», — деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.


Десе де, Көліктегі полиция департаменті аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Оның нәтижелеріне сәйкес, құқықтық баға берілетін болады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💻Банктер алаяқ құрбандарының шығынын өтеуге міндетті болуы мүмкін

Мұндай мүмкіндікті Ішкі істер министрлігі қарастырып жатыр.

«Екінші деңгейлі банктер мен ұялы байланыс операторларына олардың инфрақұрылымын пайдалана отырып жасалатын алаяқтық іс-қимылдар үшін зардап шеккен азаматтың шығындарын өтеу міндеттемесі бар ынтымақты жауапкершілік жүктеу бастамасы қарастырып жатыр», — делінген ведомствоның агенттік сауалына берген жауабында.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Елімізде адам ағзаларын саудалаумен айналысқан әйел Польшада ұсталды

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2017-2018 жылдары бұл қылмыстық топ Қазақстандағы медициналық мекемелерде заңсыз трансплантация операцияларын ұйымдастырған. Қылмыстық схемаға Израиль, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары тартылған. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, күдікті донорлар мен реципиенттерді қарсы алып, орналастыру, олардың медициналық тексерістен өтуін ұйымдастыру, шығындарын өтеу және құпиялылықты сақтау жұмыстарымен айналысқан. Сондай-ақ донорларға реципиенттермен туыстық байланыстары туралы жалған ақпаратты жаттатқызған. Қазіргі уақытта ұсталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🤰Қырғызстанда жасырын босануға рұқсат берілмекші

Болашақта жүкті әйелдер мемлекеттік медициналық ұйымдардарға барып, құжат көрсетпей-ақ көмекке жүгіне алады. Ана мен баланың денсаулығына қауіп төнбеуі үшін, бала қауіпсіз ортада дүниеге келуі үшін медициналық орталық анонимдік және құпиялылық шарттарда бүркеншік ат пен кодтық сөзді бере отырып, дербес деректерді сәйкестендіретін болады. 

Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

🔵2022 жылы – Ұлытауда;
🔵2023 жылы – Түркістанда;
🔵2024 жылы – Атырауда өтті.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Бүгін Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтеді

Бүгін Ұлттық құрылтай жұмыс секцияларының отырыстары басталады.

Екі күнге жоспарланған жиында мәдениет пен өнердің, азаматтық қоғамның, ғылым және білімнің дамуы талқыланады.

Құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытау, Түркістан, Атырауда ұйымдастырылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

20 last posts shown.